Мағжан Мәдиев: қазақстандық стартаптар мұнай-газ саласына бәсекеге қабілетті шешімдерді ұсына алады
«КАЗНЕФТЕГАЗСЕРВИС-2021» IX жылсайынғы мұнайсервистік конференция шеңберінде 19 қарашада Astana Hub-та отандық IT-секторын дамыту мен қазақстандық IT-компаниялардың тартылу мәселелері талқыланды.
“Astana Hub корпорацияларға инновацияларды енгізуге көмектеседі. Scalerator экспорттық бағдарламасы шеңберінде біздің стартаптар АҚШ, ТМД, Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің нарықтарына шығуда. Стартаптар сомасы $100 мың келісімшарттарға қол қойып, жақсы нәтижелерді көрсетуде. Біздің мемлекетімізде мұнай-газ саласы жақсы дамығандықтан, біз цифрландыру үлкен сұранысқа ие екеніне көз жеткіздік. Біздің IT-стартаптарымыздың бәсекеге қабілетті шешімдерді ұсынып, оны Қазақстанда тестілеп, олармен шет елдердің нарықтарына шығу мүмкіндіктері бар”, - деді Мағжан Мәдиев.
Конференция барысында “Теңішевройл” өкілі Бауыржан Қасенов мемлекетіміздің ең кешенді ұйымдарының бірінде цифрландыру бағдарламасының енгізілу үрдісі туралы айтып берді:
“Мысал ретінде біз жақында болған жағдайды келтіре аламыз, біз шикі газды айдау бойынша екінші буын зауытын күрделі жөндеуді сәтті іске асырдық, ол былай өтті: біз зауыт жұмысын тоқтатып қоямыз, бүкіл объектіге толық техникалық қызмет көрсетеміз, келесі бес жыл бойы қауіпсіз эксплуатацияға жарамды күйге қайтарамыз. Біздің ірі жетістіктеріміздің бірі болып, осы күрделі жөндеудің цифрландырылуы болды, ол арқылы біз графикті орындап, ауыр жарақаттарды болдырмауға қол жеткіздік”.
Конференция соңында қатысушылар екі ортақ қорытынды жасады: біріншіден, мұнай-газ саласы компаниялардың цифрландырылуы қауіпсіздің пен нәтижелікті қамтамасыз етуі керек. Екіншіден, цифрландыру — бұл технологияларды енгізу ғана емес, онымен қатар компанияның барлық деңгейлерінде цифрлық технологиялармен жұмыс дағдыларын көбейту жолымен өндірістік тізбекте коммерциялық құндылықтың өсуін қамтамасыз ететін ұйымдық мәдениетті құру.
Конференцияны ҚР Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, «PSA» өкілетті органы мен KAZENERGY ассоциациясының қолдауымен KazService Қазақстанның мұнайсервистік компаниялардың кеңесі ұйымдастырды. Осы жылы KazService Қазақстанның мұнайсервистік компаниялардың кеңесіне он жыл толды. Қазіргі уақытта KazService мүшелері болып шамамен 200 отандық мұнайсервистік компания, қазақстандық және шетелдік компаниялары құрған бірлескен кәсіпорындар мен консорциумдар тіркелген.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін