Ауыл шаруашылығы экономиканың қозғаушы күші болуы керек: Baibolsyn.kz стартабы
Біздің қоғамда «колхозшы» деген сөз неге теріс мағынаға ие? Адамдар ауылдан неге кетіп жатыр? Ал ауыл шаруашылығы саласының миллиондаған қаржысы қайта кетеді? Осы сауалдарға бас қатырған Абылайхан Ахметжанов шаруалардың беделін арттырып, ауыл шаруашылығын Қазақстан экономикасының қозғаушы күшіне айналдыруды ұйғарған.