Astana Hub және ECO Network стартаптар арасында экологиялық стандарттарды енгізіп жатыр
Astana Hub ECO Network компаниясымен бірге стартаптар арасында экологиялық стандарттарды енгізе отырып, «жасыл кеңсе» құруға бет бұрып жатыр. Ынтымақтастық ESG - Environment, Social, Governance прнициптеріне сүйенетін бизнесті жүргізудің инновациялық тәсіліне негізделген. Оның мәні – компания жұмысын қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей етіп қайта құру.
Биыл «жасыл кеңсе» жобасы аясында 200 келіден астам қағаз, 130 келі пластик, 20 келі шыны және 12 келі алюминий жиналып, қайта өңдеуге жіберілді. Бұл бастама 4,420 литр суды үнемдеп, СО2 шығаруды 376 кг-ға азайтты және екі ағашты кесуден сақтап қалды. Astana Hub халықаралық IT стартаптар технопаркі инфрақұрылым кеңсесінің бас менеджері Евгений Юсупов өз сұхбатында «жасыл кеңсе» саясатын сақтаудың және ECO Network платформасымен ынтымақтастықтың маңызы туралы айтып берді.
Технопаркте қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеудің қандай жүйесі қолға алынды және ол қалай жұмыс істейді?
Біз Astana Hub павильондарын абаттандырумен жүйелі айналысамыз. Стартаптар мен технологиялық компаниялар үшін жұмыс орындарын ұйымдастырған кезде бөлме өсімдіктеріне ерекше мән беріледі. Пластикалық бөтелкелерді қабылдайтын аппараттар орнатылды, бөтелке тапсырған әр адамға жеңілдік бонустары беріледі. Пластмасса, қағаз, шыны мен темір бөлек жиналатын қоқыс жәшіктерін қойдық.
Astana Hub-та экология және қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қандай білім беру немесе ақпараттық науқандар өткізіледі?
Astana Hub мен Eco Network арасындағы серіктестік қоқысты қайта өңдеумен шектелмейді, ол экологияға саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталған, яғни адамдарды олардың қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы ойлануға, тұтынушылық әдетін қайта қарауға және қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайту жолдарын іздеуге шақырады. Бұл жан-жақты амалдар тұрақты болашақ құру үшін өте маңызды. Біз экологиялық сауат кездесулерін өткіземіз, қалдықтарды сұрыптау кезінде анықталған қателер туралы есеп және кемшіліктердің қайталануын алдын алу бойынша ұсыныстар жібереміз. Келісімшарт аясында Eco Network қызметкерлер мен компаниялар арасында дәріс өткізеді. Биыл осындай үш кездесу ұйымдастырылды. Коворкингтер мен кеңселерді аралау кезінде ECO Network өкілдерімен бірге қажет болса қызметкерлермен және компания өкілдерімен жеке сөйлесеміз.
Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу процесін ұйымдастыру кезінде қандай проблемалар мен қиындықтарға кезігесіздер?
Өкінішке орай, сұрыптау процесінің маңызын түсінетіндер аз. Жалқаулықтан шығар, кейбіреулердің қоқысты жәшікке апарып салуға құлқы жоқ. Деректерге сәйкес, қалдықтарды сұрыптау кезінде жиі кездесетін қателіктердің бірі - қайта өңдеуге келмейтін «қағаз» құтыларды, бір рет пайдаланылатын пластикалық бұйымдар мен пайдалану мерзімі біткен заттарды органикамен бір жәшікке жинау. Азық-түлік пен сусын қалдықтары қайта өңдеуге арналған контейнерлерді ластайды, нәтижесінде қайта өңделетін заттарды бүлдіріп, антисанитариялық жағдай туады. Көп адам кофенің қағаз құтысын қайта өңдеуге болады деп есептейді. Дегенмен, олардың пластикалық қаптамасы қоршаған ортаға да, адам денсаулығына да зиян. Бір рет қолданылатын ас құралдары мен ыдыстар, әсіресе сапасы төмен пластиктен жасалғандары қайта өңдеуге келмейді және жаһанның ластануына әкеп соқтырады. Ал бірнеше қайтара өңделген өнім - майлықтар сияқты заттарды одан әрі өңдеуге болмайды.
Astana Hub-та іске асырылған сәтті тәжірибе немесе бастамаға мысал келтіре аласыз ба?
Сәтті кейс бар. ECO Network-пен ынтымақтаспас бұрын, Hub Space бағдарламасына қатысушылардың бірі - Playrix компаниясы өз ниетімен коворкинг кеңістігінде қоқыс сұрыптауға арналған жәшіктер орнатты. Біз бұл мәселеге жан-жақты кіріскендіктен, енді қызметкерлердің де белсенділігі артып келеді. Astana Hub-тың белсенді кеңселері қоқысты қайта өңдеуден түскен ақшаны бөлме өсімдіктерін сатып алуға жұмсайды. Біз Astana Hub қатысушылары мен стартаптар арасында экологиялық әдет қалыптастыру мақсатын ұстанамыз. Қалдықтарды басқарудың инновациялық әдістерін біріктіру және экологиялық сауатты арттыру арқылы Astana Hub қауымдастықты неғұрлым тұрақты өмір салтын ұстануға ынталандырады.
ECO Network компаниясы өз кезегінде қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтарды сапалы жинау үшін Astana Hub-та шикізат жинау әдісін жетілдіруге күш салып жатыр.
«Біз жиналған қоқысты LS Astana қабылдау пункттеріне және Zeta дүкеніне өткіземіз, бұл шикізат контейнер, пленка, тұрмыстық бұйымдар және басқа да заттарды жасауға пайдаланылады. Сондай-ақ, сұрыптау және қайта өңдеу қоршаған ортаны қорғау үшін қолға алынған істің мыңнан бірі екенін еске саламыз. Әр адам «қоршаған ортаға қалай әсер етіп жатырмын, тұтынып жүрген нәрсеге шынымен мұқтажбын ба, экологиялық жағдайға кері әсерімді қалай азайтамын?» деп өзінен сұрауы тиіс. Осы сұрақтарды шешсек, бәріміз күш біріктіріп, планетамызды құтқара аламыз, өйткені оған қамқорлық жасау әр адамның күнделікті ісі», - деді ECO Network басқарушы серіктесі Әйгерім Жарылғапова.
Astana Hub пен Eco Network арасындағы ынтымақтастық біздің планетамызды тазалықта сақтау әрқайсымыздың күш-жігерімізді қажет ететін міндет екенін еске салады. Бұл серіктестік технологиялар мен бизнес саласындағы қоршаған ортаға бағытталған бастамалар үшін үлгі бола отырып, дамып жатыр.
Пікірлер 6
Кіру пікір қалдыру үшін
Laura Meir · Қыр. 17, 2024 01:03
👍👍👍
Kirill Grinenko · Ақп. 23, 2024 14:37
👍👍👍
ТОО ASTROBAKERS · Ақп. 12, 2024 14:43
👍👍👍
Sergei Shevtsov · Жел. 19, 2023 22:01
Как же классно, что есть такие инициативы и компании!
Ilias Zholaman · Жел. 14, 2023 18:30
👍👍 круто
Камшат Бердиева · Жел. 14, 2023 18:01
👍👍👍