logo

OMNIUM

7

GAMEDEV STARTER [UNITY]

570 000 ₸
Тапсырыс беру
Бөлінді 16 Квот

Курс туралы

Толығырақ OMNIUM

GAMEDEV STARTER [UNITY] — Unity 3D қозғалтқышында мобильді ойындар жасауға арналған заманауи құралдарды меңгеру және ойын әзірлеу үдерісін тұтас түсінуді қалыптастыруға бағытталған онлайн-курс. Бұл оқу бағдарламасы бағдарламалау негіздерімен таныс, компьютерлік ойындар мен интерактивті қосымшалар әзірлеу саласында біліктілігін арттырғысы келетіндерге арналған. Курс бір-бірімен тығыз байланысқан және бірізді жұмыс үдерісін қалыптастыратын 6 негізгі модульден тұрады: GAME DESIGN, 2D ART & AI, UI/UX, 3D MODELING & TEXTURING, RIGGING & ANIMATION және ENGINE.

Ерекше шарттар

ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ. Бағдарламаға қатысу үшін келесі онлайн-іріктеуден өту қажет: 1. Компьютерлік сауаттылыққа арналған тест; 2. Логикалық тест және soft skills (жұмсақ дағдылар) тесті; 3. Шығармашылық тапсырманы орындау; 4. Жеке сұхбат (қажет болған жағдайда). ТӨЛЕМ ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ. 1. Курстың толық құны 6 айға — 570 000 теңге (демалыс және мереке күндерін есепке ала отырып). 2. Tech Orda гранттық бағдарламасы аясында оқу құнының 400 000 теңге көлеміндегі бөлігі грант есебінен жабылады. Қалған 170 000 теңгені қатысушы оқу кезеңі ішінде ай сайын 28 500 теңгеден тең үлеспен өз бетінше төлейді. 3. Шарт жасасу кезінде кепілдік жарна ретінде бір айлық төлем — 28 500 теңге төленеді. Аталған сома оқу мерзімінің соңғы айының төлемі есебіне енгізіледі. 4. Қатысушы оқу басталғанға дейін шартты бұзған немесе оқу процесі барысында оқудан өз бастамасымен шыққан жағдайда, кепілдік жарна қайтарылмайды. Сонымен қатар, қатысушы Tech Orda бағдарламасы аясында пайдаланылған грант қаражатын — курс басталған күннен бастап шартты бұзу туралы өтініш берілген күнге дейінгі кезең үшін — өтеуге міндеттенеді.

Курстың егжей-тегжейлері

Деңгей

Барлығына

Оқыту форматы

Желіде

Қабылдау емтихандары

Жоқ

Ұзақтығы, апталарда

26

Оқыту тілі

Орысша

Біліктілік

junior

Дағдылар


Оқу барысында студенттер ойын индустриясында қолданылатын негізгі құралдарды меңгереді: Autodesk Maya, Substance Painter, Adobe Photoshop және Unity 3D. Олар кәсіби ойын студияларының стандарттарына сай техникалық тапсырма бойынша жұмыс істеуді үйренеді және нақты өндірістік процестер туралы түсінік қалыптастырады. Курс соңында әрбір қатысушы өзіне ең қолайлы мамандану бағытын таңдай алады — тар бағыттағы маманнан бастап, кең ауқымды дағдылары бар әмбебап маманға дейін.

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұқсас курстар

Басқа курс OMNIUM