Astana Hub IT-стартаптарының Халықаралық технопаркі салық жеңілдіктерін пайдаланатын бірінші қатысушыны тіркеді

9-December-2019 | 107 views

Astana Hub IT-стартаптарының Халықаралық технопаркі салық жеңілдіктерін пайдаланатын бірінші қатысушыны тіркеді

            Astana Hub технопаркінің алғашқы тіркелген қатысушысы Алматы қаласының «Shift Systems» ЖШС болды, олар жедел-іздестіру іс-шараларын (ЖІІЖ) жүргізу үшін отандық техникалық шешім жасаумен айналысады.

            Shift Systems – бұл отандық сертификатталған өнімді жасап шығарған бірінші қазақстандық компания және ол өз қызметін нарықта 6 жыл бойы реттеп келеді. Компанияның негізгі пайдаланушылары болып Бас прокуратура, ІІМ, ҚР ҰҚК сияқты құқық қорғау органдары, арнайы қызметтер табылады.

        «Shift Systems» ЖШС Қазақстанның барлық аймақтарында танымал және өзінің контрагенттері арқылы екінші деңгейдегі 12 байланыс операторына қызмет көрсетеді (ҚР тіркелген және IP телефониясы). Компания сертификаттауға құжаттарды дайындаудан бастап, СОРМ кешенін енгізу және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды қоса отырып, барлық жұмыс кешенін орындайды.

            Shift Systems командасында отандық IT-әзірлеушілер мен телекоммуникация және ақпараттық қауіпсіздік бойынша мамандар жұмыс істейді.

        «Біз Astana Hub-тің алғашқы тіркелген қатысушыларының қатарынан табылғанымызға толқып отырғанымызды айтқым келеді.  Әлеуметтік желілер қазіргі уақытта маркетингтік қызметтер бойынша көптеген мәселелерді шешетінін атап өткім келеді. Astana Hub ресми аккаунттарында біз барлық құжаттарды басынан бастап дайындауға және сәтті тіркелуге көмектесетін түсіндірме қадамдық карточкаларын таптық. Барлығы өте оңай және жеңіл, яғни бәрі адамдар үшін жасалған. Атап өтерлігі, тіркеудің барлық процедурасы онлайн арқылы жүргізіледі және бұл әсіресе басқа қалада тұратын адамдар үшін өте ыңғайлы. Біз үміт артып отырған салық преференциялары біздің компанияның дамуына да, Қазақстанның барлық IT-нарығына да үлкен серпін беретініне, және де, алғашқы нәтижелер өздерін ұзақ күтірмейтініне сенімдіміз», – деді коммерциялық директор Дастан Шаймағамбетов.

        Тіркеу туралы Алғашқы Куәлікті Astana Hub бас директоры Джозеф Циглер (Joseph Ziegler) табыс етті, ол Astana Hub-тағы қолданыстағы салық преференциялары Қазақстанның ІТ-саласын дамытуды ынталандыруға көмектесетінін атап өтті.

       Еске сала кетсек, 15 сәуірде Astana Hub технопарктің әлеуетті қатысушылары үшін тіркеудің ашылғанын жариялады. Astana Hub технопаркі қатысушысының мәртебесі салық жеңілдіктерін алуға мүмкіндік береді: КТС – 0%, ЖТС – 0%, ҚҚС – 0%, резидент еместерге әлеуметтік салық – 0%, сондай-ақ технопарктің шетелдік қатысушылары мен резидент еместер жұмыс істейтін компаниялар үшін жеңілдетілген визалық және еңбек режимі қарастырылған. Маңызды мәселе, ол компанияның (стартап-жобасы) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес келуі.

        Astana Hub қатысушыларын тіркеу бойынша барлық мәліметтерді мына жерден көруге болады: https://registration.astanahub.com/

        «Shift Systems» ЖШС компаниясы туралы толығырақ мағлұмат мұнда: http://www.shift-systems.kz/

Comments