Қазақстан өңірлері үшін ІT-стартаптарға арналған алғашқы онлайн тәлімгерлік бағдарламасы іске қосылды

12-September-2019 | 396 views

Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркі стартаптарға арналған алғашқы қазақстандық тәлімгерлік бағдарлама - виртуалды акселераторды іске қосады.

Astana Hub виртуалды акселераторы екі ай ішінде стартаптарға онлайн-консультациялар беріп, қолдау көрсетеді. Әр стартапта жеке тәлімгер (бизнес-кеңесші, трекер) болады, ол жобаның дұрыс бизнес-моделін құруға, стартапты дамыту үшін гипотезаларды құруға және тексеруге, уақытты дұрыс үнемдеу мен қаржылық шығындарды болдырмауға, нақты мақсатқа жету үшін карта құруға көмектесіп,  бағдарламадан өту кезінде консультациялар береді.

Бағдарлама IT-шешімдер жасайтын стартаптарға арналған, ал жобаларды әзірлеу сатысы әртүрлі болуы мүмкін: бизнес-идеядан бастап, өміршеңдігі ең төмен өнім шығаратын стартаптарға дейін.

Виртуалды акселератор бағдарламасына Қазақстанның барлық қалалары мен өңірлеріндегі стартаптар қатыса алады. Бұл Astana Hub жаңа жобасының құндылығы: онлайн оқыту жүйесін кеңейту және Қазақстандағы өңірлік аймақтарда бастаушы кәсіпкерлерге өз стартаптарын дамытуға көмектесу.

Ұйымдастырушылар бағдарламаға қатысуға 100 стартапты таңдайды. Онлайн-тәлімгерлік орыс тілінде жүргізілетін болады және 2019 жылдың 1 қазанында басталады.

Айта кетейік, өтінімдер кешені 25 қыркүйекке дейін өткізіледі:  http://mentoring-astanahub.com/

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Программа акселератора стала еще доступнее! Теперь вы можете прокачать свой стартап онлайн, даже проживая в другом городе!

Виртуальный‌ ‌акселератор‌ ‌-‌ ‌новая‌ ‌программа‌ ‌онлайн-наставничества‌ ‌стартапов‌ от‌ ‌экспертов‌ ‌Astana‌ ‌Hub.‌ ‌ ‌

Если у вас есть крутая идея для стартапа, но не знаете с чего начать?‌ Или вашему бизнесу не хватает экспертного совета?‌ Или вы живете в другом городе и хотите пройти акселерацию в Astana Hub?‌ Тогда эта программа для вас. Мы принимаем проекты на ‌стадии‌ ‌идеи‌ ‌и‌ ‌прототипа. Вам помогут ‌проверить‌ ‌жизнеспособность‌ ‌проекта, прокачать его и получить менторскую‌ ‌поддержку.‌

Пройдя виртуальный акселератор, вы сможешь повысить привлекательность стартапа на рынке и приступить к следующему этапу ‌-‌ ‌инкубация ‌и‌ ‌акселерация.‌

Подать заявку можно по ссылке: http://mentoring-astanahub.com/

Comments