Стартаптармен танысу. «Bnect» жобасы

9-December-2019 | 96 views

Astana Hub акселерация бағдарламасына кірген қазақстандық жас кәсіпкерлермен танысуды жалғастыра отырып, «Bnect» стартапының негізін қалаушылардың бірі Медет Әжімбаевпен (Нұр-Сұлтан қ.) болған сұхбатты ұсынамыз.

Медет және оның командасы мобильді сауда алаңын дамытумен айналысады.

1.      Жоба туралы толығырақ айтып берсеңіз және оның бірегейлігі неде екенін түсіндіріп өтсеңіз?

 Bnect ([бинэ ' кт], аббр. «Business connect») – бұл бір жағынан құрылыс компаниялары үшін мамандандырылған техниканың шығыс материалдары мен қосалқы бөлшектерінің маркетплейсі, екінші жағынан жеткізушілерге арналған тапсырыстар мен мәмілелердің агрегаторы.

Біздің өнім мамандандырылған техниканы шығыс материалдарымен және қосалқы бөлшектермен жабдықтау және сатып алу үдерістеріндегі шығындарды айтарлықтай қысқартуға бағытталған, сондықтан біздің клиенттерімізді негізінен құрылыс, логистикалық компаниялар, арнайы техникалар паркі бар ұйымдар құрайды.

Платформада ресми дилерлер, дистрибьюторлар, тексерілген жеткізушілер мен өндірушілер біріктірілген. Жабдықтаушылар мен механиктер мобильді қосымшаның көмегімен талап етілетін материал бойынша сұрау сала және жеткізушілерден арнайы ұсыныстар ала алады, сондай-ақ, тапсырыс мәртебесін қадағалап және тауарды межелі пунктке дейін жеткізу туралы хабарлама ала алады.

Негізгі идея, тапсырысты жүзеге асыратын механиктің немесе жабдықтаушының қағаз талшығы мен есептілігі туралы алаңдауына негіз жоқ, ал басқарушы ұйым қандай да бір шешімдер қабылдау үшін ашық процесс пен есеп ала алады.

Атап өтерлігі, Bnect бүгін Play market алаңындағы Android нұсқасында қол жетімді.

2.      Қазір сіздің жобаңыз қандай сатыда?

Astana Hub акселерация бағдарламасының арқасында біз гипотезаларды тұрақты тексеру нәтижесінде біздің өнім үшін ең оңтайлы бизнес-модельді анықтай алдық. Қазір біздің команда Қазақстанның ірі құрылыс салушыларының бірі – BI Group компаниясының жобаларында табысты жұмыс істеуде. Мұндай ірі ұйымға өнімді енгізу бізге ең таңдаулы қажеттіліктерді ескере отырып, өнімді жөнелтуге және өнімді Қазақстанның бүкіл нарығына масштабтауға дайындауға мүмкіндік береді. Мысалы, жоспарланған әзірлемелердің бірі, құжат айналымының барлық үдерісін автоматтандыру болып отыр. 

3.      Сіздің команда Astana Hub акселерация бағдарламасына қандай міндеттер қойып отыр?

Міндеттер келесідегідейе:

•  Релевантты бизнес-модельді таңдау

• Команда мүмкіндіктерін ескере отырып, еселеніп өсудің барлық ықтимал нүктелерін анықтау.

• Бірінші клиенттер мен инвесторларды тарту

Біздің команда 20-дан астам жобаларда бірлескен жұмыс тәжірибесі бар 7 адамнан тұрады.  Жоба үшін функционалдық тұрығдан да, идеологиялық жағынан да толыққанды команда болу өте маңызды. Принциптер мен құндылықтардың бірыңғай тізбесі өнімділікке әрдайым оң әсер етеді.

4.      Astana Hub акселерация бағдарламасы туралы қайдан білдіңіз?

Біз Astana Hub IT-жобалары технопаркінің бар екенін білдік, бірақ командамен бірге біздің ортақ арманымызды іске асыру – стартаперлер болу үшін шешім қабылдағанға дейін нақты бағдарламалар мен оның қызметі туралы түсінік болған жоқ. Біз Интернетте жас кәсіпкерлерді қолдаудың барлық институттарын зерделеп, 4.0 Акселераторында өз күшімізді тексеруді шештік. Үміттеріміз өздерінен асып түсті.

 Astana Hub командасы «Bnect» стартап-жобасының негізін қалаушылардың бірі Медет Әжімбаевқа әңгімесі үшін алғысын білдіріп, командаға алдағы уақытта табыс тілейді.

Comments