Astana Hub-тың қатысушысы Cerebra стартапы “Entrepreneur Of The Year” байқауында жеңіске жетті.

Беделді халықаралық "Entrepreneur Of The Year" ("Жыл кәсіпкері") байқауы әлемнің 60 елінде 35 жыл бойы өткізіліп келеді. Бұл ретте біздің еліміз 2007 жылдан бастап EY-дің белсенді қатысушысы болып табылады. Жыл сайын Қазақстанның үздік жобалары халықаралық финалда бизнестің ең мықты өкілдерімен бәсекелеседі.


2021 жылы конкурстың ұлттық кезеңінің финалына 21 кәсіпкер өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша "Инновациялық стартап" номинациясының жеңімпазы технопарк қатысушысы - Cerebra.ai Ltd компаниясы болды

Cerebra - ишемиялық және геморрагиялық инсультті автоматты түрде диагностика жасайтын нейрорадиология саласындағы жасанды интеллект. Жоба Қазақстанның 18 инсульт орталығында табысты жұмыс істейді. Cerebra сондай-ақ, денсаулық сақтау технологиялары саласындағы әлемдік көшбасшы - "Medtronic" компаниясының нұсқасы бойынша медициналық жасанды интеллект саласындағы әлемдегі ең инновациялық он жобаның тізіміне енгізілген.

"Әрбір кәсіпкер үшін EY-ден кез келген марапат пен құрметке ие болу өте беделді! Біз жеңіп алған "Жылдың үздік инновациялық стартапы" номинациясы біз үшін ерекше жағымды. Бірақ, біз босаңсымаймыз, алда көп жұмыс бар, өйткені Cerebra Қазақстаннан тыс нарықтарға шығады. Бізді жаңа сын-қатерлер күтіп тұр!", - дейді стартаптың негізін қалаушы Досжан Жүсіпов.

Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, финалистер кәсіпкерлік рух, инновациялылық, компания қызметінің қаржылық нәтижелері, өсу динамикасы, саладағы көшбасшылық, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және т. б. критерийлер бойынша бағаланды.

Құттықтаймыз!

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін