250-ден 50: AI'preneurs финалистері стартап-жобалар құруға бағытталған оқуды бастады
AI'preneurs атты жаңа форматтағы акселерация бағдарламасының қатысушылары анықталды. Комиссия қарауына ұсынылған 250-ден астам өтінімнің 100-і диагностика кезеңіне өтсе, бағдарламаға 50 талант қана іріктелді. Бүгінде олар 4 айлық акселерацияны бастады.
Аталған бағдарлама талантты мамандардың басын қосып, жасанды интеллект саласындағы инновациялық стартаптарды бірлесіп құруға бағытталған.
Іріктелген 50 финалист қатарында: аға инженерлер, бағдарламалық жасақтама құрастырушылары, киберқауіпсіздік мамандары мен зерттеуші инженерлер, сондай-ақ инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу саласының шеберлері бар.
«Бәсекеге толы іріктеуден өткен финалистер бағдарламаның алғашқы кезеңіне кірісті. Қатысушылардың мұндағы міндеті – ниеттес тауып, команда құру. Оларға топ пен стартап құру аясында түрлі воркшоптар мен басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады. Осылайша, әр қатысушы өзінің мықты қасиеттерін таныта алады», – деді Ербол Ахметов, Astana Hub бизнес-бағдарламалар офисінің директоры.
Еске салсақ, акселератор 3 негізгі кезеңнен тұрады: команда құру, инвестициялық комитетпен байланыс және өнімді әзірлеу барысы. 1-кезең аясында қатысушылар серіктестер тауып, іріктелген кандидаттар арасынан командалар құрады. 2-кезеңде жасақталған командалар стартап идеясын ойластырып, өнімнің прототипін жасайды және оны инвестициялық комитетке ұсынады. Олардың жобасы келесі кезеңге сәтті өтсе, қаржы бөлінеді. Ал одақтасын таппаған қатысушылар және инвестициялық комитет мақұлдауын алмаған командалар бағдарламамен қоштасады (немесе басқа командаға қосылады). Соңғы кезеңде стартаптар өнім әзірлеуге кіріседі.
Айта кетейік, қатысушылардың бірі – Жанболат Қайрғожин. Ол балалар аутизмін түзетуді көздейтін онлайн-сервистің негізін қалаған. Платформа 15-тен астам елдің, оның ішінде Еуропа бүлдіршіндеріне қолдау көрсетеді. Жоба 4 жыл ішінде жүздеген балаға көмек қолын созған, бұл көрсеткіш жыл сайын артып та келеді. Жанболат пікірлес адамдарды тауып, MedTech платформасын құруды жоспарлап отыр.
«AI'preneurs аясында аутизм спектрі бұзылған балаларды емдеу шараларының сапасын бақылауға және диагностикалауға ықпал ететін платформа құруды жоспарлап отырмын. Мұнда жасанды интеллект артықшылығы да қолданылады. Менің ойымша, кеткен сомадан мың есе бағалы құндылық жасап, ұзақмерзімді әрі ғаламат дүние шығаруға болады. Әке ретінде балалар денсаулығы баға жетпес екенін түсінемін», – деді Жанболат.
Бағдарлама барысында қатысушылар жеке менторлық қолдау алып, кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға ықпал ететін тренингтерге, техникалық және бизнес-мәселелер бойынша сарапшылар кеңестеріне қол жеткізеді.
Бұдан бөлек командалар Astana Hub инфрақұрылымын пайдаланады. Акселерацияның барлық кезеңін сәтті аяқтаған қатысушылар инновациялық стартап-жобаларын әлеуетті инвесторларға ұсынып, оны іске асыру үшін қаржы ала алады.
AI'preneurs бағдарламасына қатысты қосымша мәліметті платформадан оқуға болады.
Пікірлер 7
Кіру пікір қалдыру үшін
Nursultan Kabenov · Қыр. 2, 2024 23:40
👍
Sergio Ligato · Там. 30, 2024 13:44
🔥
Inju Baltabekkyzy · Там. 16, 2024 12:23
удачи финалистам!
Асылбек Аленхан · Там. 8, 2024 13:00
Удачи участникам!
АСХАТ СИЮНИЧ · Там. 1, 2024 10:22
Организация на высшем уровне! спасибо за предложенную возможность!
Алмат Қуанышбаев · Шілде 31, 2024 18:29
Программа AI'preneurs представляет собой важный шаг вперед в развитии экосистемы стартапов в области искусственного интеллекта. Отбор финалистов из более чем 250 заявок свидетельствует о высоком уровне заинтересованности и конкуренции в этой области. Особое внимание уделяется командообразованию и созданию инновационных продуктов, что является ключевым фактором успеха стартапов.
Laura Meir · Шілде 31, 2024 14:05
ого