Қасым-Жомарт Тоқаев: Astana Hub пен Alem.ai нағыз инновациялар фабрикасына айналуға тиіс
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Hub инновациялық экожүйесіне барды. Президентке Nur Alem сферасында орналасатын AIem.ai жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасы таныстырылды.
Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында Ұлттық жасанды интеллект орталығын құру туралы бастама көтергенін еске салды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл идеяны одан әрі өрістетуді, яғни Орталыққа халықаралық мәртебе беріп, оны аймақтағы жасанды интеллектті дамытатын басты институтқа айналдыруды ұсынды.
– Alem.ai халықаралық орталығы жасанды интеллект қозғалысының темірқазығына және Қазақстанның цифрлық трансформациясының символына айналуға тиіс. Бұл алаң еліміздегі ең мықты мамандардың басын қосып, әлемнің түкпір-түкпірінен таланттарды жинайды. Мұнда ғылыми және тәжірибелік-конструкторлық зертханалар, бағдарламалау мектебі және халықаралық технологиялық компаниялардың кеңселері орналасады. Astana Hub пен Alem.ai нағыз инновациялар фабрикасына айналуға тиіс. Ол үшін халықаралық серіктестерді тартқан жөн. Ғылыми зерттеулерге қолдау білдіріп, экономиканың басты бағыттарына, білім беру және әлеуметтік салаларға арналған шешімдер ойлап табу қажет, – деді Президент.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, Орталық жанынан Tomorrow School және Tumo Education мектептері ашылады. Мұнда жыл сайын мыңнан астам оқушыға бағдарламалау машықтарын, роботты техниканы және басқа да креативті технологияларды үйрету, сондай-ақ жоғары білікті 1000 маман даярлау жоспарланып отыр. AIem.ai халықаралық орталығы стартаптар акселерациясы және зерттеу жобаларын қолдауға арналған кампус ретінде қызмет көрсетеді.
Президентке инкубация және акселерация бағдарламаларына қатысып жатқан, келешегі зор отандық стартап жобалар мен компаниялар туралы ақпарат берілді.
Олардың арасында тұтынушылармен байланысқа арналған дыбысты роботтарды әзірлеуге және енгізуге маманданған Cybernet.ai, иммунды терапия және диагностика салаларындағы күрделі міндеттерді шешуге өз үлесін қосуға ниетті ArlanBiotech компаниялары бар. Ал перспективасы зор тағы бір стартап – Higgsfield AI ғалымдар мен инженерлерге күрделі компьютерлік модельдерді үйретуге көмектесетін озық жүйені ойлап тапты.
Мемлекет басшысына Tik-Tok және Netraсker компанияларының еліміздегі қызметі туралы баяндалды. Салық жеңілдіктері, визалық қолдау және басқа да қолайлы шарттардың нәтижесінде шетелдік компаниялар мен IT-мамандар Astana Hub экожүйесінің қатарына қосылуда. Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесе жүргізіп, жаңа өнімдер әзірлеу мақсатында елімізде Telegram, TON, Tether, Google, EPAM және басқа да әлемдік ІТ-индустрия өкілдіктерінің кеңселерін ашу үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдерді тамашалады. Олардың арасында кен орындарының цифрлық телнұсқасы, дрондарды басқару және өндіріске арналған робот-ит секілді индустриялық шешімдер бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жасанды интеллект саласын дамытуға қатысты ойымен бөлісіп, Қазақстанның ІТ сектордағы әлеуеті зор екенін атап өтті.
Толығырақ Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында
Пікірлер 22
Кіру пікір қалдыру үшін
Raikhan Torekul · Жел. 18, 2024 18:07
керемет
Raikhan Torekul · Жел. 18, 2024 18:04
👍🏻👍🏻👍🏻
Ermurat Nurlan · Жел. 17, 2024 09:52
Круто!
Alramir Kumarkhanov · Жел. 16, 2024 13:41
good
Nurgeldi Pernebay · Жел. 15, 2024 11:47
круто
Артур Шертеков · Жел. 14, 2024 22:57
круто!
Sharimov Rassul · Жел. 14, 2024 22:25
cool
Kuandyk Sadykov · Жел. 13, 2024 20:31
Прекрассная новость
Janet Hogan · Жел. 13, 2024 16:04
wyu.christina@mail.ru
Janet Hogan · Жел. 13, 2024 16:04
wyu.christina@mail.ru
Ильяс Тлегенов · Жел. 13, 2024 15:45
good direction
АЙҚЫН САҒЫНТАЙ · Жел. 13, 2024 13:37
Керемет!
Ai Nur · Жел. 13, 2024 11:51
Николас Садирактың өзіде Астана хабта ғой. Таңғажайып
Ai Nur · Жел. 13, 2024 11:50
өте жақсы үрдіс!
Ai Nur · Жел. 13, 2024 11:50
Елбасымыздың Астана хабқа келіп, өз көзімен бәрімен танысқаны қандай жақсы! Керемет!
Stephanie Sims · Жел. 13, 2024 04:47
wyu.christina@mail.ru
Stephanie Sims · Жел. 13, 2024 04:47
wyu.christina@mail.ru
Stephanie Sims · Жел. 13, 2024 04:47
wyu.christina@mail.ru
Madina Salikh · Жел. 12, 2024 23:44
Керемет!
Lain Iwakura · Жел. 12, 2024 18:35
супер!
Кристина Жанали · Жел. 12, 2024 14:45
😍 отличные новости!
Sharimov Rassul · Жел. 12, 2024 11:42
great