Бәрі қалай болды: Astana Hub акселераторының төртінші ағынының шығарылымы

9-December-2019 | 125 views

Бәрі қалай болды: Astana Hub акселераторының төртінші ағынының шығарылымы 

            Astana Hub акселераторының үш айлық төртінші ағыны аяқталды. Оның дәстүрлі мәресі болып – Demo Day (қорытынды видеоны көру) стартаптарын шығару болды. Екі сағат бойы акселератордың төртінші ағынының үздік стартаптары кәсіпкерлер, инвесторлар, әлеуетті серіктестер, қонақтар және Astana Hub әкімшілігі алдында сөз сөйледі.

        Бұл жолы Demo Day форматы әлеуетті инвесторлар питч-таныстырылымдар мен стартаптардың негізгі көрсеткіштеріне тоғысуы үшін сөз сөйлеуге басымдық берілді. Әр түлек 5 минуттық презентация жасап, өзінің технологиялық жобасы туралы және акселератор аясында үш ай бойы үздіксіз жұмыс істеу нәтижесінде қол жеткізген нәтижелері туралы айтты.

       Акселератордың төртінші ағынының операторы — YellowRockets және ABRT Venture Fund бірлесіп құрылған ABRT Rockets компаниясы болды. Акселератор 15 сәуірде басталды, Қазақстан, Ресей және Украинадан барлығы 159 өтінім келіп түсті. Іріктеу турының қорытындысы бойынша одан әрі дамыту және масштабтау үшін MVP сатысындағы 31 табысты жоба іріктелді.

Demo Day-да келесі стартаптар өнер көрсетті:

  

•        reKASS – смартфондағы кассалық аппарат.

•        ISSU – парфюмге жазылудың онлайн қызметі.

•        СТОGram — автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектер мен автосервисті жылдам іздеу үшін маркетплейс.

•        Sulu.kz — «бір терезе» қағидаты бойынша республикалық ауқымдағы сервис.

•        Billboard Video — жаңа буын ақылды сыртқы жарнама операторы.

•        Saccess — ақылды құлыптарды басқаруға арналған мобильді қосымша.

•      Kid Security — сіздің балаларыңызы геолокациялауға арналған қосымша  Sitters — ата-аналарға үйретілген ситтері бар кішкентай баланы қалдыруға мүмкіндік беретін сервис

•        GUL — адамдарға сапалы гүлдерді жақсы бағамен сатып алуға көмектесетін мобильді қосымша.

•        Kora — бизнес үшін тұлғаларды танудың камералар жүйесі

•        Tourcenter — Қазақстанда және Жібек жолы елдерінде турлар мен экскурсияларды онлайн-брондау сервисі.

•        FeebME — мектептерде өткізуге және төлем жасауға арналған карта.

•        Bnect — арнайы техникаларға арналған қосалқы бөлшектер маркетплейсі.

•        Antidolg.kz — шағын несие бойынша заңсыз есептелген пайыздарды азайту үшін әлеуметтік сервис

•        TuraQshare — Нұр-Сұлтан тұрғын үй кешендерінде тұрақ орындарын жалға беруге арналған маркетплейс.

    Стартаптар акселерация кезінде қол жеткізілген нәтижелер туралы әңгімеледі. Мысалы, Bnekt және Kora стартаптары ірі қазақстандық BI Group құрылыс холдингімен бірлесіп пилоттық жобаларды іске қосты. ISSU стартапы Ресей нарығына шықты, ал FeebME стартапы керісінше, олардың идеясы ағымдағы түрде американдық нарықта жұмыс істемейтінін түсінді.

     Billboard video стартапы франшизаны өңірлерге сата бастады және әлеуетті инвесторлардан инвестиция қабылдай бастады, ол қазақстандық нарықта 2,5 жылда, Ресейде бір жылда шығынын өтеп алады. СТОGram стартапының негізін қалаушы Жандос Тұрсынбаев, СТО-ның кейбір қызметкерлері клиенттер ағыны олардың қосымшаларында көптеп шоғырланатынын көріп, жалданбалы жұмыстан кетіп өз ісін бастап кетті, яғни қосымшадағы қызметтерін жарнамалау арқылы өздерінің шағын шеберханаларын ашты.

     «Стартап жасау – өте қиын жол, егер сен жалданып жұмыс істесең, сені қолдауға ықыласты, әртүрлі міндеттерді шеше алатын үлкен адамдар қашанда табылады. Егер сен стартапта болсаң, егер сен кәсіпкер болсаң, мұндай адамдар қасыңда болмауы мүмкін. Акселератордың пайдалысы сол, осындай адамдарды береді, олар менторлар мен трекерлер ретінде көмектеседі», — деп акселератор туралы ой бөлісті reKASSA-ның CEO стартапы Руслан Сариев.

     Акселераторды қорытындылай келе, келесі фактілерді атап өтуге болады. Акселерация кезінде 5 стартап бәрін қоса алғанда 124 мың АҚШ долларын тартты, сату саны орта есеппен 97,3%-ға артты, сатудың жалпы сомасы $580 мыңға артты, 149- жұмыс орны құрылды.

       Акселератор кезінде халықаралық сарапшылардан 200 сағат білім беру воркшоптары, салалық мамандармен 240 сағат жеке консультациялар және жеке трекерлермен 30 білім беру модульдері өткізілді.

    Соңында, ABRT Rockets бас трекері Аркадий Селезнев стартапшыларға негізгі кеңесімен бөлісті: «Тек бір ғана кеңесім бар. Сендердің жан-жақтарыңда сын айтатын адамдар көп болады. Олар ештеңе де шықпайды деп айтары анық. Бстапқыда Джек Маға да, Марк Цукербергке де, Илон Маскіге де, барлық табысты стартапшыларға солай деп айтқан.  Сыншылар әрдайым көп. Бірақ, барлығы сіздің өз идеяңызбен қаншалықты жанып тұрғаныңызға байланысты. Сіз онымен қаншалықты зарядталғансыз. Егер сіздің жеткілікті деңгейде ықыласыңыз ауып және жеткілікті деңгейде жігерлі болсаңыз, онда сізде бәрі де болады».

    Естеріңізге сала кетейік, Astana Hub-да келесі акселератор ағындарына қабылдау жалғасуда. Әрбір ағынға 30 үздік стартаптан қабылданады, өтінімдерді қабылдау толық толтырылғанға дейін ашық. Сондықтан, сіздің идеяңыз және оны іске асыра алатын командаңыз бар болса, онда сіз сілтеме бойынша әлі де өтініш бере аласыз.

Comments