Astana Hub Израильмен инновациялық технологиялар саласында тәжірибе алмасуда

9-December-2019 | 213 views

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Аблайхан Оспанов бастаған Astana Hub 12-15 тамыз аралығында «Israel Innovation Study Tour» (Израиль мемлекетімен инновация саласында тәжірибе алмасу бағдарламасы) қатысушылары болады және ірі инновациялық ұйымдар мен озық технологиялық кәсіпорындарға барады.

Израиль Мемлекетінің экономика министрлігінің қолдауымен бір апта бойы қазақстандық қонақтарды – Израильдің инновациялар жөніндегі басқармасы (Israel Innovation Authority) – мемлекет қаржыландыратын тәуелсіз агенттігі ертіп жүреді. Бұл агенттік жергілікті және халықаралық инновациялық экожүйелердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржыландырудың практикалық құралдары мен платформаларын ұсынады, тұтастай алғанда елдің инновациялық саясатына жауап береді, инновациялық экожүйенің және израильдік экономиканың игілігі үшін әрекет ететін тәуелсіз және бейтарап мемлекеттік орган болып табылады.

Сапар аясында делегация салалық және академиялық сарапшылармен, сондай-ақ жоғары технологияларды дамытумен байланысты әртүрлі секторлардың нарықтарындағы білімдермен және нарық көрінісімен бөлісетін мемлекеттік қызметшілермен танысады және бірлескен инновациялық жобалар мен шешімдерді іске асыру бөлігінде ынтымақтастық түрлерін талқылайды.

 «Бүгінгі таңда Израиль – әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан стартап-хабтардың бірі. Startup Genome зерттеуі Тель-Авив қаласы экожүйесінің стартапын Кремний алқабынан кейін әлемдегі екінші деп бағалады, ал Bloomberg ұсынған инновациялық мемлекеттер рейтингінде Израиль АҚШ пен Ұлыбританияны басып озып, бесінші орынға ие болды. Ел соңғы онжылдықта венчурлық нарықтың әсерлі серпінін көрсетіп отыр және Astana Hub үшін бұл сапар – біздің елдеріміздің әріптестігін нығайту, тәжірибе алмасу және тұтастай алғанда әлемдік экожүйенің одан әрі екіжақты дамуына көңіл бөлу мүмкіндігі. Қазақстан серпінді және өте жақсы дамып келе жатқан нарық ретінде көптеген израильдік бизнесмендерге тартымды болып отырғанын мойындау керек, олар біздің елімізді танымалдыққа әкеліп отырған дәстүрлі салалар мен жоғары технологиялар саласында ынтымақтастықты қалыптастыруға ниетті.  Әрине, Израильдің прогрессивті нарығы табысты технологиялық прогрестің үлгісі және болашаққа өсу үшін бағдар бола алады, себебі біздің әріптестеріміз бұл салада сандық дамудың жоғары қарқынын көрсетіп, оны сақтап, инновацияларды таратуда көш бастап келеді», – дейді Astana Hub атқарушы директоры Әділет Нұрғожин.

Жұмыс сапары барысында делегация The Floor қаржылық технологиялардың жаһандық инновациялық орталығына, Иерусалимдегі Hadassah озық технологияларды беру жөніндегі медициналық орталыққа, IAI – Израильдің Ұлттық ғарыш үйіне, Нit – Холон технологиялық институтына, otwoi инновациялық консалтингтік тобына, Pearl Cohen халықаралық заң компаниясына және Open Valley кәсіпкерлеріне арналған коворкинг аймағына, Нam-Let Innovation Lab инновациялық зертханасына, Verint®Systems Inc және Check  Point компаниясына,  TECH7 Израиль технологиялық кәсіпкерлер қауымдастығына барады,  сондай-ақ, израильдік мемлекеттік және бизнес-құрылымдарымен технологиялық кәсіпкерлікті дамыту және венчурлік қаржыландыру саласындағы ынтымақтастықты талқылау бойынша бірқатар жұмыс кездесулері өтеді.

Сапар қорытындысы бойынша Израиль Мемлекетінің инновациясын енгізуді басқару, сондай-ақ Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамыту құралдарын іске асыру бөлігінде тәжірибе алмасу жоспарлануда.

Comments