Astana Hub-қа қош келдіңіз!

Осыдан тура 4 жыл бұрын елімізде алғаш рет "EXPO-2017 Astana" халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті. Көптеген қазақстандықтарды «ал қазір көрме орталығының аумағында не бар?» деген сұрақ мазалайды.


Елорданың технологиялық орталығында орналасқан ұйымдардың жұмысын көрнекі көрсету үшін "QazExpoCongress" Ұлттық компаниясы EXPO іскерлік орталығының нысандары бойынша баспасөз турын ұйымдастырды. Нысандар қатарына Astana Hub та кірді.

14 отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері халықаралық технопаркке келіп, оның жұмыс бағыттарымен танысты. Олардың ішінде: Qazaqstan, Atameken business телеарналары, Еуразия бірінші арнасы, Хабар 24, МИР; Baigenews.kz, Nur.kz, ҚазАқпарат интернет-порталдары; Казахстанская правда, Егемен Қазақстан газеттері және басқа да БАҚ өкілдері.

PR, маркетинг және ивенттер кеңсесінің директоры Марат Шәкен қонақтарға хабта жаңа бастаған стартаптардың идеядан толыққанды өнімге дейінгі жолдан өтуі үшін қандай жағдайлар жасалатынын айтып берді.

Журналистер павильонның барлық коворкингтері мен оқу кабинеттері жабдықталған инфрақұрылымдағы, дизайнерлік шешімдердегі заманауи тәсілдерді және жабдықтарды атап өтті. Сонымен қатар, Game Dev қауымдастығының өкілдері мобильді ойындар мен қосымшалар саласындағы дамуы графика мен мүмкіндіктерімен таң қалдыратын өз жобалары туралы айтты.

Бүгінгі таңда инкубация бағдарламасынан 416 стартап, акселерациядан 232 стартап өтті, 34,3 млрд инвестиция тартылды. Astana Hub қатысушыларының саны - 502 IT-компания.

Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін