Катар Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы елшісіне Astana Hub мүмкіндіктері таныстырылды

Технопаркта Катар Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румаихимен және елшіліктің екінші хатшысы Рашид Саад Әл-Муханнадимен өткен кездесу аясында катарлық Snoonu компаниясы мен Alem бағдарламалау мектебі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құрметті қонақтарға технопарк бағдарламалары таныстырылып, аумақ бойынша экскурсия өткізілді.


Snoonu - Astana Hub-тың R&D-лабораториясы, Катардағы ең жылдам дамып келе жатқан IT-стартаптардың бірі. Бұл қосымша - жеке тұлғаларға, үй бизнесіне және корпорацияларға жылдам жеткізу қызметтерінің бірі. Snoonu - ең жылдам дамып келе жатқан стартаптардың бірі. Катар халқының қажеттіліктерін ескере отырып құрылды пайда болған құрылғыдардың бірі, бірақ одан да көп қосымшаларды ұсыну үшін  Superapp платформасына айналдырмақшы.

Alem School - Astana Hub экожүйесінің қатысушысы, программалау мектебі. Бұл жерде оқу процесі оқушылардың бірлескен жұмысына, нақты мәселелерді шешуге және командалық жобаларды іске асыруына негізделген мектеп.Тегін білім беру және академиялық талаптардың болмауы мектепке әлеуетті оқушылардың шеңберін барынша арттыруға мүмкіндік береді.

  • Бұл серіктестік инновациялар енгізу арқылы білімге негізделген экономика құру бойынша Катар және Қазақстан елдердің көзқарасын қолдайды, - деді Snoonu компаниясының басшысы Hamad Mubark Al-Hajri мырза. - Аймақтық технологиялық ойыншы ретінде біз білім беру және таланттарды дамыту арқылы осы көзқарасты қолдай аламыз.

Меморандум болашақ тәжірибеден өтушілерге және Alem School оқушыларына Snoonu компаниясында жұмыс жасауға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар,бірлескен IT-жобаларды іске асыруға көмектеседі. 

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін