Қазақстанда жасанды интеллектіге негізделген QazCoders бағдарламасы іске қосылды

Astana Hub Қазақстан тұрғындарына арналған QazCoders білім беру бағдарламасының бастау алғанын хабарлайды. Бастама үздік халықаралық онлайн-платформа арқылы IT мен жасанды интеллект (AI) негіздерін үйренуге мүмкіндік береді. Оқытуда жас бойынша шектеу жоқ, яғни барша ниет білдірушіге қолжетімді әрі тегін.


Бағдарламаның ресми тұсаукесері AlmatyFair.ai көрмесінің алаңында өтті. QazCoders жобасының мазмұны мен әлеуетіне арналған сессияға Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев пен Қазақстандағы БАӘ елшілігінің Сенімді өкілі Ахмед ӘлКааби қатысты. Іс-шарада БАӘ Министрлер кабинеті министрінің орынбасары Абдулла Нассер Лута бейнеқосылым арқылы құттықтау сөз сөйлеп, жастарға арнайы үн қатып, бастаманың маңызына тоқталды.

«Бұл іс-шара – екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды кезең. Бүгін біз жай ғана бағдарламаны емес, болашақты іске қосып отырмыз. Әрқайсыңыз ерекше бастаманың бөлшегіне айналдыңыздар. Мұнда игерілетін дағдылар тек бағдарламалау мен технологиялар шеңберінде ғана емес, олар мүмкіндіктер әлеміне жол ашатын кілтке айналады. Бұл жолға ынтамен, құлшыныспен қадам басыңыздар. Өйткені сіздердің берерлеріңіз мол, еліңіз соған лайық, ал болашақ сіздердің идеяларыңыз бен жігеріңізге арқа сүйейді», деді Абдулла Нассер Лута.

Сессия барысында Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев QazCoders бағдарламасының IT саласына қосатын үлесіне және оның отандық цифрлық экожүйені дамытудағы рөліне назар аударды.

«Бағдарламалау, деректерді талдау, мобильді қосымшалар жасау және жасанды интеллект негіздері тренд қана емес, цифрлық экономиканың өзегі. Бұл бағыттарды меңгеру – жас мамандарға да, жаңа мамандықты игергісі келетіндерге де үлкен мүмкіндік. Бағдарламада жасанды интеллект саласындағы ілімге ерекше мән берілді. Бұл – кездейсоқ шешім емес. Бүгінде мемлекет алдына адам әлеуетін арттырып, AI саласындағы ұлттық құзыреттердің мықты негізін қалыптастыруды стратегиялық мақсат ретінде қойып отыр. QazCoders осы жолдағы маңызды қадам болмақ», деді Таңат Өскембаев.

QazCoders Udacity платформасында әзірленген төрт негізгі курсты қамтиды: бағдарламалау негіздері, Kotlin негізіндегі Android әзірлемесі, деректерді талдау және жасанды интеллект кіріспесі. Оқу онлайн форматта өтеді. Әр курс 6–7 аптаға есептелген және аяқталған соң сертификат беріледі.

Оқыту барысында қатысушылар сарапшылармен және өзге студенттермен байланысып, техникалық және мазмұндық қолдау ала алады. Ал Udacity ұсынған AI-көмекші дереу кеңес беруге сақадай-сай тұр.

Бағдарлама Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы серіктестік аясында жүзеге асырылуда. Бұл озық білім және технологиямен алмасуға негізделген ынтымақтастық нәтижесі. Бастама елдегі жасанды интеллект саласын дамытуды көздейтін AI Movement аясында жалғасып келеді.

Толығырақ: https://astanahub.com/kk/l/qazcoders

Еске салсақ, AlmatyFair.ai көрмесін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырып жатыр. Көрменің бас демеушісі – Kaspi.kz, ал ресми серіктестері – Freedom Bank пен Halyk Bank.

Анықтама үшін:

Udacity бағдарламалау, деректерді талдау, жасанды интеллект, машиналық оқыту, бұлттық технологиялар, киберқауіпсіздік және басқа да цифрлық бағыттар бойынша мамандарды даярлайтын әлемдік жетекші онлайн-білім беру платформаларының бірі.

Пікірлер 10

Кіру пікір қалдыру үшін

Добрый день. Обучение только на английском языке проходит?

Жауап беру

участвую. достаточно недурно у них подкреплен курс.

Жауап беру

проверим

Жауап беру