Стартаптармен танысу. «Мой учет.kz» жобасы

9-December-2019 | 139 views

Astana Hub акселерациялық бағдарламасы аясында стартаптар базасы тағы да пайдалы жобамен толықты – бұл «Мой учет.kz» онлайн сервисі.

Бастауыш кәсіпкерлер өз жұмысында салық салу, бухгалтерлік есеп немесе еңбек мәселелеріндегі қиындықтар мен түсініксіз жағдайларға тап болады.

 «Проблемаларды шешу үшін бизнесмендер қызметі аз ақша тұрмайтын құзіретті сарапшыларға жүгінуі мүмкін немесе біздің сервистің қызметтерін пайдалана алады», - дейді жобаның негізін қалаушы Батырұлан Аймышев (Нұр-Сұлтан қ.).

1.Сіздің жобаның бірегейлігі неде екенін айтып бере аласыз ба?

2012 жылы кәсіпкерлікпен айналыса бастап мен, бизнеске есеп жүргізу барысында белгілі бір қиындықтарға тап болдым. Бастапқы кезеңде мен барлық ісімді ескі әдіспен, қағазға жазып жүргіздім, содан кейін Excel-ге көштім. Өкінішке орай, бұл есеп форматы көптеген қателерге жол берді, өйткені жаңа құжатты жасай отырып, біз әдетте бастапқы құжатты көшіреміз, ондағы өзгерістерді орындаймыз, тапсырыс берушіге береміз, ал құжаттарды қателер туралы ескертулермен бірге кері аламыз. Бағдарламашы бола отырып (менің әзірлемеде 16 жылдан астам жұмыс тәжірибем бар – Батырұланның ескертпесі), мен жұмыс істеу ыңғайлылығы үшін жүйе құрдым, оның көмегімен есеп жүргізуже құжаттарды қалыптастыру оңай болды, сонымен қатар жүйе салықтар мен декларациян автоматты түрде есептеді.

Біраз уақыттан кейін кәсіпкер-әріптестер компьютердегі (офф-лайн) қандай да бір жүйені қолданатынымды байқап, оларға бухгалтерлік есеп процесін оңтайландыра отырып, көмек көрсетуді сұрады. Бұдан әрі менің жоба «ішкі пайдалануға арналған» шеңберінен шығып, жаһандық дамуды қажетсінді. 

Команда құрылды, біз Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікке жүгіне отырып,  5 млн.теңге көлемінде грант алдық. Бұл қаржы көпшілікке енгізу үшін тәжірибелі үлгі жасауға және серверді сатып алуға мүмкіндік берді. Біз «Қазақтелеком» АҚ орталығында серверді орнаттық. Осыдан бастап ««Мой учет.kz» сервисі ресми түрде іске қосылды Бізде алғашқы пайдаланушылар пайда болып және алғашқы сатылымдар болды.

 «Мой учет.kz» -  бұл шағын бизнеске арналған онлайн бухгалтерия, оны пайдалану кезінде бухгалтерлік есеп саласындағы білімді меңгерудің, ҚР Салық кодексіндегі өзгерістерді қадағалаудың қажеті жоқ. Сервистің жұмысы соншалықты қарапайым, тек ақпарат енгізу қажет, ал жүйе барлық құжаттарды автоматты түрде дайындайды, салықтарды есептейді және салық декларациясын қалыптастырады.

Біздің қызметіміз елімізде миллионға жуық деп шамасындағы жеке кәсіпкерлерге арналғандықтан «жеңілдетілген» нұсқада.

Егер экономика туралы айтатын болсақ, біздің сервисіміздің жылдық қызмет көрсетілімі бизнес иелеріне 15 мың теңгеге (50% жеңілдік есебімен) шығады.  Біз жылдық, жарты жылдық қызмет көрсетуді, сондай-ақ 3 айлық және айлық тарифтерді ұсынамыз.

Жобаның артықшылығы мен бірегейлігі – оның қолжетімді құны мен жеңіл бейімделуі болып табылады. «Мой учет.kz» банк жүйелерімен, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің салық төлеушісінің кабинетімен, пошта операторымен және Beeline ұялы байланыс операторымен интеграцияланады. Сервис бастапқы құжаттар мен салық есептілігін дайындау бойынша рәсімді автоматтандырады. Біздің сервисті пайдаланған кезде кәсіпкер бизнеспен айналысады, ал салық және салық декларациясы кесте бойынша өз бетінше тапсырылады. Бұл өз кезегінде уақытты, ақшаны үнемдейді және жалпы кәсіпкерге бизнесті жүргізуді жеңілдетеді.

Біздің командамызда 5 адам: мен – 2 республикалық ақпараттық жүйені құру тәжірибесі бар негізін қалаушымын; Олег Рейтаров – маркетолог, ол Қазақстан нарығында Ресейде танымал Ольга Гринюктің брендтік дизайнерлік көйлектерін табысты сата білді, Сапар  Сатаев – бізде инвестицияларды басқарады,  ол сондай-ақ «Самұрық – Қазына» ұлттық әл - ауқат қоры» АҚ-дағы басты инвестициялық менеджер; Қанат Базаралы-қазіргі уақытта АҚШ-та оқып жатқан дистанциялық әзірлеуші және жобаның әкімшісі-Андрей Зеленовский, сондай-ақ серверлерді әкімшілендіруде үлкен тәжірибесі бар маман.

Құрамның жоғары құзыреттілігіне қарамастан, біздің де, кез келген жобадағыдай «әлсіз тұстарымыз» болды. Мысалы, бізде идея, жұмыс өнімі бар, бірақ біз оны дұрыс масштабтауымыз керек. Google, Yandex, Facebook, Instagram, email-маркетинг, браузердегі Push- хабарламалары сияқты барлық сандық сатылым арналарын қолданамыз. Біз әлеуметтік белсенді қызмет жүргіземіз, атап айтқанда IT-конференцияларға қатысамыз, мен «Атамекен» ҰКП-да салық есептілігі бойынша тұрақты курстар өткіземін. Алайда, біз қолданған әдістер мен алға жылжу арналары біз күткен нәтижелерді әкелмеді. Сондықтан біз Astana Hub акселерациялық бағдарламасына жүгіндік, онда өз ісінің кәсіпқойларынан үлкен қолдау алдық.

 2. Қазақстанда стартапты ашу және масштабтау қиын ба?

Статистика бойынша Қазақстанда бизнесті ашу бойынша рейтинг жоғары - электрондық үкімет порталында тінтуірді бірнеше мәрте шерту арқылы ЖК немесе ЖШС ашу туралы хабарлама алуға болады. Кәсіпкерлік қызметке ниет пен рұқсаттың болуы жақсы, бірақ маңыздырағы идея. Бизнес үшін идеяны әзірлеумен тіпті Astana Hub-та инкубация кезеңінде де акселерация көмектесе алады. Сіз бағдарламаға тіпті өнімсіз кіре аласыз және мұнда мамандар көмектесе алады.

Әдетте, барлық стартаперлер типтік қателер жасайды, олардан тәжірибелі тәлімгерлер сіздің жобаңызды қорғайды, бұл нарыққа жылдам шығуға көмектеседі. Акселерация бағдарламасы аясында сізге жобаның жылдам қарқын алуының басқа да «фишкаларын» және қалай масштабтауға болатынын түсінуге көмектеседі.

Өз мақсатын / арманын жүзеге асырумен қанаттанған жас кәсіпкерлер, әдетте, қателікке жол бердік немесе идеяның шынайылығында адастық деген ойға жол бермейді.  Біз де солай еттік, мысалы, өте үлкен жарнамалық бюджетті босқа шаштық. Astana Hub менторларының басты міндеті – біздің бизнес-идеяларымыз қаншалықты өміршең және рентабельді екенін түсіндіру. Егер оны жылжыту мүмкіндігі үлкен болса, онда әрекет ету үшін қуатты құралдарды ұсынады.

Қазір біздің сервисімізде 14 мың кәсіпкер тіркелген. Бұған дейін біз инвестиция тарту мүмкіндіктерін қарастырдық, бірақ Astana Hub-тың тәжірибелі трекерлері бізге негізінен масштабтауға кеңес берді, инвесторлар тартпай-ақ, ағымдағы бюджетті жаңа клиенттерге инвестициялау керектігін айтты. Біздің жоспарымызда халықаралық нарыққа - Өзбекстан мен Қырғызстанға (онда бізге аймақтық серіктес қажет болуы мүмкін) «шығу» бар.

3. Сіздің команда Astana Hub акселерация бағдарламасына қандай міндеттер қойып отыр?

Біздің жоба Astana Hub базасына екінші рет қатысып жатыр. Технопаркке біздің алғашқы қатысуымыздың сәтінен бастап команда жаңартылды, жаңа құрам сарапшыларында басқа көзқарастар, басқа тәсілдемелер. Жобаны масштабтауда алға жылжыту маңызды, сондықтан акселдің бағдарламасына қойылып отырған негізгі міндет, біздің жобамыздың еселеніп өсуі үшін қажетті жарнамалық тетікті іздеу және қолдану болып табылады. Бізді барлық нәрсеге өте сауатты трекерлер үйретті, мысалы, біз Astana Hub-та алғашқы рет акселерацилия бағдарламасына өткен кезде, Мәскеудегі интернет-бастамаларды дамыту қорынан жаттықтырушы Александр Дорошенко нақты бізбен жұмыс істеді. Калифорниядан Ник Митюшин SPACE және Opportunity Backlog әдістемесімен бөлісті, сондай-ақ Astana Hub акселерация бағдарламасының ағымдағы оқу шеңберінде дамудың ағымдағы кезеңін және масштабтау тәсілін анықтауға көмектесті.

Ең алдымен баға саясатын қайта қарау ұсынылды, біз оны қайта қарадық; содан кейін біз тиімді сату арналарын іздестіре бастадық. Біз ROISTAT арнайы бағдарламалық жасақтамасын (тура талдау жүйесі) сатып алдық, ол барлық сату арналарын бақылайды және қазір біз статистиканы жинаудамыз.  Бұл бізге автоматты түрде сату арналарын басқару мүмкіндігін береді. ROISTAT маркетолог қызметін атқарады, ол барлық түскен сандарды дұрыс қарастырады, жарнамалық науқанның ставкаларын өзгертеді және клиенттер көп мөлшерде тартылатын барлық арналарды іздестіреді. Әзірге динамика туралы айтуға ерте, бірақ аралық оң нәтижелер бар.

4.  Astana Hub-тың акселерация бағдарламасы туралы қайдан білдіңіз?

Біз мақсатты түрде бизнесімізді дамыту үшін қандай да бір бағдарламаларды іздеген жоқпыз. 2018 жылы Facebook-те жарияланым болды, оның соңғы күні екен, біз сол күні инкубация бағдарламасына жобамызды ұсындық.  Технопарктің құзыретті комиссиясы құжаттарымызды қарап, стартаптың ағымдағы жағдайын бағалады және бізді акселерациялық бағдарламаға бөлді.  Біздің Astana Hub-пен қызықты жолымыз осылай басталды.

Comments