Іс-шаралар

🎤 Speaker Talk: IT компаниясының өсуін басқару(Іс-шара SS City компаниясымен бірлесіп өткізіледі)

event-thumbnail

IT-бизнесті бастау — бір бөлек, ал оны тұрақты түрде өсіру — мүлде басқа деңгей.

25 желтоқсанда өтетін Speaker Talk барысында IT компанияны қалай масштабтауға болатынын, команданы қалай дамыту керектігін және өсім кезеңіндегі маңызды шешімдерді талқылаймыз.

Негізгі спикер — Taiyr Daniyar, SS City компаниясының CEO-сы.
Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, IT бизнестің өсу жолындағы негізгі сабақтарын баяндайды.

Сонымен қатар кездесуге Investly Hub серіктес ретінде қатысады — бұл білім беру және акселерация платформасы, ол мектеп оқушыларына стартаптарын іске қосуға және дамытуға көмектеседі.

🔧 Қосымша:
Speaker Talk аясында Overtime FTC және Atomic Heart командалары FIRST Tech Challenge (FTC) бойынша қысқа интерактивті воркшоп өткізеді.
Қатысушылар FTC роботын көріп қана қоймай, оны өздері басқару мүмкіндігіне ие болады.

Бұл кездесу стартап негізін қалаушыларға, IT кәсіпкерлерге және бизнесін келесі деңгейге шығарғысы келетіндерге пайдалы болады.

📅 25 желтоқсан
⏰ 16:00
📍 Shymkent Hub (Север 66/2)

 

  • Ұйымдастырушы

    Автономный кластерный фонд «Астана Хаб»

  • Сала

    Басқа

  • Формат

    Оффлайн

  • Регион

    Шымкент

  • Мекенжай

    Shymkent Hub(Cевер 66/2)

  • Басталу күні

    Жел. 25, 2025 16:00

  • Аяқталу күні

    Жел. 25, 2025 18:00