Стартаптармен танысу. «Sitters.kz» жобасы

9-December-2019 | 195 views

Балалар – үлкен бақыттың кішкентай бөлшегі, әр ересек адамның өмірін шынайы қуанышпен және жылулыққа толтырады. 

Халықаралық балаларды қорғау күні – Astana Hub әрбір балаға мықты отбасын және бақытты балалық шақ үшін қажеттінің барлығын тілейді.

Мереке қарсаңында біз тәуліктің кез келген уақытында балаңызға көмектесуге дайын «Sitters.kz» стартап-жобасының негізін қалаушы Әсел Канкинамен әңгімелестік.

1.Жобаңыз туралы толығырақ айтып өтсеңіз, оның бірігейлігі неде?

 «Sitters.kz» – бұл Нұр-Сұлтан қаласындағы қолы бос емес ата-аналарға тәуліктің кез-келген уақытында баласына қарайтын және күтім жасайтын сағат сайынғы күтушілердің онлайн сервисі. Біздің командамызда үш басты адам: мен - әкімшілдік және басқару сұрақтарымен айналысамын (Әсел), Руслан - біздің өніміміздің маркетингі мен алға жылжуы үшін жауап береді, Тимур-әзірлеуші, біздің сайтымыздың барлық техникалық механизмдерін және біз қазір жұмыс істеп жатқан қосымшаларды білетін адам.

Жобаның құрылу тарихы осыдан 7 жыл бұрын, мен өзім алғаш рет ана болып, көмекшілерге зәру болғанда басталды.  Сол кезде интернет алғашқы ақпарат көзі болды. Мен көптеген сайттар, ресурстар арқылы күтушілерді іздедім, бірақ, шынымды айтсам, кепілді қызметті маған ешкім ұсына алмады. Бұл адамдардың барлығы (күтушілер) жеке тұлға болатын, сондықтан сапасына қатысты сұраныс сын көтермейтін. Осылайша мен, мен сияқты «мамалардың» миллиондап екенін түсіндім, егер осы проблеманы мен шешпесем, кім шешеді деген ой түйдім. Біз осы мәселе бойынша жұмыс істей бастадық, жұмыс барысында бірінші отандық supernanny.kz. сайты құрылды. Басқаша айтқанда бұл, Headhunter, Работа және nur.kz сияқты деректер базасы, тек үйдегі персонал сегментіне бағытталған.

Бұл былай жұмыс істеді: клиент (ата-ана) біздің сайтқа кіріп, кез келген параметрдегі күтуші сауалнамасына кіруге мүмкіндік беретін жазылымды сатып алады. Біз балаларға қарайласуға көмек бергісі келетін және азын-аулақ ақша тапқысы келетін жас қыздармен, әйелдермен ынтымақтастық орната бастадық.Әрі қарай жалғаса берді, командада «жұлдызшылар» пайда болғанын байқадық, олар сағаттық күтушілер болатын. Олар өз жұмыстарына сүйіспеншілікпен қарады және өз қызметтерін оқуымен немесе негізгі жұмысымен қатар алып жүре бастады.

Олар – кем дегенде бір жоғары білімі бар, бірнеше тілдерді білетін және түрлі қызығушылықтары мен хоббиі бар күтушілер болатын.  Белгілі бір базаны қалыптастыра отырып, біз тұрақты клиенттерге және өз бизнесімізде оң динамикаға ие болдық. Бізге аналар мен әкелер жиі жүгініп, оң пікірлер білдіре бастады. Біз «ескі» күтушілерімізбен сайттағы барлық сұрауларды жаба алмайтынымызды түсіндік және бізге бизнесті әрмен қарай жылжыту үшін жаңа қызметкерлер алу керек болды. Әрине, мұның да өз қиындықтары болды: «жаңадан келгендерді» оқыту, мамаларымызды жаңа тұлғалармен таныстыру, сенімді қарым-қатынас құру және т. б.

Біз бір шешімге келдік, сайтта болған табысты қайталағымыз келеді, бірақ бұл жолы өз ресурстарымыз бен күшімізді қайта қарауымыз керек. Мейлінше мобильді болу және Қазақстанның басқа қалаларына өз бизнесімізді масштабтау.

2. Қазір сіздің жобаңыз қай сатыда? 

Қазір біз «Sitters.kz» қосымшасын әзірлеу үстіндеміз. Біз supernanny.kz жобасының барлық шығындарын ескердік және біздің қосымша Uber.kz сияқты болады деп шештік, ол әрқашан қол астында, барлық функциялар шертуі бар және телефоны бар адамдардың барлығына қол жетімді.  Біздің қосымшада барлық навигациялар бар: жасына, ұлтына, жұмыс тәжірибесі бойынша күтушіні іріктеу және ең бастысы – осындай тұтынушылардың пікірлері мен ұсыныстары бар. Біздің қызметіміз қысқа мерзімді уақытқа арналғанын атап өткім келеді.

Біздің үдемелі уақытта барлық іскер аналар сұлулық салондарына, фитнес орталықтарына барады. Көптеген аналар жоғары оқу орындарында оқуларын жалғастырады және тексерілген адамдарға балаларын бірнеше сағатқа қалдыруға мәжбүр. Егер біздің күтушілер туралы айтатын болсақ, бұл бірнеше жыл қатарынан өткізіп келе жатқан тұтастай рекрутингтік науқан. Бұл біздің клиентіміз көргісі келетін күтушінің моделін жасауға көмектесетін біртұтас тәсіл. Біздің оқыту бірнеше кезеңнен тұрады: бастапқы кезең – әңгімелесу.

Біз оларды адам психологиясын түсіну және оның қабілетін ашу үшін өте көп өткіземіз. Соңғы рет біз бес қызды табу үшін 25 қызбен әңгімелестік.  Одан әрі – демалыс күндері белсенді оқуға кірісеміз (өйткені біздің барлық әлеуетті күтушілеріміздің негізгі жұмыстары бар), онда олармен балаларды тәрбиелеу бойынша базалық білімді дамыту бойынша педагогтар және әр түрлі ситуациялық тапсырмаларды және т.б. ұсынатын психолог жұмыс істейді. Нәтижесінде біз ресурстық материалды таратамыз, соның негізінде біз оқу қорытындысы бойынша күтушілерді тестілеуден өткіземіз. Табысты оқушылар санитарлық кітапша алу үшін серіктес клиникаға медициналық тексеруге жіберіледі, онда қорытынды жасалып, жұмысқа рұқсат беріледі.

Біздің оқытуымыздың ең басты бөлімі мен үшін, жұмыс беруші және ана ретінде – алғашқы көмек көрсету дағдылары болып табылады. «Баланың қауіпсіздігі – бәрінен де жоғары», – деп өз қызметкерлеріме айтамын. Күтушілерден қандай да бір жағдай орын алғанда, тез қимылдап, жұмыс орнында абдырап қалмауды өтінемін. Қалғандары – екінші орында!

Өз қызметкерлеріміз туралы айта келе, біз өз саламызда жоғары білікті мамандарды жинайтынымызды атап өткім келеді. Біз үшін күтушінің белгілі бір дағдыларға ие болғаны маңызды, яғни ақша табуды көздеген қыз/әйел ғана емес, қолмен бірдеңе жасай алатын адам, осы жасында бір нәрсеге қол жеткізген адам.

Біз олимпиадаларда, оқуда, қазіргі жұмысында жетістіктері бар, түрлі тілдерді білетін қыздар/әйелдерді қабылдаймыз, басқаша айтқанда, жан-дүниесі бай қызықты және динамикалық өмірдің иесі.

Біз толық күн жұмыс істегісі келмейтін адамдарды саналы түрде жұмысқа шақырамыз, көбінесе, олар оқиды немесе жұмыс істейді, бірақ оларға балалармен жұмыс істеген ұнайды әрі олар бұл қызметтері арқылы жақсы қосымша табыс көреді, тиісінше, біз мұндай адамдарды командаға аламыз және оларға бұрын айтып өткенімдей - оқыту, мансаптық өсу, икемді кесте және жақсы жалақы береміз.

Біздің балалар – бұл 0-ден 10 жасқа дейінгі аралықты құрайды. Бір күтуші белгілі бір қосымша төлем үшін үш балаға дейін қарауға болады. Біздің ата – аналарымыздың қалауына келсек, кейбіреулерінің балалары ересектеу болғандықтан жас күтушілерге сұрау салады, оның себебі, балалары пысық әрі тынымсыз болғандықтан, олардың артынан жүгіруге бейім және балалармен ойнағанын қалайды, ал балалар кішкентай (бір жасқа дейін) ата-аналар ересектеу, тәжірибелі күтушілерге сұрау салады.

Біздің қоғамда көптеген интернационалдық отбасылар бар. Түрлі жағдайлармен көшіп келген адамдар шоғыры бар, қазір олармен қарым-қатынасты дамытып, тығыз жұмыс істемекпіз, өйткені олар үшін «бір сағатқа күтуші» өте таныс тақырып және олар өз балаларын социумға дайындай отырып, балаларын бөтен адамдарға сеніп тапсыра алады. Сонымен қатар, біз қазір ағылшын тілі курстарын енгізіп, тіл коммуникацияларына үйретуді жоспарлап отырмыз.

Айта кетерлігі, біз құрып жатқан бизнес, миллиондаған табыс табуға болатын сегмент емес, мен үшін бұл көбірек әлеуметтік жоба екенін атап өткім келеді: біз қоғамның бір нақты проблемасын шешеміз.

Біздің есептеуіміз бойынша біз минусқа кетпейміз, бірақ кейбір стартап - жобалар сияқты миллиондаған ақша да таба алмаймыз. Біздің міндетіміз-дамуды қалайтын, динамикада болғысы келетін ата-аналардың проблемасын шешу, бірақ бұл ретте ол өз қасынан өзі сияқты белсенді, дамушы және осы қасиеттерін өзінің үлгісімен, мінез-құлқымен және балаға деген қарым-қатынасымен көрсете алатын адамның болғанын қалайды.

3. Сіздің команда Astana Hub акселерация бағдарламасына қандай міндеттер қойып отыр?

Жоба қазір белсенді режимде жұмыс істейді. Өтінімдерді күтушіден де, клиенттерден де алып жатамыз. Бүгінгі күні оффлайн режимінде толық жұмыс істейміз. Акселерация бағдарламасының соңына қарай дайын қосымшамен (барлық механизмдері дайындалған) Қазақстанның басқа қалаларына масштабтауды жоспарлап отырмыз. Біз маркетингтік жүйені құрдық, барлық арналарды (мақсатты аудитория) пысықтадық және адамдардың негізгі трафигі бізге Instagram және Фейсбук сияқты әлеуметтік желілер арқылы келетінін түсіндік, бұл - бірінші кезекте күтушілерге қызығушылық білдірген «инста мамалар». Бұл бүгінгі күні біз үшін ең басты әдіс және құрал.  Егер қосымша туралы айтатын болсақ, ол Uber таксиге ұқсас жұмыс істейтін болады. Яғни, сіз күнін, уақытын, сағат санын, күтуші жалдау себебін, баланың жасын, тағысын тағыларды жазып қалдырасыз. «Ситерді» (ағылшын тілінде - бала күтуші) шақыру батырмасын басасыз және сізге сіздің параметрлер мен сұрауларға сәйкес келетін күтушілер тізімі ұсынылады.

Егер жоба экономикасы туралы айтатын болсақ, онда бұл Қазақстан нарығы бойынша бір күтушіні жалдау бағасы өте қолайлы. Біздің ең төменгі мөлшерлеме-1500 теңге (70% табыс күтушінікі, 30% - біздің пайда), сома күтуші орындауға тиіс тәуліктер мен міндеттерге байланысты өзгеруі мүмкін.

Алдағы жоспарларымызды айта отырып, біз өз күтушілеріміздің сөмкелері мен ресурстарын брендтеу бойынша жұмыс істейміз, олар сол сөмкелерімен баратын болады және оларда балалармен жұмыс істей алатын өз құрал-жабдықтары болады. Тиісінше, бұл материалдық шығындарды талап етеді және менің ойымша, біз осы тұрғыдан күтуші мөлшерлемесін көтеретін боламыз. Бұған міндетті түрде жол жүруге (тасымалдау, таксидің жеке қызметтері) егер күтушілер жұмыстан кейін тәуліктің кеш уақытында қайтатын болса, қосымша қаражат аударамыз. Оңтүстік астанада бизнесімізді көтергіміз келеді, өйткені көп клиенттер болса, біз көп табыс табамыз, көп адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете аламыз. Міне, біздің қосымшаға кету керектігіміздің де басты себебі осы, себебі бұл ыңғайлы, мобильді және тез. Ол жерде ең бастысы автоматтандыру процесі, барлық процестер бір қосымшада үйлестіріледі және жүйеленеді, сәйкесінше, жұмыс ртық назар аударуды талап етпейді.

4. Astana Hub акселерация бағдарламасы туралы қайдан білдіңіз?

Бастапқыда біз supernanny.kz жобасымен келген кезде, 2018 жылы Astana Hub резиденттері болдық. Бұдан әрі-біз жобамызды sitters.kz-ке өзгерттік, айта кетерлігі, бұл трансформациялар акселерация бағдарламасының арқасында келді.Ми тазартылады. Бұл қалай естілсе де, бірақ Astana Hub қабырғасында ұсынылған білімді біз тіпті MBA-да да алмадық.

Өйткені жеке брендті талдау жүз пайызға шықты және біздің миымызды шайқаған трекерлер-жоғары мақтауға лайық. Өйткені, кез келген кәсіпкердің сізге айтары бар, жобаны рельстерге қойып, ребрендинг жүргізудің, барлығын ақтарып қарап, өз бизнесіңе басқа призмадан сынмен қараудың қаншалықты маңызды екенін байқамайсың.

Біздің жеке кейсіміз, мысалы, біз табысты жұмыс істейтін B2C (аналар) нарығынан басқа, біз сондай-ақ В2В (фитнес орталықтар, сұлулық салондары, мейрамханалар және т.б.) нарығымен байланыс орнатамыз деген сенімде болдық. Біз өте қателесіппіз. Өйткені, біздің клиенттеріміз (аналар) сұлулық салонына, фитнес клубтарға және т.б. келгенге дейін өз мәселелерін шешеді.

Осылайша, біз тәсілдемені өзгертіп, маркетинг пен басқа да айналдыру құралдарын сынап көруіміз керек екенін түсіндік

Comments