Лаура Тлепина: Барлығы ниеттен басталады

Target Information Security негізін қалаушысы, ақпараттық қауіпсіздік аудиторы. IT саласындағы тәжірибесі: 15 жыл


BACKGROUND: IT саласына қалай келдіңіз?

Мен материалиспін, газеттің «Бос орындар» бөлімінен программисттердің жалақысын көрген бойда бағдарламашы боламын деп шештім. Бірақ мен өмір бойы математиканы жек көрдім, ал механика-математика факультетінде математикаға қатысты 15 пән оқытылды. Мұғалімдер қатал, кеңестік үлгіде жұмыс жасады, бірақ менің IT саласына деген қызығушылығым күштірек болды. 2008 жылы университетті бітіріп, 2012 жылы техника ғылымдарының магистрі атандым.

3 жыл бойы Алматыдағы құрылыс колледжінде студенттерге бағдарламалаудан сабақ бердім. Содан кейін банкке бағдарламашы болып жұмысқа орналастым. Банкте жұмыс маған ұнады, өйткені бөлімде үнемі бәсекелестік болды, біз ол жерде жарысып жұмыс жасадық, біз қаншалықты ақылды екенімізді көрсеткіміз келді.

2019 жылы мен Target Information Security компаниясын құрдым, себебі менің идеядан бастап жоғары сапалы және уақтылы іске асыруға дейін жобаны іске асыру тәжірибем болып, мен көшбасшы болуға дайын болдым.

Сіз қандай жетістікті мақтан тұтасыз?

Мен өз командаммен бірге Экспорттық ұйымдар палатасы, Есеп комитеті үшін жасаған жобаларымды мақтан тұтамын. Біздің жұмысымыз – компанияларға Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік техникалық қызметінің ақпараттық қауіпсіздік сынақтарынан өтуге көмектесу.

Мен өз ұстанымымымнан ешқашан бас тартпағанымды мақтан тұтамын. Мен дінге сенетін адаммын, ол сенімім жұмысыма да қатты көмектеседі.

Қазақстандағы IT саласын қалай бағалайсыз?

Қазақстанның кейбір тіпті дамыған елдермен салыстырғанда, адамдардың өмірін жеңілдететін жетістіктері мен әзірлеулері көбірек. Бірақ IT туралы, әсіресе қазақ тілінде IT туралы ақпарат жеткіліксіз. Мысалы, мен IT маманымын, бірақ Қазақстанда Alem тегін бағдарламалау мектебі бар екенін жақында білдім.

IT саласындағы қыздар туралы

IT саласында қыздар көп, бірақ олар туралы білетіндер аз. Мысалы, менің бір досым радиотехнолог болып жұмыс істеп, тұрмысқа шығып, балалы болды. Ол радиотелекоммуникация саласына қайта оралғысы келмеді, сондықтан үйден жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мамандық іздеді. Ол Alem бағдарламалау мектебін бітіріп, қазір шведтік IT-компаниясында кіші бағдарламашы болып жұмыс істейді. Ол IT саласына келуге батылы жетпегендердің бәріне үлгі болсын.

Дискриминация туралы

Көптеген адамдар әлі де IT қиын, бұл сала тек ер адамдарға арналған деп ойлайды. IT-дегі әйел адамдарда функционалдық міндеттер мен жұмыс көлемі ер адамдармен бірдей. Дискриминация тек жалақы мөлшерінде көрінеді: қыздар аз алады, өйткені ер адамдар – «отағасы» болғандықтан, оларға көбірек жалақы төлеу керек деген стереотип бар.

Жоспарлар туралы

2022 жылдың мамыр айында біз IT саласындағы қыздарға арналған іс-шараны өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір мен еріктілік пен тәлімгерлікпен көбірек айналысқым келеді, мен адамдарға IT саласында өзін табуға көмектескім келеді. IT –  ол тек код туралы деген мифті жойғым келеді. Мен бұл салада әрбір адам өзін таба алатынын дәлелдегім келеді.

Жұмыстың ең қиын жағы

Бюрократиялық міндеттемелерге тәуелділік. Жұмыстың табысты болуы тек өзіңізге ғана емес, мамандандырылған мемлекеттік органдардың жұмысына да байланысты болса, нәтижеге жету өте қиын.

Кез келген салада мамандарды бағалау маңызды, IT саласында бұл әсіресе өзекті жайт: бағдарламашылар қазір жұмысты жалақының жоғарылығына қарай таңдайды. Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік бойынша мамандар өте аз, сондықтан қызметкерлерді қаржылай ынталандыру өте маңызды.

Жұмыстың ең жағымды жағы

Берілген міндеттемелерді орындау және клиенттердің үміттері мен сенімін ақтау. Жұмыстың соңында тапсырыс берушілердің алғыстары барлық күш-жігерге тұрарлық.

Белгілі бір затты бастауға қорқатындарға кеңес

Сіздің өмір сүруіңізге бір жыл қалды деп елестетіп көріңіз. Өзіңізден сұраңыз: «Мен осы жылды қалай пайдаланғым келеді?». Егер сіз өзіңізбен жеткілікті түрде адал болсаңыз, сіздің миыңыз сізге батыл шешімдер мен идеялар ұсынады. Ал пайда болған батылдық барлық жағынан мүмкіндіктерді тартады.

Арманым

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму жөніндегі бірінші әйел министрі болып, қазақстандықтардың керемет IT шешімдерін бүкіл әлемге насихаттау!

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

Интересно написанно каково будущее кибербезапасности?

Жауап беру