Tech Orda түлегі: жаңа білімнің арқасында маған шетелден тапсырыстар түсе бастады
Биыл аталмыш бағдарлама бойынша оқытатын курстар саны артты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. Tech Orda – Қазақстанның жекеменшік мектептерінде IT мамандарын даярлауға бағытталған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Astana Hub халықаралық технопаркінің біріккен қаржыландыру бағдарламасы. Оған 18 бен 45 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады.
- Мен бұл курста UX/UI дизайн саласында машықтандым, - дейді Tech Orda бағдарламасының түлегі Азамат Амантай. – Курсқа дейін скилдерім графикалық бағдарламалармен ғана шектелетін. Алайда оқу кезінде веб және графикалық дизайнға қажет Figma бағдарламасын игеріп алдым. Енді баспа өнімнің дизайнын ғана емес, әлеуметтік желілердегі парақшалар, веб-парақшалар мен мобильдік қосымшалар дизайнын әзірлеуді қолға алдым.
Азамат айтып өткендей, графикалық дизайн – оның бала кезіндегі қызығушылықтарының бірі.
- Кішкентай кезімнен шығармашылыққа құмар болдым: сурет салдым, қолөнермен айналыстым, кейін дизайнға келдім, - дейді Азамат Амантай. – Университетке түскеннен кейін қаламызда ІТ-мектеп ашылғанын естідім. Ойланбастан 3D-модельдеу курсына жазылдым. Tech Orda бағдарламасы туралы Astana Hub-тан БАҚ және ғаламтордағы хабарландырулар арқылы білдім. Бұрын модельдеумен айналыссам, енді html & css, SMM, UI/UX дизайны және басқа да күрделі бағыттарда жұмыс істеуді үйрендім.
Оқыту қазақ және орыс тілдерінде өтеді және веб-бағдарлама әзірлеу, 3D-дизайн, бағдарламалық қамтамасыз ету, мобильді қосымшалар жасауды қоса алғанда, Big Data және Blockchain салалары секілді басым бағыттарды қамтиды. Курс ұзақтығы – алты айдан екі жылға дейін.
Сұхбаттың толық нұсқасы pavlodarnews.kz сайтында
Comments 2
Login to leave a comment
Kirill Grinenko · Feb. 23, 2024 14:39
👍👍👍
Ilias Zholaman · Dec. 25, 2023 20:14
👍👍👍