Стартаптармен танысу. «reKASSA» жобасы.

9-December-2019 | 165 views

Әлемдегі ең қарапайым және ыңғайлы кассалық аппаратты Astana Hub- reKASSA стартап-жобасының командасы ойлап тапты.

reKASSA — ҚР-дағы бақылау-кассалық машиналарға қойылатын барлық талаптар мен әдеттегі және қарапайым калькулятордың ыңғайлылығын біріктіріп, үздік тәжірибелерді есепке ала отырып жасалған. Ескі үлгідегі   кассалық аппаратты сатып алуға қосымша шығындарды төлемеу үшін мобильді қосымша түрінде ресімделген.

Заманауи калькулятор туралы жобаның негізін қалаушылардың бірі Данияр Асанов толығырақ айтып берді.

1. Жоба туралы толығырақ айтып берсеңіз және оның бірегейлігі неде екенін түсіндіріп өтсеңіз?

reKASSA – бұл тегін мобильді қосымша – микро-бизнес иелеріне 60 000 теңгеден үнемдеуге мүмкіндік беретін кассалық аппарат.

Қазір онлайн кассалық аппараттар нарығында классикалық және бағдарламалық шешімдер бар. Олар фискалдық деректер операторларымен қосылуы мүмкін және олар арқылы кәсіпкердің кассалық операциялары туралы ақпаратты фискалдық органға беруден қорғалады. Классикалық аппараттардың құны 60 000 теңгеден асады, оларға ұйымның деректемелерін баптау үшін маман қажет, сонымен қатар олар тек арнайы SIM-карта арқылы жұмыс істейді. Оларды аппаратты сатып алғанға дейін тексеруге болмайды және олар электрондық чектерді бермейді, тек басып шығарылған нұсқаны береді.

Бағдарламалық кассалық шешім бұл тұрғыда мейлінше технологиялы және бір рет басып чекті мессенджерге немесе чектік принтерге жібереді. Кез келген Wi-fi интернетті немесе мобильді деректерді пайдалануға болады. Бағдарламалық кассалық аппараттардың Демо-режимі пайдаланушыға лицензия сатып алынғанға дейін функционалмен және интерфейспен танысуға мүмкіндік береді. Осыдан-ақ, цифрлы технологиялар жұмысты жеңілдетіп, сіз бен біздің өмірімізді оңайлатады деген қорытынды шығаруға болады.

Біздің шешімнің өте ыңғайлы пайдаланушы интерфейсі бар, бағдарламаның бастапқы экраны әдеттегі калькулятор сияқты көрінеді, ал мәзірде егжей-тегжейлі нұсқаулары жазылған бөлімдер бар. Қосымшаның қарапайым игерілуі біздің шешіміміздің жалғыз бірегейлігі емес. Бізде ең икемді баға саясаты бар. Біз шағын және микробизнес шығыстарға аса сезімтал екенін білеміз, осы жағдайларды ескере отырып, біз мобильді қосымшаны толығымен тегін, абоненттік төлемсіз жасадық. Бұл бүгінгі күні елдегі жалғыз тегін шешім. Қосымша кассалық аппараттың барлық базалық функцияларын орындайды. Ірі бизнес үшін тарифтермен компьютерлік нұсқа қарастырылған, оны пайдаланушы қалауы бойынша қоса алады, мысалы, егер бизнес дамитын болса: кассадағы қызметкерлер саны және сауда нүктелерінің географиясы өседі. Сонымен қатар, тегін нұсқамен жұмыс істеу тәжірибесі бар пайдаланушы біздің кассалық шешіміміздің артықшылықтары мен функционалын білетін болады. Осылайша, біздің жобамыз цифрландыру ұлттық идеясына және 2019 жылы деректерді онлайн бере отырып, бақылау-кассалық машиналарды қолдануға толық көшу жолында өз үлесін қосады.

Жобаның идеясы мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін бізде мықты команда жасақталды, олар – негізін қалаушы Данияр Асанов пен Тимур Жүнісов, жобаның жетекшісі Руслан Сариев, сату бөлімінің басшысы Ербол Қалиасқаров және аутсорсинг әзірлеушілері жиналды.

2. Қазір сіздің жобаңыз қай сатыда?

Жобаның пайда болғанына бір жылдан астам уақыт өтті, бүгінде біздің iOS операциялық жүйесінде пайдаланушылар бар. Ағымдағы жылы Astana Hub акселерациялық бағдарламасына өту кезінде Android нұсқасын жасап, нарыққа шығардық.  Сондықтан пайдаланушылар саны қарқынды өсуде, өйткені Қазақстанда «GfK» нарығын зерттеу институтының деректері бойынша мобильді құрылғылардың 76% Android операциялық жүйесінде жұмыс істейді. reKASSA Қаржы министрлігінің талаптарына сәйкес келеді және Қазақстан Республикасының бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне №214-ші болып енгізілген. Еліміздің кәсіпкерлері біздің кассаны оңай тіркей алады және жұмыста қуана пайдаланып, барлығына кеңес береді.

Біз сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы бақа елдерден сұраныстарды жиі аламыз. Бізге Польша, Ресей, Украина кәсіпкерлері жүгінді және барлығы біздің қосымшамызды өз нарықтарында көргісі келеді. Біздің жақын арада халықаралық нарыққа шығу жоспарымыз бар.

3. Сіздің команда Astana Hub акселерация бағдарламасына қандай міндеттер қойып отыр?

Біз нақты бизнес модельді анықтау және осы салада нетворкингті дамыту мақсатында акселераторға келдік. Сондай-ақ, бағдарлама барысында біз бизнес үдерістерін құру және бизнесті жаңа елдерге қалай масштабтау керектігін түсіндік. Біздің бірінші кезектегі міндетіміз, Android-қа арналған нұсқаны жазып, кассалық шешімге байланысты жаңа өнімдерді әзірлеу болды. Іс-шаралардың бірінде біз банкпен байланыс орната алдық және POS-терминал жобасын дамытуды жоспарладық.

4. Astana Hub-тың акселерация бағдарламасы туралы қайдан білдіңіз?

Біз ең басынан бастап Astana Hub дамуын қадағаладық және оның әлеуметтік желілердегі беттеріне жазылған едік. Сол жерде акселерация бағдарламасы туралы білдік, сондай-ақ таныстарымыз бағдарламаға қатысуға өтінім беруге кеңес берді. Акселерациялық бағдарламаның төртінші ағымының қатысушысы болу бақытының бұйырғанын сәттілік деп білеміз, себебі бұл жерде командаға бизнес-модельді әрмен қарай алып кетуге, қажетті контактілерге ие болуға және сатуды ұлғайтуға көмектесетін құрылымдалған бағдарлама ұсынылған. Акселератор ақшалай инвестицияларды қажет етпейді. Өсуде көмек көрсету, соның ішінде білім беру бағдарламасы — бұл да инвестиция. Сондықтан біз осындай озық қауымдастықтың бір бөлігі болғанына өте қуаныштымыз.

Comments