Astana hub-"SpaceX", Startup School - "Бока-Чика" ғарыш айлағы.

Astana Hub платформасымен 2021 жылдың қазан айында таныстым. Шынын айту керек бұрын соңды Қазақстанда IT қауымдастықты бір жерге шоғырландыратын бұндай үлкен платформа бар деп ойламаппын. Бұл жерде ынтасы бар жастарға тегін курстар мен жақсы бағдарламалар, ал кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер мен көптеген пайдалы қызметтер ұсынылған екен. Өзіме керекті мәліметтерді іздеп отырып, Startup School тегін курсына тіркелу басталғанын көрдім. Көп ойланбай тіркеліп, курстың басталуын асыға күттім. Курстың ерекшелігі бірінші күннен байқалды. Қолданушы интерфейсі әдеттегі онлайн курстардан ерекше болды. Интерактивті батырмалар, бейнесабақтар, басты кейіпкер "Назеркемен" комикстар, пысықтау тест сұрақтары бәрі ерекше, қалыптан тыс болды. Түсінбеген қатысушыларға ұйымдастырушылар бірден жауап беріп, қателіктерді түзеп, курсты одан әрі жақсартып, жаңалап отырды. Бейнесабақтардың Youtube-тен көретін мотиваторлардан ерекшелігі бізге білімімен бөлісіп, бағыт көрсететін тұлғалар өз саласында жетістікке жеткен адамдар. Сондықтан болар әрбір бейнесабақты мұқият қарап, барлық керекті мәліметті алуға тырыстым. Керекті материалдарды жүктеп алу функциясы да қатты ұнады. Қорытынды тест тапсырмалары да өткен тақырыптар бойынша келіп оңай өтілді.

 

Ұйымдастырушыларға еңбектері мен тез кері реакция бергендері үшін зор алғыс білдіремін!!! Қатысушыларға өздерінің бастамаларында үлкен жетістіктерге жетуін тілеймін!!!)

P.S. Telegram чаттағы 688 қатысушыны көріп, мынадай ой келді: "Startup School-ді өтіп, Startup жасағысы келетін адамдар Илон Масктың SpaceX компаниясы жасаған ракеталары тәрізді, бәрі бірдей ғарышқа ұша бермейді. Өткен қателіктерін ескеріп ұшқандары ғана ғарышқа ұшып, тарихта қалады." Бұл пессимиз емес, бұл іс әрекет жасауға мотивация)))

P.P.S. Startup School-мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде Astana Hub технопаркі іске асыратын бағдарлама.

Комментарии 1

Авторизуйтесь чтобы оставить комментарий

Орфографиялық және басқа да қателіктер үшін алдын-ала кешірім сұраймын.) Жұмыстан соң асығыс жазылды. ))

Ответить