Қазақстандық стартапшылар Mobile World Congress Shanghai 2019 көрмесінде өз жобаларын ұсынды.

9-December-2019 | 159 views

Қытайдың ірі қаласындағы Мобильді конгресс әлемдік индустрия көшбасшыларын және соңғы инновацияларды тағы да жинады. Roadshow Astana Hub атынан 3 стартап-жоба қатысты.

Mobile World Congress Shanghai 2019 (бұдан әрі – MWC 2019 Shanghai) – Intelligent Connectivity (ақылды байланыс): 5G, Интернет Заттар, AI, Big Data, Индустрия 4.0, сандық сенім және деректер қауіпсіздігі сияқты жаңа буын технологиялары үшін Азиядағы жетекші оқиға болып отыр. Бұл – телекоммуникациялық саладағы ең ірі әлемдік ивент, оның ұйымдастырушысы – GSMА қауымдастығы. Конгресс жылына екі рет – ақпан айында Барселонада және 2014 жылдан бастап жазда Шанхайда өтеді. Жыл сайын көрме мен конгресс бір алаңда әр түрлі елдерден таяу арада индустрияның болашағын анықтайтын 500-ден астам компанияны жинайды.

Astana Hub үшін MWC 2019 Shanghai-ға қатысудың негізгі мақсаты –Қазақстанның (АКТ) ИКТ-нарығын одан әрі кеңейту және танымал ету үшін сыртқы нарықтарда стартаптарды жылжыту, жобаларға шетелдік инвестицияларды тарту, сондай-ақ технопаркті халықаралық аренада ілгерілету. Roadshow бағдарламасын 3-кезеңді іріктеу нәтижесінде Қазақстаннан Nomi, Clockster және AR in Education әзірлемелері – hardware р жобалары барды.

««Біз MWC 2019 Shanghai-да алғашқы сатылымымызды жасадық! Осы іс-шараның арқасында бізге қызығушылық білдірген инвесторларды таптық, бүгінде біз олармен сөйлесулер жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ, біздің интеграция жасауды жоспарлап отырған немесе нарыққа бірлесіп шығуды көздеп отырған бірнеше серіктес- компанияларымыз бар. Мұндай іс-шараларда ең пайдалысы – бұл нетворкинг. Жалпы, оң әсер алдық, біз Оңтүстік-Шығыс Азия нарығы туралы көптеген жаңалықтарды білдік. Ол қазақстандық бизнеске қарағанда жақсырақ дамыған және біздің бизнес-модельге жақсы дайындалған», – дейді Nommi техникалық директоры Айтуар Атабеков.

Жас кәсіпкерлер тобын Astana Hub қызметкерлері алып жүрді, олар Қазақстанның Қытайдың континентальды инновациялық технологиялар қаласы – Шанхаймен әрмен қарай ынтымақтастығын нығайту бойынша бірқатар серіктестік кездесулер өткізді.

«Біздің стартапшылар үшін Қытай нарығы – бұл тек әлеуетті масштабтау үшін нарық ғана емес, бірінші кезекте тікелей бәсекелестер алаңы екенін атап өткім келеді. Бұл өз саласындағы озық шешімдерді қарауға, өз стартапының негізгі әлсіз және күшті жақтарын анықтауға – өз өнімінің бәсекелестік артықшылықтарын жақсартуға мүмкіндік береді. MWC 2019 Shanghai – Сингапур, Үндістан, Малайзия және т. б. сияқты Оңтүстік-Шығыс Азия экожүйесінің ойыншыларымен кездесудің тамаша мүмкіндігі. Көрмеге қатысудың арқасында Astana Hub-тың жергілікті фасилитаторлармен, Қытайдың мемлекеттік мекемелері болып табылатын стартаптарды қолдау жөніндегі жергілікті қауымдастықтармен әріптестігі пайда болды», – дейді Astana Hub корпоративтік инновациялар және R&D департаментінің директоры Әсет Досымханов.

Сапар аясында Astana Hub өкілдері бірнеше ұйымдармен, Қытайдың ірі технопарктерінің бірі TusPark, Қытайдағы Мәскеу Сколково өкілі Евгений Косолаповпен, Қытай нарықтарына шетелдік стартаптарды шығаруға бағытталған China Accelerator халықаралық акселераторымен, The Accelerator VС – SOSV американдық венчурлік қорының қытайлық өкілімен ынтымақтастық туралы талқылады. Бұдан басқа, делегация австриялық Global Incubator Network желісінен стартаптармен алмасу тәжірибесі туралы құнды білім алды.

Astana Hub іскерлік кездесулер барысында Shanghai FE (Free Entrepreneurs) Network Technologies-пен екі елдің одан әрі ынтымақтастығы мен өзара түсіністігі туралы меморандумға қол қойды.

«Мұндай көрмелер – кез келген кәсіпкер үшін үлкен серпін, біз - Astana Hub командасы стартаптардың өз жобаларын шетелдік инвесторлар мен венчурлік қорлар алдында жоғары деңгейде ұсына алатындай жағдай жасаймыз. Сапардың қандай да бір алғашқы нәтижелері туралы айту әлі ерте, әдетте жобаларға шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі мәмілелер үш айдан жарты жылға дейін созылады. Дегенмен, шетелдік серіктестердің Astana Hub қызметіне, сондай-ақ біздің стартаптарға деген үлкен қызығушылығын атап өткім келеді, бұл қазақстандық өнімдерге оң өзгерістер мен қызығушылық тудырады», – дейді Astana Hub инвестиция департаментінің аға менеджері Меруерт Канжигалина.

Қазақстандық делегация бүкіл әлем бойынша стартаптарға арналған коворкингтер желісі – Seedstars networking session «We work» -ке шақырылды. Сонымен қатар, R&D Huawei орталығы Huawei-дің шанхайлық кеңсесіне саяхат ұйымдастырды.

 «Біз өз өнімімізді қалай дұрыс дамытуға болатыны туралы жаңа идеялар мен кері байланыс алдық. Бұл біздің отандық өнімдерімізді қолдауға және ынтымақтастық орнатуға дайын әлеуетті серіктестерді кездестірудің тамаша мүмкіндігі. Әлеуетті клиенттерді жолықтықтырдық, бизнесте ол өте маңызды. Жалпы, көрменің мінсіз ұйымдастырылғанын және Astana Hub командасының жақсы дайындығын атап өткім келеді. Біздің еліміз де бір күндері серпінді технологиялардың флагманы болып және осындай көрмелер өткізеді деп үміттенемін», – дейді Clockster негізін қалаушы Ержан Рысқалиев.

Бұл – 2019-дың бірінші жарты жылдығындағы Roadshow Astana Hub аясындағы соңғы сапар. Бұған дейін Astana Hub іріктеп алған 11 стартап 4 халықаралық ИТ-көрмелеріне: Сингапурдағы Echelon Asia Summit, Киевтегі iForum, Мәскеудегі Startup Village және Минскідегі Emergеге барды. 

Еске сала кетейік, қазір Astana Hub Roadshow стартап-жобаларды кешенді дайындау бағдарламасы шеңберінде екінші жартыжылдыққа ИТ – стартаптар жиынтығын жариялады, оның шеңберінде іріктелген стартаптар технологиялық шараларға қатыса алады:

•        2-4 қазан, Techcrunch disrupt – Сан-Франциско, АҚШ

•        6-9 қазан, Gitex – Дубай, БАЭ

•        4-7 қараша, Websummit Лиссабон, Португалия

•        21-22 қараша, Slush – Хельсинки, Финляндия

 Жиынтықтың барлық шарттары –  мұнда. Жоғарыда сілтемеге өтіп, 20 шілдеге дейін сағат 23-59 минутқа дейін өтінім беру керек.

Анықтама:

1.  Astana Hub – бұл IT-стартаптардың халықаралық технопаркі. Біз қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуы үшін жағдай жасаймыз. Astana Hub миссиясы – инновациялық жобаларды дамыту орталығына айналу, серпінді IT-компанияларды шығару, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен жас және талантты IT-мамандарды тарту ошағы болу.

2. Astana Hub Roadshow – бұл стартап-жобаларды кешенді дайындау және олардың әлемдегі ірі технологиялық іс-шараларға қатысуы. Astana Hub «Roadshow» бағдарламасының негізгі міндеті – жобаларға халықаралық әріптестерді, шетелдік инвестицияларды тартуға және олардың халықаралық нарықтарға шығуына технопарктің стартап-командаларына жәрдемдесу болып табылады.      

3. Nomi – бұл wi-fi роутер, ол SIM-картаны ауыстырмай-ақ және бүкіл әлем бойынша роуминг үшін артық төлем төлемей байланыстарға шығуға мүмкіндік береді.

4. AR in Education – білім берудегі толықтырылған нақтылық бағдарламасы.

5. Clockster – бұл face ID арқылы HR автоматтандырудың бұлтты жүйесі.

Comments