Научно-исследовательский институты (570)

avatar

РГП на ПХВ «Институт языкознания имени А.Байтурсынова» Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Научно-исследовательский институт

Қазақ тілінің ғылыми тұрғыдан жүйелі зерттелуі ең алдымен ғұлама ғалым, аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының есімімен тығыз байланысты. Ахмет Байтұрсынұлы Халық ағарту комиссариатында құрылған Академиялық орталықтың (Академцентр) тұңғыш төрағасы ретінде (1921–1922 жж.) Қазақстандағы ғылымды академиялық жолмен басқаруды ұйымдастырудың негізін қалады. 1932 ж. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) Ғылым академиясының Қазақстан базасы жасақталып, 1936 ж. оның алғашқы құрамына 1934 ж. құрылған Ұлт мəдениеті институты берілді. Осы аталған Институттың тіл, əдебиет, халық шығармашылығы жəне тарих секторлары жоғарыдағы аталмыш базаның негізінде 1938 ж. құрылған КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл, əдебиет жəне тарих институтының құрылуына (1941 ж.) негіз болды. 1945 ж. Тіл, əдебиет жəне тарих институтының негізінде екі жеке институт – Тарих, археология, этнография институты мен Тіл жəне əдебиет институты құрылды. 1961 ж. Қаныш Сəтбаев пен Мұхтар Əуезовтің, Ісмет Кеңесбаевтың мəселе көтеруімен Тіл жəне əдебиет институты негізінде Əдебиет жəне өнер институты мен Тіл білімі институты бөлініп шықты. 1990 ж. 26 ақпанда Тіл білімі институтына көрнекті мемлекет қайраткері, ағартушы жəне лингвист ғалым Ахмет Байтұрсынұлының аты берілді. Қазақ тіл білімінің, түркітанудың қалыптасу тарихы республикадағы лингвистикалық ойдың жетілуі мен дамуына елеулі үлес қосқан А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, ҚР ҒА академиктері Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшелері С.Аманжолов, А.Ысқақов, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев т.б. ғалымдардың атымен тығыз байланысты.

avatar

НАО Южно-Казахстанский исследовательский университет им. М.Ауэзова

Научно-исследовательский институт

Многопрофильный университет Республики Казахстан Южно-Казахстанский университет им. М.Ауезова – крупнейший и многопрофильный университет Республики Казахстан, научно-образовательный, интеллектуальный, культурный центр региона. В университете ведется подготовка специалистов для всех секторов экономики, науки и культуры региона, республики и мирового пространства. Южно-Казахстанский государственный университет им. М.Ауезова является одним из самых ярких брендов сферы высшего образования республики. В прошлом году вуз занял почетное третье место в Казахстане по общему рейтингу и третье место - по количеству выигранных грантов. В настоящее время педагогической деятельностью в университете занимаются свыше 1500 преподавателей, из которых 4 академика НАН РК, 4 академика НИАН РК, 123 докторов наук, 600 кандидатов наук. К учебному процессу привлечены лучшие ученые и специалисты, имеющие практический опыт работы, ведущие ученые из стран дальнего и ближнего зарубежья, в том числе США, Германии, Испании, Бельгии, России. Материально-техническая база университета состоит из десяти учебных корпусов современного типа, двух спортивных комплексов, шести студенческих общежитий.

avatar

РГП на ПХВ "Институт литературы и искусства имени М.О.Ауэзова" Комитета науки МНВО РК

Научно-исследовательский институт

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1934 жылы құрылып, 1961 жылы қазіргі атауына ие болды. Іргесі қаланған уақыттан бастап М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты отандық әдебиеттану, фольклортану және өнертану ғылымдарының басты зерттеу институты болып танылды. Бүгінгі таңда Институт ғалымдары рухани мәдениеттің даму тарихы, бүгінгі көркемдік процестер, дәстүр және заманауи үрдістердің өзекті мәселелерін зерттеуге арналған гранттық жобаларды, нысаналы бағдарламалар мен іргелі ғылыми зерттеулерді іске асыруда. Институт қызметінің мақсаты мен міндеттері: ▪ Әдебиеттану, фольклортану және өнертану салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу; ▪ Әлемдік және отандық әдебиет пен өнердің өзекті мәселелерін іргелі және қолданбалы мақсатта зерттеу үшін әзірлемелер дайындау; ▪ Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ету; ▪ Республикалық және халықаралық ғылыми қауымдастықтармен тығыз қарым-қатынас орнату; ▪ басқа да қоғамдық ұйымдармен ғылыми ынтымақтастықта жұмыс жүргізу; ▪ кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша тағылымдамаларды және біліктілікті арттыру; ▪ магистратура және докторантура (философия докторы - РhD) арқылы ғылыми кадрлар даярлауды жүзеге асыру. Институттың стратегиялық бағдары: Рухани мәдениеттің даму үрдістерін зерттеу арқылы қоғамдық ойдың беталысын бағамдау. Ұлттық құндылықтарды сақтап, көбейтудегі әдебиет пен өнердің мәдени-эстетикалық әлеуетін ғылыми пайымдау. Жаңа қазақстандық қоғамды қалыптастыруға қажетті жаңа гуманитарлық білімді тұжырымдау. Қазақстан Республикасының алдында тұрған айрықша міндеттерді ескере отырып, әдебиеттануда, фольклортануда және өнертануда ғылыми зерттеулер жүргізу; ғылыми кадрларды даярлау.