Стартаптармен танысу. «FeebMe» жобасы

9-December-2019 | 118 views

Astana Hub акселерация бағдарламасына жобалары кірген қазақстандық жас кәсіпкерлермен танысуды жалғастыра отырып, «FeebMe» (Нұр-Сұлтан) және «G1 Software Kazakhstan» ЖШС стартапының негізін қалаушы Олег Сотниковпен жүргізген сұхбатты ұсынамыз.

Олег және оның командасы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен айналысады.

 

FeebMe – бұл мобильді қосымшасы, әкімшілік тақтасы және web-нұсқасы бар үлкен сандық платформа. Бұл инновациялық жүйе пайдаланушылардың қоршаған ортамен – мемлекеттік органдар және жеке компаниялардан бастап ақылды үйлер мен ақылды өндіріс элементтерін басқаруға дейінгі өзара іс-қимылын құру бойынша кең ауқымды міндеттерді шешуге арналған. Платформа микро сервистік сәулетте құрылған, пайдаланушыларға қызмет көрсету үшін функционал мен жүктемені іс жүзінде шексіз масштабтауға мүмкіндік береді. FeebМe өзіндік аппараттық модульдері тапсырыс берушілердің жүйелерді әзірлеудің қажеттілігінсіз физикалық әлеммен өзара іс-қимылдың қажетті функционалын бірден қосуға мүмкіндік береді.

FeebMe – пайдаланушының әлеммен өзара әрекеттесуі бойынша инновациялық платформаның бір бөлігі. Қосымша пайдаланушыға оның жиі кіріп және өзара әрекеттесуіне ықпал ететін, оны қызықтыратын орындарға жазылуға мүмкіндік береді. Әрбір кеңістіктің ішінде пайдаланушы үшін түрлі модульдер – жаңалықтар, оқиғалар, сұраулар, шағымдар, дауыс беру, идеялар, құжаттама және контактілер қолжетімді. Кеңістіктің бір бөлігі жабық болуы мүмкін және пайдаланушы олармен өзара іс-қимыл жасамас бұрын, кіруге өтінімді модерациялау рәсімінен өтуі талап етіледі.

Кеңістік – бұл кез-келген модульдердің жиынтығын біріктіретін және кеңістік иесінің контентіне толы FeebMe-дің арнайы құрылған бөлімі. Feebme платформасын пайдалана отырып, сіздің, электрден бастап, сигнал беруді басқаруға дейін, яғни сіздің үйіңіздің параметрлерін бақылау және басқару үшін көптеген белгіштерді, сенсорларды және тетіктерді қосу мүмкіндігіңіз бар. Бұл әлеуметтік желілердегі топтарға ұқсайды. Бұл идеяның мағынасы, адам өмірде пайдалы кеңістіктерге жазылады.

Мысалы, егер сіз елордада жұмыс істеп жатсаңыз, онда қаланың кеңістігіне жазыла аласыз және қала жаңалықтарын алуға, көруге, нақты уақыт режимінде жабық жолдар туралы, мектептерде сабақтардың болмайтыны туралы ақпарат алуға, өз идеяларын ұсынуға немесе әкімшілік аппаратына шағымдар мен ұсыныстарды жіберулеріне болады.  Кеңістікті құрушылар үшін пайдаланушылардың өзара іс-қимылы мен басқаруына арналған көптеген құралдар бар.

•        Кеңістікті пайдаланушылардың тартылуын бағалау

•        Кері байланысты тиімді басқару

•        Бөгде жүйелерді интеграциялау үшін икемді API

Қосымша ішіндегі бірегей сервис «Мектеп» жобасы болып табылады. Енді оқушы мектеп ішінде зат сатып ала алады, турникеттер мен басқа да көптеген нәрселерді өзінің смартфоны, көлік немесе FeebMe арнайы картасы арқылы аша алады.

Әрбір мектеп өз кеңістігін ашады және іс жүзінде жеке қосымшаны пайдалануға алады. FeebMe-ді енгізумен ата-аналар баланың іс-әрекетін онлайн бақылау бойынша көптеген мүмкіндіктерге ие болды. Қосымшада push-хабарламалардың көмегімен баланың мектепке кіруін және шығуын қадағалауға, тамақтану бюджетін жоспарлауға, мектеп ішінде баланың жасаған төлемдерін қадағалауға және тіпті аллергия немесе диеталар жағдайында белгілі бір азық-түлік мазмұнымен тамақ сатып алуды шектеуге болады.

Мектеп асханасы мен кіруді цифрландыру – іске қосылған жүйенің айсбергінің басы ғана. Оқушылар мен олардың ата-аналарына мобильді қосымшада мектеп жаңалықтары, маңызды хабарландырулар, мектеп іс-шараларының күнтізбесі, сауалнамалар мен дауыс беруге қатысу, мектеп процесін жақсарту бойынша өз идеяларын ұсыну, сондай-ақ асханада тамақтанудың сапасы туралы пікір қалдыру мүмкіндігі бар.

FeebМe-дің мектептерді цифрландыру және қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бағалай алды. Мамыр айында мемлекет басшысы Қазақстан үшін цифрландыру бойынша жаңа отандық жүйе жұмыс істейтін №68 мектепті аралап көрді. Біз Астана мектептерінің ондығына FeebMe-ді енгіздік, ал жаңа оқу жылының басында қолма-қол ақшасыз төлем Нұр-Сұлтан қаласының барлық мектептерінде іске қосылады.

2.Қазір сіздің жобаңыз қай сатыда?

FeebMe қарқынды өсу кезеңін бастан кешіруде, ал «Мектептер» сияқты жобалар өте көп. Біз ең аз өміршең өнім, MVP тұжырымдамасы бойынша жұмыс істейміз. Бұл бізге дайын әзірлемені тез енгізуге және жедел пысықтап жетілдіру үшін кері байланыс жинауға, сондай-ақ, одан әрі даму стратегиясын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазір біз қызықты және әлеуметтік идеялары бар стартаперлерге біздің платформаны бизнесті дамыту үшін пайдалануды ұсынудамыз. Көбінде бастапқыда салым және іске асыруға уақыт жоқ, ал бұл кезде біз FeebMe базасында өмірді цифрландыру бойынша кез келген идеяларды іске асыра аламыз.

Кейбір модульдерді пысықтау үшін ең көп дегенде 1-2 ай қажет, содан кейін біздің серіктес дайын платформаны, техникалық сүйемелдеуді ала алады және бастапқы кезеңде әзірлеуге ешқандай шығындар болмайды.

Біз идеялардың «атылуына» және дамуына мүдделіміз, стартап тұрақты пайда әкеле бастағанда ғана біз жүйені пайдаланғаны үшін аз ғана пайыз аламыз.

Идеялары бар адамдарды, командаларды ынтымақтаса отырып, жұмыс істеуге шақырамыз, өз кезегінде біз оларды іске асыруға көмектесеміз!

3.Сіздің команда Astana Hub акселерация бағдарламасына қандай міндеттер қойып отыр?

Басты міндет – біздің өнімді ілгерілетуде көмек алу, мұнда ақпараттық қолдау және мемлекеттік органдармен, ірі корпорациялармен диалог құру кіреді.

4. Акселерация бағдарламасы туралы қайдан білдіңіз?

Біз Қазақстанның ІТ-қауымдастығының белсенді қатысушыларымыз, әр түрлі іс-шараларға, жиналыстарға және митаптарға үнемі қатысып отырамыз. Сондай-ақ, акселерация қатысушыларының тиімділігі мен қолдауы туралы жиі еститін түрлі чаттар мен арналарда бармыз. .

Astana Hub командасы «FeebМe» стартап-жобасының негізін қалаушы Олег Сотниковке әңгімелескені үшін алғысын білдіреді және барлық командаға сәттілік тілейді. 

Comments