Тіркеу 2024 жылдың 4 желтоқсаны мен 2025 жылдың 17 қаңтары аралығында мына сілтеме арқылы жүргізіледі.
Tomorrow School жасанды интеллект саласындағы білімді тереңдетудің бірегей мүмкіндігін ұсынады. Қатысушылар алдын ала бағдарламалау тәжірибесін қажет етпейтін тең дәрежелі жүйеге негізделген 01 Edu платформасында оқи алады. Студенттер бірқатар мамандықты таңдай алады, соның ішінде AI-инженері, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші, толық стек-әзірлеушісі, мобильді қосымшалар әзірлеуші, DevOps инженері, IT жүйелерінің архитекторы, киберқауіпсіздік маманы және видеойындар әзірлеуші бар.
Tomorrow School-да білім алу ерекшеліктері:
- Мұғалімдер мен дәстүрлі сабақтар жоқ – оқыту студенттердің өзара көмегі мен топтық жұмысына негізделген;
- Барлық студентте Астана қаласындағы Astana Hub технопаркі алаңында соңғы үлгідегі iMac компьютерлерінде оффлайн форматта тегін оқу мүмкіндігі бар;
- Мектеп тәулік бойы (24/7) жұмыс істейді, студенттер өздеріне ыңғайлы оқу кестесін құрады;
- Оқуға түсу үшін бағдарламалау бойынша алдын ала тәжірибе талап етілмейді.
Іріктеу барысында жоғары нәтиже көрсеткен аймақ студенттерінде негізгі оқу кезеңінде Астанада тұру үшін жеңілдетілген арнайы мүмкіндік бар.
«Мектеп жайлы кездейсоқ естіп, IT-саласында өзімді сынап көруге бел будым. Себебі, бұл — даму жолындағы үлкен мүмкіндік әрі заман талабына сай болу. Әсіресе, болашақ технологиясы саналатын жасанды интеллект қызығушылығымды оятты. Оқу форматы өте икемді — мектепке кез келген уақытта келе аламын. Алғашқы күндер қиын болды, бірақ әрі қарай жалғастыруға деген ынтам арта түсті. Tomorrow School-да оқу студенттердің бірлескен және ко-креативті жұмысына негізделген, мұғалімдер мен стандартты сабақтар жоқ. Мұндай жүйе әр студенттің шығармашылық әлеуетін толық ашады», — деді Камшат Бердиева, Tomorrow School студенті.
Tomorrow School – Astana Hub-тың 01 Edu платформасында инновациялық peer-to-peer оқыту жүйесін пайдаланатын бірегей жасанды интеллект мектебі. Бұл жүйені білім беру саласында әлемге танылған жаңашыл педагог Николас Садирак әзірледі. Мұндай бағдарламалар бойынша оқыған түлектердің 90%-дан астамы курсты аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасып, әдістің тиімділігін айшықтаған.
Толық ақпаратты https://tomorrow-school.ai/kz сайтынан табуға болады.