Орталық Еуразия стартаптарына арналған жаһандық мүмкіндік: Silkway Accelerator бағдарламасына өтінім қабылдау ашық
Astana Hub пен Google for Startups бірлесіп жүзеге асыратын Silkway Accelerator бағдарламасының алтыншы легіне өтінім қабылдау басталғанын хабарлаймыз. Бағдарлама – Орталық Азиядағы өсу кезеңіндегі технологиялық стартаптарға арналған жетекші акселераторлардың бірі. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Грузия және Моңғолия командалары қатыса алады.

Өтінімдер 2 маусымға дейін мына сілтеме арқылы қабылданады.
Silkway Accelerator үш жыл ішінде 1300-ге жуық өтінім қабылдады. Олардың ішінен 62 стартап іріктеліп, бағдарламаны сәтті аяқтады. Бұл жобалар $28 млн астам инвестиция тартып, түлектерінің жалпы нарықтық бағасы $500 млн асты. Олар өз қызметін БАӘ, Түркия, АҚШ және басқа да елдердің нарықтарына шығарды. Жемісті жобалар қатарында Zypl.ai, Arlan Biotech, NB Fit, UvU, ApartX, Biometric, ZebraEye, Alaqan және басқалары бар.
«Silkway Accelerator қатысушылары әлемдік деңгейдегі менторлармен, сарапшылармен және инвесторлармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ олар мықты халықаралық қауымдастықтың мүшесіне айналып, өнімін дамытуға толықтай назар аударады. Командалар күнделікті гипотезаларды тексеріп, көрсеткіштерін жақсартып, жаңа деңгейге көтеріледі. Алтыншы лекке қатысушылар Astana Hub Ventures тарапынан инвестиция алуға үміткер бола алады. Бағдарламаның басты ерекшелігі – Digital Bridge 2025 форумында өтетін Demo Day. Бұл іс-шарада стартаптар өз жетістіктерін инвесторлар мен технологиялық экожүйе өкілдеріне таныстырады», – деді Ербол Ахметов, Astana Hub бизнес бағдарламалар офисінің директоры.
Бағдарламаға өнімін нарыққа шығарған, PMF немесе Scale сатысындағы және Астанада 12 апта бойы қарқынды жұмыс істеуге дайын технологиялық стартаптар қатыса алады. Оларға интенсивті трекинг, тегін кеңсе мен коливингте тұру, менторлық қолдау, халықаралық қауымдастыққа жол ашу, PR-сүйемелдеу және инвестициялық мүмкіндіктер ұсынылады.
Қазақстан – Google for Startups жаһандық компаниясымен бірге Орталық Азияда акселератор жүргізетін алғашқы және әзірге жалғыз мемлекет. Бағдарламаның бірінші, екінші, үшінші , төртінші және бесінші легінің қатысушылары туралы толығырақ astanahub.com платформасынан білуге болады.
Анықтама үшін:
Google for Startups – 2011 жылы іске қосылған стартаптарды қолдау бағдарламасы. Бүгінде ол әлемнің 125 елінде 50-ден астам коворкинг пен акселераторды біріктіріп, жас кәсіпкерлерге тәжірибелік білім береді.
Astana Hub – Орталық Азиядағы ең ірі технопарк. Оның қызметі IT-бизнестің экожүйесін дамытуға, IT-мамандарды даярлауға және стартаптарды қолдауға бағытталған. Бүгінгі таңда технопаркте 1663 IT-компания тіркелген, оның ішінде 440-ы шетелдіктердің қатысуымен.
Пікірлер 15
Кіру пікір қалдыру үшін
Медет Науханбеков · Мамыр 28, 2025 20:09
👍🏻
Карина Кабдулина · Мамыр 27, 2025 19:19
👍🏻
Антон Юсичев · Мамыр 26, 2025 11:08
👍
Nancy Bond · Мамыр 24, 2025 15:01
My husband works for the government, and his security clearance requires that he maintain a good credit standing. Unfortunately, last year, we observed a decline in his credit score, so we knew we needed some help. Huge shoutout to ‘H A C K M A V E N S 5 AT G M A I L DOT COM’ for stepping up as a fantastic credit agent! They really helped us clear up bad debts and bumped our scores up to 815. If you need to reach out, you can call/text/Whats-App at [+1 (2 0 9) 4 1 7 – 1 9 5 7].

Батырхан Куанышкалиев · Мамыр 22, 2025 18:26
👍🏻👍🏻
Lain Iwakura · Мамыр 19, 2025 09:37
🔥
Milan Gorislavets · Мамыр 15, 2025 22:47
🔥
Abzal Kudaibergen · Мамыр 14, 2025 14:15
👍
ASKAR AITUOV · Мамыр 13, 2025 13:17
Подавайте
Dinmukhamed Tezekbayev · Мамыр 13, 2025 08:44
🔥🔥🔥
Ainur Shamkelova · Мамыр 9, 2025 10:02
керемет
Syrym Zholimbetov · Мамыр 9, 2025 09:33
🥰🫶
Salmon Veek · Мамыр 8, 2025 13:20
THE BEST WAY TO RECOVER YOUR LOST FUNDS // CONTACT THE HACK ANGELS You can recover bitcoin and other cryptocurrency with the help of THE HACK ANGELS. Some people may be indebted but naturally you can. I was a victim of losing login to my Bitcoin wallet, at the end I became victorious. These people are amazing and extremely professional! I contacted them when I lost the login to my Bitcoin wallet. It took them 48 hours to recover my Bitcoin Wallet because I didn't have the complete information. They have assisted numerous clients in getting their bitcoin back, they are a team which specializes in recovering a wide range of digital assets including Ethereum, stable coins, and other various cryptocurrencies. I highly recommend their services to anyone out there. Email: support@thehackangels.com Website at www.thehackangels.com WhatsApp +1(520)200-2320 I hope this information reaches someone truly in need of it.
Salmon Veek · Мамыр 7, 2025 10:21