Бұл жай ғана статистика емес. Бұл нақты командалар, нақты өнімдер мен экономиканың түрлі саласында қолданылып жатқан технологиялық шешімдер. Олар жаңа жобаларды іске қосып, цифрлық сервистерді дамытып, өз өнімдерін нарыққа шығарып жатыр.
Мұндай жобалардың бірі – Айнұр Нұрәділ жетекшілік ететін AR Sana стартапы. Жоба 1,5–6 жас аралығындағы балаларға арналған ерте жастан тілді дамытуға бағытталған цифрлық жүйе әзірлеп шықты. Платформада балаға арналған ойын модулі мен логопедке арналған кәсіби құрал біріктірілген. Бұл офлайн сабақтар арасындағы жұмысты жалғастырып, баланың даму барысын жүйелі түрде бақылауға мүмкіндік береді.
Қазір AR Sana шешімдерін 20-дан астам отбасы сынақтан өткізіп жатыр. Платформаға 5 логопедиялық орталық, 2 мектеп және 35-тен астам маман қосылған. Жоба NU Impact Foundation қорынан 10 млн теңге грант алып, ауқымын кеңейтуге дайындық үстінде.
CheckDoc жобасының негізін қалаушы Тота Сматова медициналық қызметтердің қолжетімді болуын көздейді. Стартап зертханалық талдауларды тапсыру, дәрігер кеңесін алу және медицина қызметкерлерін үйге шақыру қызметтерін бір платформада біріктірген.
Сервистің маңызды мүмкіндіктерінің бірі – жасанды интеллект негізіндегі алғашқы қабылдау. Жүйе пациенттің шағымдарын тіркеп, бастапқы ұсыныстар мен қажетті талдаулар тізімін дәрігерге дейін дайындайды. 3,5 жыл ішінде қызметті 4 мыңнан астам пациент пен 10-ға жуық корпоративтік клиент пайдаланған. Жоба шамамен $300 000 көлемінде жеке және венчурлік инвестиция тартты.
Қазақстандық стартаптардың технологиялары кәсіби спорт саласында да қолданылып келеді. Mirai Tech жасанды интеллектіге негізделген deep-tech өнімдер әзірлейді. Бұл шешімдер спортшылардың қозғалысын талдап, жарақат алу қаупін азайтып, жаттығу тиімділігін арттыруға көмектеседі. Стартап $200 000 жеке инвестиция тартып, Digital Bridge 2025 аясындағы Astana Hub Battle байқауында жеңімпаз атанды. Жоба негізін қалаушы Гүлнұр Калимулдина Aurora Tech Award халықаралық сыйлығының нұсқасы бойынша әлемдегі үздік 30 әйел-фаундер тізіміне енді.
Балалардың қауіпсіздігі мәселесіне бағытталған жобалардың бірі – Аружан Меде құрған AMAN стартапы. Команда балалар мен білім беру ұйымдарының цифрлық және физикалық қауіпсіздігіне арналған кешенді экожүйе жасап жатыр.
Мобильді қосымшада геолокация мен дыбыстық сигнал жіберетін SOS батырмасы және баланың қауіпсіздігін бақылау функциялары бар. Ал AMAN AI шешімі мектептерге арналған: оған жасанды интеллектіге негізделген бейнеталдау, IoT-датчиктер және полицияға тікелей жіберілетін дабыл жүйесі кіреді. Қосымша 20 мыңнан астам рет жүктелген, белсенді қолданушылар саны – шамамен 11 мың. Қызметті 3500-ден астам отбасы және 15-тен аса мектеп пен серіктес ұйым пайдаланады. SOS сигналының берілуі мен әрекет етуінің орташа уақыты – 4 секунд шамасында.
Медицина саласын цифрландыру бағытында дамып жатқан жобалардың бірі – MacDent. Стартап стоматологиялық клиникалардың жұмысын автоматтандыруға арналған SaaS+AI бұлтты платформасын әзірлеп жатыр. Жүйе медициналық карталарды жүргізуден бастап, пациент жазбасын, қаржылық есеп пен талдауға дейінгі үдерістерді қамтиды. Бүгінде сервисті 2000-нан астам клиника қолданады. Жоба Орталық Азия нарығына, соның ішінде Өзбекстан мен Қырғызстанға шығып жатыр.
2025 жылы команда Digital Bridge аясындағы Astana Hub Battle финалына шығып, өңірдегі ең әлеуетті жобалардың бірі ретінде танылды. Стартап негізін қалаушы Мақпал Ораққызы Парижде өткен Women in Tech Global Awards 2025 байқауында жеңімпаз атанды.
Айдана Айтуарова негізін қалаған Porte Tech қонақүй бизнесіне арналған цифрлық шешімдер әзірлейді. Стартап қонақүйлерге арналған цифрлық консьерж қызметін ұсынады. Бұл жүйе қонақтарға онлайн тіркелуге, нөмірді смартфон арқылы ашуға және қызметтерге ресепшнге жүгінбей тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Соңғы бір жылда жоба он есе өсіп, Қазақстаннан бөлек Сауд Арабиясы мен Өзбекстан нарығына шықты.
Бұл бастамалар – жаңашылдық пен табандылықтың айқын көрінісі. Astana Hub қатысушылары медицинадан бастап білім беру мен спортқа дейінгі түрлі салада технология енгізіп, қоғам өмірін жақсартуға үлес қосып келеді.