Astana Hub төртінші акселерациялық бағдарламасының стартаптарын шығару

9-December-2019 | 121 views

Demo Day Astana Hub-тың төртінші акселерациялық бағдарламасы:

Жедел дамудың 12 аптасы, 31 стартап - команда және акселерациялық бағдарлама кезеңінде 47 миллион теңге тартылған инвестиция.  

 13 шілдеде Demo Day — Astana Hub төртінші акселерациялық бағдарламасының стартапшыларын шығару өтті.

Есте қалған қызықты оқиға, Astana Hub акселераторы түлектерінің басты міндеті, олар Demo Day-де технологиялық жобалары туралы айтып беруі болды. 16 үздік стартаптың таныстырылымын кәсіпкерлер, инвесторлар мен бизнесті одан әрі дамыту бойынша әлеуетті серіктестер тыңдады.

Бес минут — дәл осы уақыт ішінде Astana Hub төртінші акселерациялық бағдарламасының қатысушылары Технопарк қабырғасында үш ай жұмыс бойы оқып, жұмыс істегенде қандай нәтижеге қол жеткізгендерін айтып берді.

Astana Hub акселерациялық бағдарламасы ағымдағы жылдың 15 сәуірінде басталды, оған Қазақстанның барлық өңірінен 153 өтінім келіп түсті.  Мәлімдегендердің ішінде Ресей мен Украинадан стартап-командалар болды. Іріктеу турының қорытындысы бойынша MVP сатысындағы 31 табысты жоба 12 апта ішінде одан әрі дамыту және масштабтау үшін іріктелді.

Astana Hub акселерация бағдарламасы – бұл халықаралық сарапшылардан 200 сағат білім беру воркшоптары, салалық мамандармен 240 сағат жеке консультациялар, жобаға жеке трекері бар 30 білім беру модулі және ҚР БАҚ-да PR-жылжыту. Білім беру іс-шараларынан басқа Astana Hub кәсіби нетворкинг, тегін кеңсе кеңістігін, сондай-ақ Технопарктің ресми тіркелген қатысушылары үшін ерекше салық және визалық режимді ұсыну түрінде қазақстандық технологиялық стартаптарды белсенді дамытуға жағдай жасайды.

Бағдарлама операторлары ABRT Venture Fund және YellowRockets компанияясы болды, олар стартаптарға арналған акселерациялық бағдарламаларды ұйымдастыруға маманданған, жетекші ресейлік және халықаралық венчурлік қорлармен, даму институттарымен, бизнес-періштелер қауымдастықтарымен және корпорациялармен ынтымақтастық орнатқан.  «Astana Hub-да жұмыс істеу үшін өте жақсы инфрақұрылым жасалған: үлкен үй-жай, коворкинг, воркшоптар, семинарлар өткізу үшін жабдықталған залдар, барлығы жоғары әлемдік деңгейде. Маңыздылығы сол, акселератор өзінің барлық байланыстарымен көмектеседі. Акселератордың қатысушысы елдегі кез келген адамға шыға алады, мейлі ол жоғары лауазымды шенеунік, корпорацияның өкілі немесе белгілі кәсіпкер болсын, бастысы жобаға көмегі тисе болғаны. Мұндай байланыстардың маңызы зор.

Стартаптардың көпшілігі Қазақстан нарығына ғана емес, сонымен қатар жаһандық нарықтарға да бағдарланатыны маңызды.  Акселератор стартап-қатысушыларының деңгейі жоғары, Қазақстанда экожүйе құрылуда, бірнеше бизнесті іске қосқан жобалардың негізін қалаушылар бар, инвесторлар қауымдастығы қалыптасуда, жақында KazAngels жеке инвесторлар қауымдастығы құрылды. Біз осы жобаға қатысып және стартапшыларға көмектескенімізге өте қуаныштымыз», — деп атап өтті CEO YellowRockets Сергей Богданов.

Акселерациялық бағдарлама кезеңінде стартап-жобаларды сату сомасы, жиынтығында 222 722 475 теңгеге өсті.

Defense, GUL, Ki Security және Antidolg жобалары одан әрі дамуы үшін өз жобаларына инвестиция тартты.

«Акселерацияның төртінші ағынын шығару арқылы біз тек стартап-жобалардың ғана емес, сонымен қатар еліміздің стартап-мәдениетінің жаһандық дамуына тікелей қатысы бар Astana Hub командасының да өсу қарқынын көріп отырмыз. Біз оқыту барысында бір-бірімізге беретін құзыреттер мен дағдылар, бізге Astana Hub – IT-стартаптарды дамытуды қолдаудың бірыңғай терезесі екенін батыл мәлімдеуге мүмкіндік береді. Бұл үдерістің әрбір қатысушысы трекер, ментор, сарапшы бола алады және болашақта озық білімді тарата алады, жалпы технологиялық мәдениетті дамыту үшін өте маңызды кәсіби нетворкинг жасай алады», – дейді Astana Hub бағдарламалар департаментінің директоры Абай Даутов.

Төртінші лек түлектерінің қатарында, ертеректе Astana Hub-та инкубациялық немесе акселерациялық бағдарламалардан өткен жобалар да бар.  Мысалы, Compra, Antidolg, CTOgram жобалары – алдыңғы ағындардың бағдарламаларының тиімділігін салыстыру және қолданыстағы акселерация бағдарламасының жаңа масштабтау деңгейіне шығу үшін 1 және 2 акселерация ағынынан келген стартаптар.

«Мен бұл – акселерацияның жеткілікті өнімді ағыны екенін атап өткім келеді, ол Қазақстанда стартаптар мен кәсіпкерліктің дамуы – қоғамның экономикалық дамуының қозғаушы күші екенін бізге ұғындыра білді.  Қазақстандық стартаптарда тек тамаша идеялар ғана емес, оларды жүзеге асыруға ұмтылу да бар. Олардың инновациялық көзқарасы мен еңбексүйгіштігі экономикалық және әлеуметтік салалардағы оң өзгерістерге – нарықта жаңа өнімдердің пайда болуына, қосымша жұмыс орындарын құруға, Қазақстанда адамдардың әл-ауқатының деңгейін арттыруға ықпал етеді. Біз Astana Hub командасымен осы маусымда үлкен жұмыс жүргіздік және бүгін айтылған нәтижелер - трекерлердің, менторлардың және стартап-командалардың коллаборациясының жемісі», – деп пікір бөлісті CEO Astana Hub, Джозеф Циглер.

Акселерациялық бағдарламаның стартаптары Data science, Big Data, AI (жасанды интеллект), Smart City, IoT (интернет заттар), FinTech, e-commerce, бизнес үдерістерді автоматтандыру, EduTech және Saas сияқты бағыттар бойынша жобаларды әзірлейтінін атап өткен жөн.

Сонымен қатар ISSU, Clockster, Ядро, Kid Security және Saccess сияқты стартап-командалардың өкілдері Astana Hub Roadshow халықаралық бағдарламасының қатысушылары болды және Echelon Asia Summit 2019 (Сингапур), iForum (Киев), Startup Village (Мәскеу қ.), Emerge (Минск қ.) және «Mobile World Congress» (Шанхай қ.) әлемдік көрмелерінде өз жобаларын ұсынды. Astana Hub Roadshow қазақстандық стартапшыларға өз жобаларына халықаралық серіктестерді, шетелдік инвестицияларды тартуға көмектеседі және олардың халықаралық нарыққа шығуына ықпал етеді.

Comments