Стартаптармен танысу. «turaQshare» жобасы

9-December-2019 | 125 views

turaQshare қаланың тұрғын үй кешендеріндегі паркингтерде тұрақ орындарын бір, екі сағатқа, тәулікке, аптаға және айға жалға берумен айналысады. Көпшілігінің қоятын сұрағы біреу: орынды қайдан аласыздар? Сатып аласыз ба? Жоқ, біздің серіктестеріміз болып тұрақ орындарының жеке меншік иелері табылады. Оларды елорданың тұрғын үй кешені жанында немесе кешенде жұмыс істеп жатқан қаланың автоәуесқойлары жалға алады. Біздің кең таралған юз кейсіміз болып (use case-бұл әрекет тізімі, сценарий бойынша пайдаланушы қосымшамен өзара іс-қимыл жасайды) – клиент табылады, ол, мысалы, банкте жұмыс істейді және ол күн сайын жұмыс жанында орын іздеуге уақыт жұмсайды. Жұмыстың жанында, әдетте, күні бойы бос тұратын тұрақ орындары бар тұрғын үй кешені бар.

Олар орындарды жалға алады. Дәлірек айтқанда, біздің қосымша оларға көмектеседі. Тұрақ орынының меншікті иесі болып табылатын адам жұмысқа кеткенде, өз орнын біздің мобильді қосымшаға хабарламаны орналастыра отырып, басқа бір адамға жалға бере алады. Конверсия бізде мынадай, әрбір төртінші тұрақ иесі, өзінің тұрақ орнын жалға бергісі келеді және бере алады, сөйтіп, сол арқылы табыс таба алады.  Әрине, ол содан байып, миллионер болып кетпейді, бірақ бұл ақшаны алдағы уақытта орынды күту бойынша коммуналдық қызметтерді төлеуге пайдалануға болады.

Біздегі тарифтер тіркелген. Адам аптасына немесе айға, не болмаса сағаттық жалға ала алады. Айына- жалға алу 15 мың теңге, 1 сағатқа – 120, тағы бізде регрессивті шкаласы бар, ол бойынша екінші және одан кейінгі сағаттарға сіз аз төлейсіз. Орташа есеппен 55 теңгеге шығады. Біз өз тарапымыздан тұрақ орнына, қауіпсіздікке, соның ішінде автоұрлықтан сақтауға кепілдік береміз.

Біздің стартаптың бірегейлігі сол, біз өз өніміміздің пайдаланушылары болып табыламыз. Көпшілігімізде көлік бар, мысалы, біз бұрындары «Министрліктер Үйіне» жиі баратынбыз, өзіңіз білетіндей, онда тұрақ орындарының жоқтығы сияқты проблемамен жиі жолығамыз, әсірее, бұл проблемамен қалың қар - жүретін жолды және бұрыннан жетіспейтін тұрақ орындарын жауып тастайтын қыс мезгілінде күресу өте қиын.

Сондай-ақ, елордада бұл іспен бізден басқа ешкім айналыспайды, сондықтан біз әзірге жалғызбыз. Біз ақылы автотұрақтар тетігін енгізу оңайырақ деп шештік (мысалы, Нұрлыжол бульвары бойында ұсынылған), басқаша айтқанда, тұрақ орындарының процесін «каннибализациялау». Біз бұл проблемаға ақылды көлік тұрақтары саласындағы үздік әлемдік жұмыстарды пайдалана отырып, жүйелі түрде қарауға тырысамыз. Қызығы сол, біз бұл жобаны өткен жылдың шілде айында Нұр-Сұлтанда өткен инновациялық байқауда бастадық, «ақылды қалалар» санатына қандай ұсыныс бере аламыз деп ойлаған едік. Міне, вуаля! «Ақылды қал» – бұл ең алдымен адамдардың проблемасын шешетін және олардың өмірін жеңіл әрі қарапайым ететін қала.

Енді, біздің команда туралы аз-кем мағлұмат.  Қазір біз 12 адамбыз. Басында 4 тең негізін қалаушы болды. Қазір үшеуіміз. Қалғандары-әзірлеушілер. Стартап жобасын бастауды ойлайтын барлық адамдарға айтарымыз, ол туралы миллион рет ойланыңыз, өйткені бұл сіз ойлағандай қарапайым емес.  Ал команда – бұл өнімді әзірлеу мен жылжытудың басты драйвері болатын сіздің бірінші активіңіз. Білесіздер ме, мен бір кездері стратегиялық консалтингте жұмыс істедім. «Airport test» деп аталады. Сізбен әрдайым жоқ дегенде тағы бір адам жобада жұмыс істейді.

Сұхбаттан өткен кезде серіктестер әрқашан сіздің қаншалықты әлеуметтік белсенді азамат екеніңізге ерекше көңіл бөледі және ойша мынандай бір сценарийді елестетеді: Сіз әуежайда 8 сағат бойы жоба бойынша әріптестеріңізбен тұрып қалдыңыз және сіздің мінез-құлықтарыңыз қандай – сіздер не туралы сөйлесесіздер? Сіз қаншалықты жан-жақтысыз? Сіз қандай музыканы қалайсыз? Бұл жағдай онсыз да күйзеліске толы, бірақ, бұл жерде адамның стартаптың жалпы философиясына қаншалықты органикалық сай келетінін байқап білуге оңтайлы сәттің де туып тұрғанын ескеріңіз.  Сондықтан, біз өз қателіктерімізден үйренеміз және оларды қайталамауға кеңес береміз. Командада жұмыс істей білу – үлкен еңбек.

2. Сіздің жобаңыз қай сатыда?

Біздің жобамыз қазір қаламыздың екі тұрғын үй кешенінде – Жасыл орамда және Bi City Seoul-де қолға алынған. Біз ынтымақтастық ұсынысымызға оң қараған BI Group компаниясына өте ризамыз. Сонымен қатар, екі тұрғын үй кешенінде да машина нөмірлерін тану камералары бар. Біз осы камераларға жүйемізді табысты біріктірдік, қазіргі уақытта Жасыл орамдағы камераларға біріктірілудеміз. Сонымен қатар, жақында Success стартапының (4.0 акселерациялық бағдарламасының қатысушылары) жастарымен таныстық. Олармен бірге біз қаланың тұрғын үй кешендерінде қақпалар мен шлагбаумдарды кедергісіз ашуды қамтамасыз етуді шештік.

Қазір біз біздің клиенттеріміз паркингтерге тез және жеңіл кіріп шығуы үшін «Жаңа әлем» тұрғын үй кешеніне кіру нүктелерінде олардың смарт-модульдеріне қол жеткізу үшін жұмыс істеудеміз. Біздің командамызда осындай белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Акселерация бағдарламасына қойып отырған бірнеше міндеттер бар: бағдарлама аяқталғанға дейін елорданың кем дегенде бес тұрғын үйіне жобамызды тарату, сондай-ақ, ең қолайлы сату арналарын сынап көру және түсіну. Біз әлі де біздің клиенттеріміздің қайда екенін және біздің мақсатты аудиторияымыздың қайда екенін толыққанды білмейміз.

Көпшілігі бүгінгі таңда әлеуметтік желілер сияқты ілгерілеудің түрлі арналарын пайдаланады. Мысалы, инстаграмды бүгінде сурет үшін немесе әңгімелесудің қатынас құралы ретінде емес, өз өнімін немесе бизнесін жылжытуға арналған платформа ретінде пайдаланады. Әзірге біз тегін жылжыту арналарын пайдаланамыз, алайда, осы аптадан бастап ақылы жарнама құюды және біздің мақсатты аудиториямыздың үлкен конверсиясы қайдан келе жатқанын көруді бастадық

Сондай-ақ, біз жақында Сингапурдан Echelon Asia Summit 2019-дегі Roadshow көрмесінен келдік. Тұңғыш Президент Қоры ұйымдастырған Smart Zholy стартап-байқауының жеңімпаздары атандық. Жүлде ретінде біз Сингапурға сапарға бару жолдамасына ие болдық. Біздің өнімімізге қызығушылық танытқан VC (venture capitals) және IT-компаниялармен танысып, көптеген пайдалы таныстар мен байланыстар орнаттық. Көптеген адамдар Grab сияқты стартап туралы естіген шығар, бұл Uber, тек оңтүстік-шығыс Азияға арналған. Қазір акселерациямен қатар Сингапурда turaQshare іске қосуға тырысудамыз.  Онда біздің жобамыз жеткілікті деңгейде релевантты.

3. Astana Hub-тың акселерация бағдарламасы туралы қайдан білдіңіз?

Біз әлеуметтік желілерден акселерация бағдарламасы туралы білдік. Қатысу туралы шешімді өте жылдам қабылдадық, өйткені бір факт нақты, күн сайын өз стартапыңмен айналыса отырып, ары қарай қайда жылжу, қандай тәсілдерді пайдалану, қандай серіктестерді тарту және бизнесті дамыту үшін тиімді шарттарды қайдан табуға болады деген сияқты көптеген нәрселерді     көз алдыңда жіберіп алу мүмкіндігің бар. Сондықтан біз акселерацияда алып жатқан білім іс-шараларын университеттегі оқумен салыстыруға болмайды деп сеніммен айта аламыз. 

Comments