Central Asian Innovation Hubs технопарктер альянсы алғаш рет халықаралық аренада таныстырылды

Орталық Азияның ірі технопарктері Astana Hub пен IT Park Uzbekistan Central Asian Innovation Hubs бірыңғай брендімен Бакуде өткен INMerge Innovation Summit-ке қатысты. Өңірдің 8 стартабы өз жобаларын ұсынып, инвесторларға арналған питчингке қатысты. Аймақтың жетістіктерін көрсетіп, халықаралық ынтымақтастық аясында жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізді.


Инновациялық экожүйені дамытуға бағытталған саммит PASHA Holding ұйымдастыруымен өтті. Бұл іс-шара стартаптар мен инвесторлардың басын қосып, ынтымақтастық орнатуға және идеялар алмасуға жағдай жасады. Сонымен қатар қатысушылар арасында инновацияларды жеделдетуге арналған маңызды алаңға айналды. 

«INMerge Innovation Summit бізге жаңа ынтымақтастық орнатуға және дамуға жол ашады. IT-экожүйені дамытуда Орталық Азияның ерекше әлеуеті бар. Central Asian Innovation Hubs арқылы біз аймағымызды технологиялық инновациялар орталығына айналдыруға тырысамыз. Бұл тек инвестиция тарту ғана емес, халықаралық байланыс орнатып, жаңа нарықтарға қадам басып, озық технологиялармен бөлісу. Орталық Азия стартаптар мен IT-мамандар үшін әлемдік деңгейдегі хаб бола алатынына сенеміз, ал мұндай саммиттерге қатысу — осы мақсатқа жетудегі маңызды бастама. Күш біріктіріп, өңірімізді жаһандық инвесторлар мен ірі ойыншыларды тартатын қарқынды әрі инновациялық орталыққа айналдыра аламыз», – деді Мағжан Мәдиев, Astana Hub бас директоры.

«Орталық Азия өңірі технологиялар мен инновациялар саласында зор әлеуетке ие. Central Asian Innovation Hubs аймақтың үздік стартаптарының басын қосып, оларға халықаралық ресурстар мен инвестициялар ұсыну мақсатында құрылды. Бірлескен күш-жігермен Орталық Азияның әлемдік технологиялық алаңдағы орнын нығайтамыз деп сенеміз», – деді Фарход Ибрагимов, IT Park Uzbekistan бас директоры.

INMerge Innovation Summit аясында Central Asian Innovation Hubs бірлестігі мына стартаптарды таныстырды:

  • BeyimTech AI – оқушылар мен мұғалімдерге арналған жасанды интеллект негізіндегі жекелендірілген микрооқыту платформасы.
  • pwron.ai – деректерге негізделген нарықтық зерттеулерді сарапшылар қолдауымен жылдам ұсынатын зерттеулер мен стратегияларды әзірлеуге арналған AI-ассистент. Өнім бизнеске стратегиялық шешімдерді оңтайландыруға көмектеседі.
  • BEKSAR – шағын және орта бизнесті цифрландыруға маманданған стартап. Компания шешімдері сату мен қойма қорларын басқару процестерін автоматтандыруға көмектесіп, қаржыландыруға қол жеткізуді жеңілдетеді.
  • MultiCode – жүк вагондары операторларына арналған B2B SaaS, 80 000-нан астам вагонның кірісін арттыруға көмектесетін озық технологияларды ұсынады.
  • OSON – қаржылық қолжетімділікті арттыруға және интеграцияны жеңілдетуге бағытталған жылдам әрі ыңғайлы төлем платформасы.
  • RBoffice – компаниялардың бизнес-процестерін тиімді басқаруға арналған бұлтты шешім, ішкі операцияларды оңтайландыруға көмектеседі.
  • TRIDMO – 3D-дизайн және прототиптеу саласындағы стартап. Архитектура, дизайн және инженерия саласындағы мамандарға құнды болатын 3D модельдер мен анимациялар жасауға арналған шешімдер ұсынады.
  • IOTICS – интернет заттарға арналған платформа (IoT), өзара байланысқан әрі қауіпсіз құрылғылар желілерін құруға арналған шешімдер ұсынып, деректерді талдау мен басқаруды жеңілдетеді.

Стартаптар Paynet.az, Azercell, Greenpay, Pasha Bank, Pasha Pay, Holberton және басқа да компаниялармен келіссөздер жүргізді. Бұл іс-шараға қатысу арқасында стартаптар әлеуетті инвесторлар мен серіктестердің назарын аударып, қаржыландыру және стратегиялық ынтымақтастық орнату үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Central Asian Innovation Hubs-тың ауқымды халықаралық саммиттерге қатысуы инвестиция тартуға, инновациялық технологияларды дамытуға және аймақтың әлемдік аренадағы орнын нығайтуға ықпал етеді.

Пікірлер 13

Кіру пікір қалдыру үшін

🔥Супер!

Жауап беру

👍👍👍👍👍

Жауап беру

круто 🤩

Жауап беру

👍🏻👍🏻👍🏻

Жауап беру

кандай кушты фо риал👍🏻👍🏻

Жауап беру

керемет 👍🏻

Жауап беру

Супер 🔥.

Жауап беру