TechCrunch Disrupt 2024: Silkroad Innovation Hub Орталық Еуразияның 24 стартабын ұсынды

28-30 қазан аралығында Калифорния штатының Сан-Франциско қаласында өтіп жатқан TechCrunch Disrupt 2024 ірі халықаралық конференциясында Silkroad Innovation Hub өзінің Central Eurasia Pavilion атты павильонын ұйымдастырды. Онда Орталық Еуразиядан шыққан 24 инновациялық стартап ұсынылып, соның ішінде 16 жоба Astana Hub және IT Park Uzbekistan технопарктеріне ортақ Central Asian Innovation Hubs бірыңғай бренді аясында таныстырылды.


Жыл сайын 10 000-нан астам қатысушыны, оның ішінде кәсіпкерлерді, инвесторларды және технология индустриясының көшбасшыларын біріктіретін TechCrunch Disrupt биыл Орталық Азия стартаптары үшін маңызды алаңға айналды. Орталық Еуразияны АҚШ нарығында біртұтас технологиялық аймақ ретінде таныстыру үшін құрылған орталық — Silkroad Innovation Hub-тың павильоны жасанды интеллект, ClimateTech, HealthTech және финтех салаларындағы аймақтық шешімдерді көрсету үшін құрылған ең үлкен маңызды алаңға айналды.

«TechCrunch Disrupt-пен серіктестік біз үшін маңызды оқиға болды. Өткен жылы біз Орталық Еуразиядан алғашқы серіктес ретінде Сан-Францискода 14 стартапты таныстырып, аймағымыз туралы алғашқы панельдік сессия өткіздік. Биыл 24 стартаптың басын қосқан ең ірі павильонды ұйымдастырдық. Silkroad Innovation Hub — Орталық Азияның бес елін, сондай-ақ Әзірбайжан, Грузия, Моңғолия және Түркияны біріктіретін әлемдегі жалғыз хаб. Бір жылдың ішінде біздің хаб Кремний алқабындағы фаундерлер мен стартаптардың орталығына айналды: 80-нен астам резидент 30 миллион доллардан астам венчурлық инвестиция тартып, 10 мыңнан астам адам қатысқан 200-дей іс-шара өткіздік. Бұл көрсеткіштер – өңіріміздің Кремний алқабындағы үлкен әлеуеті мен оған деген артып келе жатқан қызығушылықтың айғағы», — деді Silkroad Innovation Hub негізін қалаушы Әсет Әбдуалиев.

Central Eurasia Pavilion-дағы Орталық Азия стартаптары кең ауқымды инновацияларды таныстырды. Қазақстандық жобалар қатарында балалар ойын-сауық орталықтарына арналған жазылым қызметін ұсынатын Yaya, медицина саласына арналған жасанды интеллект негізіндегі нанотехнологияларды жасайтын Arlan Biotech, климаттың өзгеруі мен ормандарды кесуге қарсы күрес жүргізетін FOREST HERO ClimateTech стартабы, ақылды дауыстық хабарламалар платформасы Call2action, сарапшылардың қолдауымен зерттеулер үшін жедел нарықтық талдаулар ұсынатын pwron.ai ЖИ-ассистенті, веб-қосымшаларды орналастыруға арналған бұлттық платформа Bult, автотұрақ процестерін оңтайландыруға арналған платформа Parqour және автоматты прокторингпен онлайн білім беру мен білім беруді бағалау жүйесі TrustExam болды.

«Біз Draper University-мен бірлесіп әзірлеген Hero Training бағдарламасы сияқты бірқатар бастаманы іске қостық. Бұл бағдарлама Орталық Азия стартаптарына Кремний алқабына және халықаралық нарықтарға жол ашады. Бағдарлама іске қосылғаннан бері 27 стартап түлеп шықты, ал биыл тағы 10 жоба жаһандық деңгейде масштабталу үшін қарқынды акселерациядан өтуде. Сондай-ақ біз Орталық Еуразияны Кремний алқабында біртұтас аймақ ретінде танытуға және IT-кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін Silkroad Innovation Hub жобасын қолдадық. Осындай күш-жігердің нәтижесінде Кремний алқабында Орталық Азия стартаптарына арналған CESV алғашқы конференциясы өтті, оған 1500 қатысушы мен 100-ден астам стартап жиналды. Биылғы TechCrunch Disrupt конференциясында 24 стартап таныстырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Біз ортақ еңбегіміздің жанғанына қуаныштымыз және стартаптарымыздың перспективасына сенеміз», — деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Өзбекстандық жобалар да өз инновацияларын ұсынды, олардың қатарында елдегі ең ірі цифрлық экожүйе болып табылатын Uzum бар, ол e-commerce, жедел жеткізу, банк қызметтері, финтех және бизнесті дамытуды қамтитын қызметтер ұсынады, Uzinfocom — күрделі жобаларға арналған ауқымды IT-шешімдер ұсынатын бірыңғай интегратор, BILLZ — Орталық Азиядағы шағын және орта бизнесті қаржыландыруға арналған шешімдер мен бөлшек сауданы автоматтандыру шешімдерін ұсынады, Smartup — дистрибуция мен өндірісті басқаруға арналған бұлттық бағдарламалық жасақтама, Call24 — клиенттерге дербестендірілген қызмет көрсету шешімдерін ұсынады, Datagaze — орта және ірі кәсіпорындарға арналған киберқауіпсіздік шешімі, Point.ai — клиенттерді қолдау қызметіне арналған бағдарламалық жасақтама, ал GeoMotive — DOOH-жарнамаға арналған маркетплейс.

«82 миллионнан астам халқы бар және орташа жасы 29-ға тең Орталық Азия әлемдік технологиялық аренада өз позициясын нығайтып, жаңа «юникорндар» өсіру және кәсіпкерлік экожүйені дамыту үшін зор әлеуетке ие. Өзбекстанда 400-ден астам перспективалы стартап халықаралық нарықтарға шығып, өз инновацияларын әлемдік деңгейде ұсынуға дайын. IT Park Uzbekistan және Astana Hub бастамасымен құрылған Central Asian Innovation Hubs альянсы арқасында аймақтық стартаптар жаңа нарықтарға шығу және шетелдік инвестиция тарту үшін қажетті қолдау алуда. Биыл Astana Hub-пен бірлесіп, Өзбекстан мен Қазақстаннан 8 стартап Әзірбайжандағы INMerge инновациялық саммитінде таныстырылды, 16 стартап TechCrunch Disrupt-қа қатысып, қараша айында Лиссабондағы Web Summit-ке тағы 16 стартап қосылатын болады. Осылайша, аймақтан жалпы 40 стартап жетекші әлемдік инвесторларға ұсынылды. Сонымен қатар 30 стартап Draper University-дің Hero Training, Stanford HealthTech Accelerator және Alchemist Accelerator сияқты беделді жаһандық бағдарламаларға қатысатын болады, бұл аймақтың стартап экожүйесін нығайтуға және оны халықаралық инвесторлар үшін тартымды етуге ықпал етеді», — деп атап өтті IT Park бас директоры Фарход Ибрагимов.

Айта кетейік, Central Asian Innovation Hubs — Astana Hub пен IT Park Uzbekistan бірлескен бастамасы, ол аймақтық стартаптарды халықаралық аренада алға тарту және қолдау мақсатында құрылған. ICT WEEK UZBEKISTAN 2024 аясында қол қойылған меморандумға негізделген ынтымақтастық екі технопарктің мүмкіндіктерін көрсетеді. Олар Бакудегі InMerge және Сан-Францискодағы Central Asia at Silicon Valley сияқты ірі іс-шараларға бірыңғай брендпен қатысты.

 

Анықтама:

TechCrunch Disrupt — бұл стартап-қоғамдастыққа арналған жетекші халықаралық іс-шаралардың бірі, онда жыл сайын бүкіл әлемнен кәсіпкерлер, инвесторлар және БАҚ өкілдері жиналып, технология әлеміндегі соңғы үрдістер мен инновацияларды талқылайды. Іс-шара стартаптарды жаһандық танымалдыққа жетелейтін алаң ретінде үлкен рөл атқарады. Мысалы, Dropbox және Fitbit сияқты табысты компаниялар алғаш рет өз инновацияларын TechCrunch Disrupt-те таныстырып, кейін «юникорн» атанып, миллиардтық бағалауға қол жеткізді.

Silkroad Innovation Hub — бұл 2023 жылы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Astana Hub қолдауымен құрылған Кремний алқабындағы (Пало-Альто қаласы, Калифорния, АҚШ) инновациялық өкілдік. Оның миссиясы — аймақтық стартап-қоғамдастықты дамыту және Орталық Еуразияның жаһандық деңгейде инновациялық дамуына ықпал ету.

 

Пікірлер 12

Кіру пікір қалдыру үшін

Қазағым дами бер!!!

Жауап беру

Hire a hacker to recover lost cryptocurrency - OPTIMISTIC HACKER GAIUS CAN HELP YOU RECOVER YOUR LOST FOUNDS OPTIMISTIC HACKER GAIUS, a crypto recovery specialist, offers genuine services to help customers retrieve lost or stolen digital assets. They offer dependable solutions for anyone dealing with cryptocurrency theft thanks to their sophisticated recovery methods and worldwide staff of detectives. Clients may rely on the OPTIMISTIC HACKER GAIUS team for effective recovery and peace of mind while handling crypto-related difficulties because of their proficiency in tracking down and recovering funds, as well as their dedication to security and professionalism. CONTACT GAIUS... WhatsApp ……… +44 737 674 0569 Homepage: ……… https://optimistichackergaius.com Contact Email;…. [support@optimistichackergaius.com] Telegram,.... w w w w.optimistichackergaiuss.co

Жауап беру

👍👍👍

Жауап беру

👍👍👍

Жауап беру

losing over $45,000 in what I thought was a promising online investment opportunity. The feeling of betrayal and helplessness was overwhelming, and I struggled to find a way to recover my hard-earned money. During my search for support, I discovered numerous testimonials about Jetwebhackers Recovery Experts. Skeptical yet desperate, I reached out to them, providing all the necessary information. To my amazement, within just 72 hours, they successfully located and recovered my stolen funds. The relief I felt was indescribable, especially knowing that the scammer had been apprehended by local authorities. I genuinely hope my story encourages others who have fallen victim to these malicious schemes. If you find yourself in a similar situation, I strongly recommend reaching out to Jetwebhackers. Their professional and diligent team made a difference in my life, and I believe they can help you too. Don’t suffer in silence—there is hope and support available. You can contact them through the following: EMAIL: jetwebhackers@gmail.com TELEGRAM: @jetwebhackers WHATSAPP: +1 (704) 252-2290 Together, we can fight against these scammers and reclaim our peace of mind.

Жауап беру

losing over $45,000 in what I thought was a promising online investment opportunity. The feeling of betrayal and helplessness was overwhelming, and I struggled to find a way to recover my hard-earned money. During my search for support, I discovered numerous testimonials about Jetwebhackers Recovery Experts. Skeptical yet desperate, I reached out to them, providing all the necessary information. To my amazement, within just 72 hours, they successfully located and recovered my stolen funds. The relief I felt was indescribable, especially knowing that the scammer had been apprehended by local authorities. I genuinely hope my story encourages others who have fallen victim to these malicious schemes. If you find yourself in a similar situation, I strongly recommend reaching out to Jetwebhackers. Their professional and diligent team made a difference in my life, and I believe they can help you too. Don’t suffer in silence—there is hope and support available. You can contact them through the following: EMAIL: jetwebhackers@gmail.com TELEGRAM: @jetwebhackers WHATSAPP: +1 (704) 252-2290 Together, we can fight against these scammers and reclaim our peace of mind.

Жауап беру

Спасибо Silkroad Innovation Hub за такие возможности!

Жауап беру

Всем удачи и хороших продаж!

Жауап беру

как можно попасть в качестве участника:?

Жауап беру

👏🏻👍🏻

Жауап беру