Стартаптармен танысу. ISSU жобасы

9-December-2019 | 137 views

Қол жетімді бағамен ай сайын жаңа хош иісін алғыңыз келе ме? Онда Astana Hub акселерация бағдарламасының кезекті ISSU стартап-жобасымен танысыңыз.

Оның негізін қалаушы және CEO — Дәулет Айтмаханов өз бизнесін нөлден қалай ашуға болатынын айтты.

1.      Жоба туралы толығырақ айтып берсеңіз және оның бірегейлігі неде екенін түсіндіріп өтсеңіз?

ISSU – жас қыздарға ай сайын жаңа хош иістерді ашып және байқап көруге көмектесетін парфюмге онлайн жазылу қызметі. Бір, үш, алты немесе он екі айға жазылу арқылы клиент сайтта таңдаған кез келген парфюмнің бір айлық көлеміне (8 мл.) үйіне жеткізіп беруге тапсырыс бере алады. Осылайша, бір үлкен құтының бағасына адамдар 6 түрлі хош иістерді көре алады.

 Мен ISSU-ді бастаған кезде, біздің нарықта адамдарға тән негізгі 3 проблеманы таптым:

1)      Таңдау күрделілігі: яғни, біздің зерттеулеріміздің қорытындысы бойынша, қыз бала өзіне мүлдем жаңа парфюм құтысын сатып алған кезде, нәтижесінде оның таңдауы – ол болмай шығады, сөйтіп, ол парфюм сөреде шаң басып жатады немесе оны қыз достарына әлде туыстарына сыйлап жібереді.

2)      Жоғары баға: парфюм – бұл люкс сегменттен жасалған тауар және дизайнерлік брендтерге орташа чектер - $80, ал тауаша брендтерге - $350 құрайды. Біздің экономикамызды ескерсек, орташа статистикалық қазақстандық үшін бұл айтарлықтай қомақты сома. Егер әр екінші қыз өзіне ұнамайтын нәрсені сатып алар болса, бұл жоғалған бюджет.                    

3)      Пайдалану ыңғайлылығы: біздің елде және жалпы әлемдегі қыздардың көпшілігі сөмкеде парфюмді алып жүруге үйренген, бірақ олардың барлығы сауыт (үлкен, шыны, ауыр) факторының ыңғайсыз түріне шағымданады, бірақ бәрі кез келген уақытта өзінің парфюмін пайдалануға мүмкіндік алғысы келетінін жасырмайды.  Осы мәселелерді шешу үшін біз ISSU-ді құрдық.

Біріншіден, біз machine learning базасында ұсыныс қозғағышын жасаймыз, ол нақты клиентке сәйкес хош иістерді таңдап береді. Сіз біздің сайтқа кіргеніңізді елестетіңіз, өзіңіз туралы және өз қалауыңыз туралы бірнеше сұрақтарға жауап бересіз, бірнеше секундтан кейін сайт сіздің мәліметтеріңізді талдай отырып, Сізге ТОП-3 хош иісін таңдап береді, олардың сатып алу кезінде Сізге 99% ұнайтыны сөзсіз. Ал уақыт өте келе, пайдаланушылар туралы деректер массивінде бола отырып, біз бьюти индустриясындағы сол немесе басқа өнімдерге сұранысты болжап, пайдаланушылар үшін нақты ұсыныстар жасай аламыз.   

Біздің өнімнің тағы бір ерекшелігі – біз жазылу қызметін жасаймыз.  Дәстүрлі ритейл бизнесі ескіріп келеді, ол қызмет көрсету тұрғысынан қымбат және пайдаланушылық тәжірибе тұрғысынан дамымай отыр.  Сондықтан біз онлайн нарықты жаулап алып, жазылудың жаңа бизнес моделін енгізуді шештік.

 Жазылымның мәні мынада, тіркелген және қол жетімді сомаға сіз ай сайын парфюм порциясын көп емес және кем емес айлық көлемде алатын боласыз, және де тиісінше, сізге қажет нәрсе үшін ғана төлейсіз. Яғни, сіз бір ай бойы пайдаланбайтын нәрсеге бірден артық төлемейсіз.  Бұл 2 фишка, бізді бьюти индустриядағы бірегей e-commerce стартап етеді.

 2.      Қазір сіздің жобаңыз қай сатыда?

 Біздің жоба алғашқы сату сатысында. Жарты жыл ішінде біз бүкіл Қазақстан бойынша 400 сату жасадық және Ресейден тапсырыстар ала бастадық. ТМД бойынша жобаға әзірше балама жоқ. Негізгі баламалар АҚШ пен Германияда орналасқан. Қазіргі уақытта біз жазылымның бизнес-үлгісін енгізуге және сатуды ұлғайтуға бағытталғанбыз. Ұсыныс қозғалтқышы MVP сатысында. Неге олай, керісінше емес дерсіз? Өйткені Қазақстанда технологияны әзірлеуге инвестиция тарту мүмкін болмай отыр. Ал тексерілген бизнес-модельге мүмкіндік бар.

Бизнес моделі келесідей. 7990 теңгеге сіз travel size сауытында 8 мл көлемінде кез келген дизайнерлік хош иісті (Chanel, Gucci, Dior және т.б.), және 14990 теңгеге кез келген тауашылық хош иісті (Creed, Tom Ford, Montale және т.б.) сатып аласыз. Бұл ай сайынғы жазылу. Мұндай модельді ұнататын клиенттер 3, 6 және 12 айға жазылуды бірден ресімдеп және одан да көп үнемге қол жеткізе алады. Осылайша, 1 жыл ішінде клиент әдеттегідей 1 немесе 2 хош иісті емес, 12 түрлісін сатып алады. Екі санатқа орташа чектер $80 және $350 құрайтынын ескере отырып, бұл өте жақсы мәміле екенін атар едік.  ISSU-дің негізгі құндылығы да осында – ай сайын жаңа хош иісті ашыңыз.

  3. Сіздің команда Astana Hub акселерация бағдарламасына қандай міндеттер қойып отыр?

 Акселерация бағдарламасына қойып отырған негізгі мақсат – инвестиция раундын тарту және Ресей нарығына шығу. Біздің команда сондай-ақ сату, операциямен айналысуды жалғастырады, ал бұл уақытта мен инвестицияларды тартумен айналысамын.

Мен үшін, жобаның негізін қалаушы ретінде, ең маңызды міндет әрдайым командаға пысық жастарды тарту болды. Менің түсінігімде, стартаптың табысты дамуы үшін 3 фактор бар: команда, нарық және бизнес-модель. Дәл осындай басымдықта. Біз үшін команда да ең маңызды актив.

Мен адамдарды жобаға тарта бастағанда, бір қағиданы негізге алдым – менімен салыстырғанда сол уақытта нақты бір нәрселерді бірнеше есе жақсы жасайтын жастарды тарту және компаниямен болашақта он есе өсуі мүмкіндігі еді. Осылайша, командаға қосылған алғашқы адам Әйгерім болды. Оның келуімен бізде сату бірден өсті, клиенттік бағдарлану бойынша түсінік пайда болды, мен осы блогты және соның ішінде операциялық міндеттерді өкілдігіме алдым. Осы жылдың мамыр айында, біздің SMM менеджері Айжамал үш айлық тағылымдамадан сәтті өтті. Оның еңбекқорлығы мен жаңаны білуге деген оқу ынтасы бізді тәнті етті, қазір ол таптырмайтын маман.

 

Менің ойымша, стартап акселерациясы – бұл жобаға капиталды тарту және жобаның жалпы құнын ұлғайту. Осы тұрғыда, Astana Hub бізге барынша көмектесетінін атап өткен жөн.  Біз Сингапурға және Мәскеуге Rodshow бағдарламасы аясында венчурлік қорлармен және періштелік инвесторлармен кездесуге бардық. Қазір біздің бизнесті дамыту бойынша белсенді келіссөздер жүргізілуде. Мұндай іс-шараларда ең пайдалысы – бұл нетворкинг. Жоба экономикасы тұрғысынан, біз барлық digital арналарын, соның ішінде Facebook Family және Google-ді тексереміз. Бүгінгі таңда біздің алға жылжуымыздың негізгі арнасы – ол әлеуметтік желілердегі инфлюенсерлер. Демек, бұл арнада жоба экономикасының оң екені байқалады.

 Сондай-ақ, акселерация кезінде мен Ресейдің миллиондар қалаларында жобаны масштабтауға көмектесуге дайын Ресейден келген кофаундер сипатындағы жаңа серіктесімді кездестірдім және жаңа жылға таяу уақытта жобаны Мәскеу нарығына ұсынбақ.

4. Astana Hub-тың акселерация бағдарламасы туралы қайдан білдіңіз?

 Біздің жоба Astana Hub қабырғасында пайда болды деп айтуға болады, өйткені мен мұнда инкубациялық бағдарламаға түстім. Ал содан кейін инкубатордағы нәтижелерді көрсете отырып, біз акселераторға өттік. Кез келген стартапшы акселерациялық бағдарламаға өтуді қалайды, бірақ әрбір акселератор барлық тілек білдірушілерді көруге құлықты емес. Сондықтан стартапшылар, әдетте, бағдарламаға қатысуға ұсыныс түспес бұрын, мұқият конкурстан өтеді. Біз барлық Astana Hub командасына кәсіби қолдау мен үздіксіз білім бергені үшін алғыс айтамыз.

Astana Hub командасы «ISSU» стартап-жобасының негізін қалаушы және СЕО Дәулет Айтмахановқа әңгімесі үшін алғысын білдіріп, командаға алдағы уақытта табыс тілейді

Comments