Digital Almaty-да отандық IT-компаниялар мен стартаптардың IT шешімдерінің тұсаукесері өтті

6-February-2020 | 37 views

Бүгін Алматыда халықаралық цифрландыру аясында Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» атты форумы өтуде. Форумға ЕАЭО үкіметтерінің басшылары, саяси көшбасшылар, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты.

Көрмеге Қазақстанның 8 ірі IT-компаниялары қатысты: «Сергек» - қаланың жолдары мен көшелеріндегі құқық бұзушылықтарды тіркейтін интеллектуалды бейне бақылау жүйесі, «Prime Source» - банк секторын автоматтандыру жүйесі, «Platonus» - оқу процесін автоматтандыру, «Kazdream Technologies» - жедел-іздестіру шараларының жүйесі, «Damumed» - медициналық ақпараттың кешенді жүйесі, «Бірінші несиелік бюро», «Азамат» ситуациялық орталығы, «Esepshi.kz» онлайн-кассасы. Astana Hub халықаралық технопаркінің стартаптары қатарынан Clockster және Kid Security жобалары ұсынылды. Екі жоба акселерация бағдарламасынан өттіп, сонымен қатар Astana Hub технопаркінің ресми қатысушылары болып табылады. Clockster жобасы HRM бұлтының (адамдық ресурстарды басқару) басқару жүйесі, сонымен қатар бет биометриясының көмегімен уақытты бақылау құрылғысы болып табылады. Kid Security - бұл балалар қауіпсіздігінің мобильді қосымшасы.

Еске сала кетейік, Форумды ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, сонымен қатар «Қазақтелеком» АҚ бас серіктесі және Алматы қаласы әкімдігі.

Толығырақ - digitalalmaty.org

Comments