Tribe-V Investments Community және Astana Hub Қазақстандағы инвестициялық қауымдастықты дамытатын болады
Astana Hub және Tribe-V венчурлық компаниясының қызметкерлері өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кездесу 16 қарашада технопаркте өтті.
Tribe-V - бұл қатысушылары Tribe-V синдикаттары арқылы жылдам дамып келе жатқан стартаптарға бірлесіп инвестициялау үшін өз дағдылары мен тәжірибе деңгейін арттыратын халықаралық венчурлік инвесторлар қауымдастығы.
Қауымдастық айналысатын басым бағыттардың қатарында HealthTech, FinTech, EdTech, TravelTech, Robotics, Automation, AI және Supply Chain салаларындағы стартаптар бар.
Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық Қазақстанның инвестициялық қоғамдастығын дамытуға бағытталған бірлескен әріптестік қызметті білдіреді. Бұдан басқа, технопарк пен Tribe-V сарапшылардан кеңес бере отырып, әріптестік бағдарламалар мен іс-шараларды іске асыруға жәрдем көрсететін болады.
- Ынтымақтастық, ең алдымен, әлемдік нарыққа шығу тұрғысынан отандық инвесторларға жаңа мүмкіндіктер береді деп ойлаймыз, – деп атап өтті Tribe-V Қазақстан Республикасындағы аймақтық өкілі Алина Исаханова.
Сонымен қатар, жақын арада Astana Hub сайтында американдық танымал Shark Tank телешоуына ұқсас бірлескен іс-шараны бастау жоспарлануда, онда болашақ кәсіпкерлер өз идеяларын инвесторларға питчтеп, кері байланыс алады, бұл олардың әрі қарай дамуына көмектеседі. Егер инвесторға идея ұнаса, қатысушы өз компаниясының үлесіне айырбас ретінде өнімді шығару үшін қаржы алады.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін