Astana Hub-қа Ресей Федерациясының делегациясы келді
Astana Hub технопаркіне Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Дмитрий Григоренко бастаған делегация ресми сапармен келді. Қонақтарды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қарсы алды.

Сапар аясында делегация Astana Hub қызметімен және Tomorrow School жасанды интеллект мектебінің құрылымымен танысты. Технопарк резиденттері қонақтарға өз жобаларын ұсынып, жетістіктерімен бөлісті.
Олардың қатарында:
- Sergek – интеллектуалды бейнебақылау және жол қозғалысын қадағалау жүйесі.
- Damumed – дәрігерлер мен пациенттерге арналған медициналық цифрлық қызмет ұсынатын қазақстандық жеке IT-компаниялар тобы.
- Beksar – жаһандық даму көзқарасы бар бизнесті автоматтандыру платформасы.
- Codiplay – балаларға арналған бағдарламалау мен робототехниканы ойын арқылы үйрететін платформа.
- Arlan Biotech – жасанды интеллект негізінде наноденелер әзірлеу технологиясы.
- Grand Mobile – шынайы рөлдік режимі бар мобильді ойын.
- Cybernet AI – бизнес-коммуникацияны автоматтандыруға арналған дауыстық ЖИ ассистенттерін әзірлеуші.
Сонымен қатар қонақтарға ЖИ саласындағы бірқатар бастамалар, оның ішінде биыл қазан айында ашылуы жоспарланған alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығының жобасы таныстырылды.
Қатысушылар ұсынылған технологияларға және Қазақстандағы IT-экожүйенің даму перспективаларына қызығушылық білдірді.
Пікірлер 4
Кіру пікір қалдыру үшін
Salmon Veek · Мамыр 7, 2025 10:27
THE BEST WAY TO RECOVER YOUR LOST FUNDS // CONTACT THE HACK ANGELS You can recover bitcoin and other cryptocurrency with the help of THE HACK ANGELS. Some people may be indebted but naturally you can. I was a victim of losing login to my Bitcoin wallet, at the end I became victorious. These people are amazing and extremely professional! I contacted them when I lost the login to my Bitcoin wallet. It took them 48 hours to recover my Bitcoin Wallet because I didn't have the complete information. They have assisted numerous clients in getting their bitcoin back, they are a team which specializes in recovering a wide range of digital assets including Ethereum, stable coins, and other various cryptocurrencies. I highly recommend their services to anyone out there. Email: support@thehackangels.com Website at www.thehackangels.com WhatsApp +1(520)200-2320 I hope this information reaches someone truly in need of it.
Маржангул Шабекен · Сәуір 16, 2025 13:32
молодец
Milan Gorislavets · Сәуір 11, 2025 14:36
ждем теперь с америки!
Бибигуль Кандарбекова · Сәуір 9, 2025 12:00
Информативно