Жасөспірімдер анимация және бағдарламалау негіздерін тегін үйрене алады

1 млн қазақстандықты жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларына үйрету – ҚР Үкіметінің стратегиялық бастамасы. 5 жыл ішінде 500 мың оқушы, 300 мың студент, 90 мың мемлекеттік қызметкерді, 80 мың бизнес өкілін және басқа салалардан мыңдаған азаматты қамту жоспарда бар. Мақсат – технологияны тұтынуға ғана емес, оны жасауға және пайдалануға дайын ұрпақ қалыптастыру. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ басқарушы директоры Дания Ахметова мәлімдеді.


«12-18 жастағы жасөспірімдер үшін осы күзде халықаралық ЖИ орталығының базасында alem.ai TUMO орталығы ашылады. Бұл – инновациялық білім беру кеңістігі, онда балалар анимация, бағдарламалау, 3D графика, генеративті жасанды интеллект және басқа да бағыттар бойынша тегін білім ала алады. Былтыр жастар мен студенттер үшін тәжірибе, топтық жұмыс және сыни ойлауды дамытуға баса назар аударатын peer-to-peer Tomorrow School моделі бойынша алғашқы ЖИ мектебін аштық. Бағдарлама тегін және екі жылға созылады. Мектепке іріктеуден өткен кез келген адам түсе алады. Оқыту аясында студенттер Golang, JavaScript, Python және Rust сияқты ЖИ және IT-әзірлеуде сұранысқа ие заманауи бағдарламалау тілдерін меңгеріп жатыр», — деді спикер.

Сондай-ақ ол AI Qyzmet бағдарламасын атап өтті. Ол мемлекеттік қызметкерлер мен басқарушыларға бағытталған және жасанды интеллекті түсінуге ғана емес, оны этикалық, тиімді және қоғамның игілігі үшін енгізуді үйретеді. Бұл –технологиялық және икемді мемлекеттік басқаруды құруға қосқан үлес.

Жақында БАӘ-мен серіктестік нәтижесінде құрылған QazCoders білім беру бағдарламасы іске қосылды. 2019 жылдан 2023 жылға дейін осындай жоба Өзбекстан мен Иорданияда тиімді жүзеге асты. Бағдарламада жас шектеуі жоқ, онда сарапшылар мен ЖИ көмекшісінің қолдауы қолжетімді. 

Жасанды интеллект саласындағы тағы бір маңызды бастама – Decentrathon – Қазақстандағы ең ірі мультилокациялық хакатон. Бұл жоба бүкіл ел бойынша жас мамандарды біріктіреді және оларды болашақтың шешімдері бойынша нақты, практикалық жұмыс арқылы AI-трансформация процесіне тартады. 2024 жылы Decentrathon-ға елдің барлық аймағынан 2500-ден астам адам қатысты.

Пікірлер 4

Кіру пікір қалдыру үшін

THE BEST WAY TO RECOVER YOUR LOST FUNDS // CONTACT THE HACK ANGELS You can recover bitcoin and other cryptocurrency with the help of THE HACK ANGELS. Some people may be indebted but naturally you can. I was a victim of losing login to my Bitcoin wallet, at the end I became victorious. These people are amazing and extremely professional! I contacted them when I lost the login to my Bitcoin wallet. It took them 48 hours to recover my Bitcoin Wallet because I didn't have the complete information. They have assisted numerous clients in getting their bitcoin back, they are a team which specializes in recovering a wide range of digital assets including Ethereum, stable coins, and other various cryptocurrencies. I highly recommend their services to anyone out there. Email: support@thehackangels.com Website at www.thehackangels.com WhatsApp +1(520)200-2320 I hope this information reaches someone truly in need of it.

Жауап беру

Крутая тема!!!

Жауап беру

как записаться на курс?

Жауап беру

https://tomorrow-school.ai/ Tomorrow School можете податься по ссылке на их сайте

Жауап беру