Road show Astana Hub: бүкіл әлемге өз жобасы туралы мәлімдеу мүмкіндігі

9-December-2019 | 141 views

Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркі Roadshow Astana Hub бағдарламасының бірінші жартыжылдығын аяқтап, аралық қорытынды жасады. Неге аралық? Өйткені, 20 шілдеге дейін жобаның екінші жартыжылдығына қатысуға стартапшылардан өтінімдер қабылданады.

    Roadshow Astana Hub – бұл әлемдегі ірі технологиялық көрмелерге қазақстандық стартаптарды дайындау және жөнелту бағдарламасы. Басты міндет – шетелдік инвестицияларды тартуға көмек көрсету және қазақстандық стартаптардың халықаралық нарыққа шығуына қолдау көрсету.

      Жоба аясындағы алғашқы іс-шара Echelon Asia Summit 2019 болды. Мамыр айында өткен екі күндік саммит 30-тан астам елден 15 000 қатысушыны біріктірді. Стартаптар іс-шарасында 120 спикерді тыңдап, 400 инвестормен танысу мүмкіндігі болды. Барлығы Echelon Asia Summit 2019-да 150-ден астам стартап пен 500 корпорация қатысты. Қазақстан Сlockster и ISSU жобаларын ұсынды.

     Екі стартап та өз бизнес құрылымында жазылымдық үлгісін қолданумен ерекшеленеді.  Clockster бұл компания қызметкерлерінің саусақ іздері немесе бетті тану сияқты биометриялық деректер бойынша кіру және логиялау қызметі. Басқа сервистерден айырмашылығы – компания клиентіне қымбат жабдықты сатып алудың қажеті жоқ, ол тек қызметкерлер санына сәйкес ай сайынғы абоненттік төлемді төлейді.

       Clockster стартапының сапары бірнеше аптаға созылды және олар Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында жемісті кездесулерге ұласты.

      ISSU стартап дизайнерлік және тауашылық парфюмге 8 мл көлемінде қолайлы тревел форматында ай сайынғы жазылым ұсынады. Мұндай форматтың басты артықшылығы, ол икемді бағалар аз көлемде жазылу себебі бойынша төмен болады. Жастардың есептеуінше, 8 мл, орташа есеппен бір айға пайдалануға жетеді.

    ISSU стартапының негізін қалаушы Дәулет Айтмаханов мұндай сапарлар басқа аймақтарда ұқсас бизнестің қалай ұйымдастырылғанын түсіну үшін нетворкингті кеңейтуге көмектесетінін атап өтті.

     Келесі көрме iForum 2019 Киевте өтеді. Қазақстанның жобалары «Болашақ қаласы» көрме аумағына қатысты, онда өмірді жақсы жаққа ойыстыратын жаңа әзірлемелерді көруге және тексеруге мүмкіндік болды. Тиісінше жобалар ақылды заттар саласынан болды: Saccess ақылды құлыбы және Smart Shelf ақылды сөресі.

     Success кіру есігінің құлпын қашықтан басқаруға, ашу үшін сандық кодтарды тағайындауға және қажет болған жағдайда оларды өзгертуге мүмкіндік береді. Стартаптың негізгі клиенттері – өз пәтерлерін тәулік бойы тапсыратын адамдар.  Кіру есіктерінен бөлек домофон, шлагбаум және тағы басқаларын басқаруға болады. Стартаптың негізін қалаушы Қанат Келдібеков бұл сапардың ұқсас жобалар арасында байланыс орнатуға және өз стартапына енгізу үшін жаңа тәжірибе алуға пайдалы болғанын атап өтті.

      29 және 30 мамырда қазақстандық стартапшылар Мәскеу қаласындағы «Сколково» даму қоры ұйымдастырған Startup Village стартап-конференциясында өз жобаларын таныстырды. Қазақстан Paloma365 — мейрамханалар мен кафелерді автоматтандыру сервисі, дроннан алынған суреттер негізінде өрістерді нүктелік өңдеу ТОП — сервисі және ISSU — парфюмге жазылу сервисі жобаларымен таныстырылды.

   Paloma365 стартапының негізін қалаушы Владислав Голубев көрмеге қатысу арқасында Ресей нарығы қалай жұмыс істейтінін және осы нарыққа масштабтауға арналған іспен алғаш рет танысқанын атап өтті. Сондай-ақ, оны қазақстандық стартаптардың басқалардың аясында өте лайықты көрінгені және пайдаланушылық сервистің жоғары деңгейін ұсынғаны қуантқан.

      Road show Astana Hub бағдарламасы аясындағы төртінші шара Минскіде Falcon Arena стадионында өткен EMERGE жыл сайынғы конференциясы болды. EMERGE фестиваль форматында өтіп, дәстүрлі көрмеден басқа, қатысушылар екі күн бойы Running Club-тан бастап Founders Stories Night-қа дейін қосымша іс-шаралар бағдарламасына қол жеткізді.

     Astana Hub келесі жобаларды ұсынды: Kid Security — баланың орналасқан жерін бақылау бойынша ата- аналарға арналған қосымша; Ядро – бұлтты ЅааS — тауарлар мен қызметтерге кредит беруді ұйымдастыру үшін қажетті платформа; DentTime – стоматологиялардың жұмысын автоматтандыру сервисі.

     Kid Security стартапының негізін қалаушы Асат Ашаманов сапардың арқасында алдағы перспективаға арналған мақсаттар мен жоспарларды түсінгенін — жобаны алдымен Қазақстанға, Ресейге және Украинаға, содан кейін ата-аналардың балалардың қауіпсіздігі үшін мазасыздану деңгейі біздің еліміздегі сияқты жоғары, менталитеті бізге жақын дамушы елдерге масштабтау керектігін түсінгенін айтты. 

    Roadshow Astana Hub бағдарламасының бірінші жарты жылдығы аясындағы соңғы сапары Шанхайда, Mobile World Congress – әлемдегі ең ірі мобильді индустрия көрмелерінің бірінде өтті. MWC Shanghai 2019 – 5G, IoT, AI, Big Data және басқалар сияқты жаңа буын технологиялары үшін Азиядағы жетекші оқиға болып табылады.

     Онда Қазақстан SIM – картаны ауыстырмай-ақ және бүкіл әлем бойынша роуминг үшін артық төлем төлемейтін байланыстарға мүмкіндік беретін Nommi – mi-fi роутер; AR in Education — білім берудегі толықтырылған нақтылық базасындағы қосымша; Clockster — биометриялық деректердің көмегімен қызметкерлердің жұмыс орнына баруын кепілдендіруге көмектесетін HR үшін сервис сияқты жобаларды ұсынды.

      CEO және Nommi жобасының негізін қалаушы Алена Ткаченко, дәл осындай сапарлар стартапты ары қарай қайда бағыттау керектігін түсінуге көмектесетінін айтты: «Мысалы, бірінші күні біз әлеуетті инвесторларға «біз не істей алатынымызды» айтсақ, бірнеше аптадан кейін «міне, сіз бізбен осылайша ақша таба аласыз» деп айтқан болатынбыз.

      Бағдарламаға қатысушылардың пікірлері, сондай-ақ олардың болашақ нәтижелері әрбір стартап өз мүмкіндігін алуы, бүкіл әлемге өзін мәлімдеуі керектігін айтады. Мұндай мүмкіндік Roadshow Astana Hub бағдарламасының екінші жарты жылдығының арқасында туындап тұр, оның шеңберіне стартапшылар Сан-Францискодағы TechCrunch Disrupt, Дубайдағы GITEX, Лиссабондағы WebSummit және Хельсинкидегі Slush сияқты көрмелерге барады. Стартапшыдан тек ағылшын тілінде презентация және 20 шілде күні кешке дейін бағдарлама сайтында Roadshow.astanahub.kz. тапсырылатын өтінім қажет.

Comments