Стартаппен танысу. «Billboard Video» жобасы

9-December-2019 | 120 views

Кезекті табысты жоба Astana Hub акселерация бағдарламасы аясындағы апта сайынғы шолуды толықтырады.

«Қазақстандық әзірленім «ақылды» қалалар үшін жалғыз кешенді шешім болып табылады және оның әлемде баламасы жоқ», – деп сендіреді Billboard Video жобасының басқарушы директоры Евгений Тян (Алматы қ.).

1.      Жоба туралы толығырақ айтып берсеңіз және оның бірегейлігі неде екенін түсіндіріп өтсеңіз?

Billboard Video компаниясы қала ортасында адамның жайлы болуы үшін ең жақсы Digital-Signage-шешімдер жасайды, тұрғындарды қажетті уақытта қажетті жерде қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, қаланың сәулеттік келбетін жақсартып, жарнама берушілерге жарнамалық науқанның максималды әсерін және маркетингке инвестицияның жоғары қайтарылымын қамтамасыз етеді. Біздің өніміміз 3 компонентті қамтиды – Hardware, Software, Content, олар жеке-жеке ақша әкелумен қатар біріктірілген шешім ретінде де табыс әкеледі.

Интерфейс тұжырымдамасы 2 аймақты қамтиды: әлеуметтік – қалаға халықпен қарым-қатынас жасауға, ал коммерциялық – клиенттерге жарнаманы тиімді орналастыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні біздің желі 54 медиа бордтан тұрады, олар YEWA жеке операциялық жүйесі арқылы қашықтан басқарылады, ол жабдық мониторингі жүйесін, жарнама берушілер мен қала әкімшілігіне арналған порталды, дисплей иесі үшін әкімшілік панель мен Big Data талдау қозғағышын қамтиды. Меншікті операциялық жүйе, хабарламаларды ауа-райы жағдайларына бейімдеуге мүмкіндік бере отырып, (мысалы, 30 градустан жоғары температурада, тәулік уақыты бойынша кондиционердің жарнамасын әлеуметтік желілермен және сайтпен біріктіріп, контентті нақты уақыт режимінде бейімдейді (мысалы, авиарейстің кідіруі туралы ақпарат), сондай-ақ жарнамалық хабарлама жарнама блогының шеңберінен шығып, жанасатын түрлі әсерлерді қолдануға мүмкіндік береді.

Медиабордтар сондай-ақ онлайн режимінде жол қозғалысына қатысушылар үшін пайдалы ақпаратты көрсетеді. Жоба көліктің жүктемесіне, навигациялық сервистің дамуына, көлік ағынын талдау және болжауға қатысты мәселелерді шешеді. Мәселен, медиабордтардағы ақпарат ағынның жылдамдығын, кептеліс туралы ақпаратты, ЖКО, жақын маңдағы көлік тұрағына дейін бағытты, маршруттық навигацияны, валюта бағамдарын, ауа райын, мерекелік құттықтауларды және ТЖ болған жағдайда да хабарлауды көрсетеді. Бастапқыда жобаны құру идеясы осы мақсатта пайда болды – адамға оны алда не күтіп тұрғанын дер кезінде білуге мұрсат беру. Содан кейін жүйеге ақпараттық хабарламалардың өзге де элементтері қосылды.

 2. Қазір сіздің жобаңыз қандай сатыда?

Біздің өз сайтымыз бар және мобильді нұсқасы пысықталып жасалуда. Біздің клиенттеріміз халықаралық компаниялар, агенттіктер және жеке тұлғалар болып табылады.  Егер алға жылжыту арналары туралы айтатын болсақ, бізде өзіміздің sales house бар және біздің клиенттеріміздің көпшілігі жарнамалық агенттіктердің клиенттері болып табылады, олар бізден басқа теледидар, радио, digital-де жарнамаларын орналастыра алады, орналастыру стратегиясын және тағы басқаларын жасай алады. Шынымды айтсам, елордада 5 құрылым ғана жұмыс істейді, ал алматылық құрылымдар қала халқының 70%-ын қамтиды, сондықтан бізді бәрі біледі. Біздің құрылымдар әлеуметтік-бағдарлы, пайдалы ақпаратты көрсетеді және жарнама орналастыру есебінен ақша табады. Барлық құрылымдар ортақ желіге біріктірілген және YEWA операциялық жүйесінің көмегімен бірыңғай кеңседен орталықтандырыла отырып басқарылады. Компания Қазақстанның ірі жарнамалық агенттіктерімен ынтымақтаса жұмыс істейді. Бұл жарнама берушілерді көбірек тартуға, сондай-ақ ірі халықаралық жарнама агенттіктері арқылы ғана жұмыс істейтін жарнама берушілермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Біз Қазақстанның үздік 10 инновациялық компаниясының қатарына ендік, сондай-ақ 2019 жылдың ақпанында жоба Амстердамдағы Digital Signage Awards халықаралық байқауында 1-ші орынды иеленіп, Digital Out Of Home Advertising номинациясы бойынша үздік деп танылды, сондай-ақ Integrated Systems Europe көрмесінің шеңберінде Multi Venue Rollout номинациясы бойынша High commendation (жоғары баға) марапатына ие болды.

3.      Сіздің команда Astana Hub акселерация бағдарламасына қандай міндеттер қойды?

Жоба жүзеге асырылып және өзін-өзі ақтай бастады, біз үшін ағымдағы мүкәммалды оңтайландыру және жобаны масштабтау үшін инвестициялар тарту басым міндеттер болып табылады. Ағымдағы мүкәммалды оңтайландыруға қатысты айтар болсақ, бүгінгі күні бізде 80%-дан астам орташа жылдық жүктеме бар, біз әлі де жүктемені арттыру бойынша ғана емес, сондай-ақ біздің клиенттерімізге арналған форматымыздың тиімділігін сақтай отырып, әрбір құрылымнан қосымша табыс алу құралдары бар деп есептейміз.

Инвестиция тартуға қатысты айтар болсақ, бүгінгі таңда Қазақстанда жобаны дамытудан басқа, біз жобаны Сингапурда, Гонконгта және Араб Әмірліктерінде дамытудамыз. Сондай-ақ біз Қазақстанда франчайзингтің келесі бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз, ол үшін біз кіру шегін 100 мың USD-дан 10 мың USD-ға дейін төмендету үшін құрал табуымыз қажет.

 

         4. Astana Hub акселерация бағдарламасы туралы қайдан білдіңіз?

 Astana Hub акселерация бағдарламасы туралы біз кездейсоқ білдік. Іріктеуден 2 апта бұрын мен Нұр-Сұлтан қаласында жобаны дамытуға қатысты Astana Hub командасымен кездестім, осы кездесуде біз акселерацияға қатысу туралы шешім қабылдадық. Astana Hub-тағы командалар заряды мен тамаша атмосфера, сондай-ақ, тұрақты іс-шаралар, кездесулер мен форумдар бізді акселерацияға қатысуға итермеледі.

 Astana Hub командасы «Billboard Video» жобасының басқарушы директоры Евгений Тянға әңгімесі үшін алғысын білдіріп, командаға алдағы уақытта табыс тілейді.

Comments