Alem.ai: Қазақстанның жасанды интеллект саласында көшбасшы атану бағытындағы бастамалары
2024 жылдың шілде айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылатынын мәлімдеді. Бұл –оқушылар, студенттер, кәсіпкерлер мен ғалымдар білім алып, зерттеулер жүргізіп, стартаптар құрып, озық технологияларды бірлесіп дамыта алатын алаң. Жобаның басты мақсаты – әлемдегі үздік тәжірибелерді Қазақстанда әрбір жасанды интеллект саласына қызығушылық танытқан адамға қолжетімді ету.