Astanahub Logo

Astana Hub-пен бірге
әлемдік нарыққа жол ашыңыз

Өтініш беру

.

Сіздің жаһандық өсуіңізді қолдау үшін

Astana Hub-та біз стартаптарға қажет құралдар мен жаһандық мүмкіндіктерді ұсынып, олардың өсуіне күш беруге ұмтыламыз. Біздің басты миссиямыз — келесі үлкен табыс тарихын қолдау және бағалануы $1 миллиардқа жететін алғашқы қазақстандық компанияның құрылуына жол ашу.

Big Tech іс-шаралар

Халықаралық технологиялық форумдарға қатысып, стартапыңды жаһандық сахнада таныт — Орталық Азияның инновациялық үні бол!

Инвест күндер

Біздің тұрақты іс-шараларымызда халықаралық венчурлік инвесторлар алдында жобаңды таныстырып, жаһандық өсугe жол аш!

Сыртқы нарықтарға шығу

Бүкіл әлем бойынша серіктес хабтардың көмегімен халықаралық аренада алғашқы қадамдарды жасаңыз.

Кездесулерге қосылыңыз

Технопаркке келетін халықаралық делегациялармен кездесулерде бірінші болыңыз, серіктестер табыңыз және байланыс желісін кеңейтіңіз.

.

Жаһандық мақсаттармен бізбен бөлісіңіз

Сіздің өсу жоспарларыңызбен бөлісу — халықаралық деңгейде масштабтауға дайын стартаптарға арнап дәл әрі тиімді қолдау тетіктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл бізге сіздің мақсаттарыңызды, басым нарықтарыңызды және даму басымдықтарыңызды тереңірек түсінуге, сондай-ақ сізді лайықты мүмкіндіктермен, серіктестермен және бағдарламалармен байланыстыруға жол ашады.

  • 🌍 Қай нарықтарды көздеп отырсыз?
  • 🎤 Қандай халықаралық форумдар сізді қызықтырады?
  • Жоғары деңгейлі делегациялар алдында питч жасауға дайынсыз ба?
  • 💡 Сізге қандай инвестиция немесе сарапшылық қолдау қажет?
Форманы толтыру

.

Халықаралықсеріктестің хабтар

Silkroad Innovation Hub

Пало Альто, АҚШ

Кремний алқабында орналасқан бірінші серіктестік хаб сіздерге арнайы бағдарламалар, іс-шаралар және жаңа нарыққа бейімделуге көмектесу бағдарламаларын ұсцнцп, сізді инвесторлармен, тәлімгерлермен және масштабтау желісімен байланыстырады.

Веб-сайтқа өту

Eurasian Startup Hub

Лондон, Ұлыбритания

Қарқынды дамып жатқан фаундерлер қауымдастығы арқылы Ұлыбритания мен ЕО нарығына қадам басыңыз. Осында сізге жаһандық жолыңызды жеделдетуге көмектесетін қуатты нетворкинг, негізін қалаушыларға арналған іс-шаралар және серіктестік бағдарламалары қолжетімді болады.

Веб-сайтқа өту

Tumar Innovation Hub

Dubai, UAE

Дубайдағы қаласындағы инновациялар орталығынан бастап, MENA өңірінің нарығына сеніммен қадам басыңыз. Tumar Innovation Hub стартаптар үшін кеңес беру, инвесторлармен танысу және өңірдің негізгі серіктестері мен клиенттерімен байланыс орнатуға арналған ерекше мүмкіндіктер ұсынылады.

Веб-сайтқа өту

Khan Tengri Innovation Hub

Shanghai, China

Орталық Азия стартаптарының Қытай нарығында масштабталуына жол ашатын Khan Tengri Hub Шанхайда жақын арада ашылады. Хаб жергілікті нарыққа шығуға, технологиялық экожүйемен байланыс орнатуға және жұмсақ бейімделу процесіне жан-жақты қолдау көрсетеді.

Жақында...

FAQ

  • Форманы толтырғаннан кейін қандай қадам жасауым қажет?

    Қазақстандық стартаптардың экспорттық мақсаттарын жақсы түсіну үшін біз сіздің жауаптарыңызды ішкі дерекқорға енгіземіз. Сіздің жіберген сұраныстарға бірден жауап жіберілмеуі мүмкін, сондықтан сізге пайдалы болатын қолайлы мүмкіндіктер туындағанда (халықаралық іс-шаралар, серіктестік бағдарламалар немесе инвесторлармен кездесулер), халықаралық қатынастар кеңсесінің менеджерлері хабарласады.

  • Халықаралық қолдауға ие болу үшін міндетті түрде Astana Hub резиденті болуым керек пе?

    Жоқ. Резиденттерге бағдарламаларға басымдық берілсе де, кейбір халықаралық мүмкіндіктер резидент емес стартаптар үшін де қолжетімді. Біз барлық қазақстандық фаундерлерді өтінім беруге және жаңалықтардан хабардар болып отыруға шақырамыз.

  • Қандай қолдауға үміт арта аламын?

    Сіздің қажеттіліктеріңізге қарай біз сізді келесі мүмкіндіктермен байланыстыруымыз мүмкін:

    • Халықаралық масштабқа шығу және жұмсақ бейімделу үшін жаһандық серіктес хабтармен,

    • Шетелдік инвесторлар қатысатын питчинг алаңдарымен,

    • Шетелде өтетін ірі технологиялық форумдарға шақырулармен,

    • Astana Hub-қа келетін халықаралық делегациялармен кездесулермен.

  • Менің стартапым жаһандық нарыққа шығуға дайын екенін қалай біле аламын?

    Егер өніміңіз масштабтауға бейім болса, нарық сұранысы расталған болса немесе экспорттық нарықтарды зерттеп жатырсыз — халықаралық нарыққа шығу мүмкіндіктерді талқылайтын уақыт келді.

  • Astana Hub қай елдерге немесе өңірлерге кеңеюге қолдау көрсетеді?

    Қазіргі уақытта біздің серіктес хабтарымыз АҚШ, Ұлыбритания, БАӘ және Қытайда орналасқан. Сонымен қатар, біз Еуропа, Азия және MENA өңіріндегі серіктестермен тұрақты түрде жұмыс істейміз. Форманы неғұрлым нақты толтырсаңыз, сізге сәйкес бағытты дәл таңдауға соғұрлым мүмкіндік артады.

  • Мен Invest Day іс-шарасына қатысқым келеді. Қалай өтінім бере аламын?

    Invest Day шаралары тұрақты түрде — шамамен әр екі ай сайын өткізіледі. Қатысу үшін Astana Hub-тың әлеуметтік желілерін бақылап, тіркеу сілтемелерін жіберіп алмаңыз. Сонымен қатар, Telegram-чатыңызға қосылып, жаңалықтарымыздан үнемі хабардар бола аласыз.

Хабарласу

Жаһандық форумдар, акселерациялық бағдарламалар және халықаралық серіктестердің сапарлары жөніндегі жаңалықтарды дер кезінде алу үшін Telegram-арнамызға қосылыңыз.

Telegram арнаға қосылу

📍 Мекен-жай: Мәңгілік Ел даңғылы, 55/8, Еміл ауданы, 010000, Астана, Қазақстан

✉️ Email: investrelations@astanahub.com

📷 Instagram: @astana.hub