Мағжан Мәдиев IT университеттің студенттерінің алдында сөз сөйледі
Технопарктін бас директоры Мағжан Мәдиев ашық дәріс аясында Astana IT University студенттеріне Astana Hub қызметі мен АТ-стартаптарды қолдау бағдарламалары туралы айтып берді.
Қазіргі уақытта Astana Hub резиденттері болып 574 IT-компания тіркелді. Үш жылдың ішінде стартаптар 166 млрд теңге көлемінде ақша тауып, 48,4 млрд теңге инвестиция, грант пен қарыз (займ) тартты. Салықтық жеңілдіктердің арқасында IT-компаниялар 14,9 млрд теңге үнемдеп алды.
2021 жылдың қыркүйегінде Astana Hub Tech Orda бағдарламасын іске асырды, бұл жоба 100 қазақстандыққа үздік бағдарламалау мектептерінде оқуға сомасы 600 000 теңгеге дейінгі квоталарға ие болуға мүмкіндік береді.
Seed Money бағдарламасын іске асыру шеңберінде өз өнімін дамытуға 5 стартап 20 млн теңгеге (47 мың АҚШ доллар) ие болды.
“Егер сіз жобаңыздың сәтті әрі табысты болуын қаласаңыз, оған беріліп, deep dive жұмыс жасау керек. Орта есеппен стартаптың сәтті болу ықтималдығы 1/300-ге тең. Егер сіз жобаңызды дамыту жұмыстарымен анда-санда бос уақытыңызда айналыссаңыз, ол ықтималдық одан әрі азая түседі”, - деп өз ойымен бөлісті Astana Hub бас директоры.
Сонымен қатар, Мағжан Мәдиев өзінің стартапты құру және дамыту тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, Kazakh Connection студенттер қауымдастығы мен Naimi.kz өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған маркетплейсі.
“Жетістіктерге жету үшін себептеріңізді көбейте беріп, қайраттылық қалаларды бағындыратынын ұмытпаңыздар”, - деді Мағжан Мәдиев.
Astana IT University – Орталық Азиядағы цифрлық трансформация саласындағы жетекші құзыреттілік орталығы, оның мақсаты пәнаралық технологияларға негізделген цифрлық экономика саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау және оқыту, зерттеу және табысты инновациялар арқылы цифрлық трансформацияны қамтамасыз ету.
Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін