AI for ALL: Building Generative Nation Together – Жалпыға ортақ жасанды интеллект: Генеративті Ұлтты бірге құрамыз

Бүгін, 2024 жылғы 5 қыркүйекте, ESCAP UN конференциясы аясында Kazakhstan Tech Solution Day осындай тақырыппен басталды. Бұл – Қазақстанның цифрлық технологиялар саласындағы жетістіктерін көрсетуге және цифрлық трансформацияның жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң.


Kazakhstan Tech Solution Day аясында жасанды интеллект, цифрлық алшақтықты жою, ақылды қалалар, киберқауіпсіздік, әйелдерді IT саласына тарту, цифрлық қосу, адам капиталы, технологиялар арқылы тұрақты даму, ғарыш технологиялары, цифрлық денсаулық сақтау және барлық адамға қолжетімді интернет сияқты тақырыптарға арналған 15-тен астам панельдік сессия өтеді.

Талқылауларға цифрландыру саласындағы жетекші сарапшылар, атқарушы хатшы Армида Салсия Алишахбана бастаған БҰҰ АТМЭӘК өкілдері, әртүрлі елдердің цифрлық министрлері, сондай-ақ Amazon, Forbes Technology Council, EPAM, Kaspi.kz және басқа да жаһандық компаниялардың жетекшілері қатысады.

 

«Бүгін Азия-Тынық мұхиты аймағындағы белсенді цифрлық трансформацияның куәсі болып отырмыз. Қазақстан, өз кезегінде, тек ел ішінде ғана емес, шетелде де танылған инновациялық әрі цифрлық шешімдердің көшбасшысына айналды. БҰҰДБ қолдауымен әзірленген «Отбасының цифрлық картасы» – цифрлық құралдар әлеуметтік қорғау төлемдерінің жүйесін қалай түрлендіріп, әлеуметтік қолдаудың аса мұқтаж адамдарға тиімді әрі ашық түрде көрсетілуін қамтамасыз етудің мысалы», – деді Армида Салсия Алишахбана, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ АТМЭӘК атқарушы хатшысы.

Негізгі спикерлер қатарында Multiverz негізін қалаушы және бас директоры Рандееп Судан, Women in Tech® Global негізін қалаушы және бас директоры Аюми Мур Аоки, eWorldwide Group негізін қалаушы әрі бас директоры Салма Аббаси, Tact+Invest компаниясының тең құрылтайшысы және басқарушы серіктесі Пунам Бала-Нг, ACCESS Health International бас директоры Др. Н. Кришна Редди, 01 Edu және 01 Talent тең құрылтайшысы Николя Садирак, inDrive негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томский,  Freedom Holding Corp. Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов пен басқалар бар.  Қазақстандық спикерлер арасында цифрландыру министрі Жаслан Мәдиев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бар.

«Kazakhstan Tech Solution Day – тек ІТ-саласындағы жетістіктерді көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда және оның сыртында инновациялық экожүйені дамытуға ықпал ететін жаңа әріптестік пен бастамалардың негізін қалау мүмкіндігі. Бұл іс-шара жаңа технологияларды енгізу мен ынтымақтастыққа жаңа перспектива ашып, еліміздің жаһандық цифрлық экономикадағы рөлін нығайтады», деді Жаслан Мадиев, ҚР ЦДИАӨМ басшысы.

Kazakhstan Tech Solution Day қатысушыларының назарына Astana Hub – Орталық Азияның ең ірі технопаркі ұйымдастырған стартап стартап-аллея ұсынылды, мұнда 50-ден астам үздік қазақстандық стартап пен ірі IT-компаниялардың әзірлемелері көрсетілуде. Сондай-ақ іс-шара аясында бағдарламалау мектептерін ашуға, жасанды интеллект бойынша әдістемелерді әзірлеуге, елдің өңірлік IT-хабтарын дамытуға және басқа да бастамаларға бағытталған меморандумдар мен келісімдерге қол қою рәсімдері өтеді.

Kazakhstan Tech Solution Day Қазақстанның әлемдік цифрлық нарықтағы орнын нығайтуда маңызды қадам атқарып, тәжірибе алмасу мен жаңа іскерлік байланыстар орнатуға ықпал етеді. Бұл іс-шара елдің ІТ-саласындағы жетістіктерін ғана емес, сонымен қатар аймақтағы инновациялық экожүйені одан әрі дамытуға үлес қосады. Kazakhstan Tech Solution Day-дің бас демеушісі – жетекші қазақстандық технологиялық компания Kaspi.kz. Іс-шара инновациялық әрі цифрлық Freedom Bank пен көлік және қалалық қызметтердің ғаламдық платформасы inDrive қолдауымен өткізіледі. Бұл бизнестің Қазақстанның цифрлық әлеуетін дамытуға деген қызығушылығының жоғары деңгейін айқындайды.

Еске салсақ, 2024 жылдың 3-5 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасында Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясы өтіп жатыр. Бұл маңызды іс-шараға АТМЭӘК мүшелігіндегі 30-дан астам елдің министрлері мен жоғары лауазымды өкілдерінен тұратын 400-ден астам делегат қатысуда. Конференцияны БҰҰ АТМЭӘК пен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырып жатыр. Айтулы оқиға цифрландыру, инклюзия және тұрақты даму мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң болмақ.

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін