Astana Hub-та израильдік автор Ави Йориштің қазақ тіліне аударылған «Инноватор бол»
21 сәуірде Халықаралық инновациялық қызмет күні Astana Hub базасында израильдік автор Ави Йориштің «Thou shalt innovate: How Israeli Ingenuity Repairs the World» кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Израиль А Қазақстан Елшілігінің бастамасымен өтті. Қазақстандық «Steppe and World» баспасы Израиль Елшілігімен бірлесіп кітапты қазақ тіліне аударды және қазіргі уақытта «Инноватор бол» кітабы дүкендердің кітап сөрелерінде қолжетімді.