«Мұндай нәтижеге біз бағдарламадағы трекердің қолдауымен қол жеткіздік. Біз алдын ала сатылымдар 3-4 есе аз болады деп ойлағанбыз. Оқудың бірінші айында-ақ біз бизнес-моделімізді қайта қарастырып, клиенттеріміз үшін тиімді ұсыныстар жасап, басымдықтар қоюды үйрендік. Бұның бәрі осындай көрсеткішке жеткізіп отыр», - дейді UvU негізін қалаушысы Мадияр Төлеуғали.
Бағдарламаның бірінші легі 8 шілдеде іске қосылды, стартаптарды оқыту қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Моңғолия және Тәжікстаннан Product/Market Fit, Scale сатыларындағы 15 үздік жоба іріктелді.
Бағдарламаға қатысушылар Google компаниясының үздік сарапшыларынан, Astana Hub-тың тәжірибелі трекерлер мен менторларынан бірегей мастер-кластар мен тәлімгерлікке, PR-қолдауға тегін қол жеткізді. Сонымен қатар, Astana Hub қатысушыларды тұру үшін пәтерлермен, коворкингпен қамтамасыз етті. Олар бизнес-процестерді, серіктестік байланыстарды тиімді құруды, масштабтауды үйренді, инвестициялар тартуға дайындалды. Стартаптар сондай-ақ Seed Money бағдарламасы бойынша 25 млн теңгеге дейін қаржыландыру алуға үміткер бола алады.
«Google for Startups және Astana Hub ұсынған Silkway Accelerator бірлескен акселерациялық бағдарламасы Орталық Азия үшін озық әрі бірегей болып табылады. Алғашқы қатысушылар қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетіп отыр және біз әлемдік компаниямен ынтымақтастығымызды жалғастырып, стартаптарға жобаларын тиімді түрде кеңейтуге көмектесетін екінші легті іске қосамыз. Мен стартаптарға осы бірегей мүмкіндікті пайдаланып, өз өтінімдерін белсенді түрде беруге кеңес беремін», - деп атап өтті Astana Hub даму және экспорт жөніндегі басқарушы директоры Абай Әбсамет.
Silkway Accelerator бағдарламасының екінші легі 2 қыркүйекте басталады. Естеріңізге сала кетейік, іріктеуге Орталық Азия, Әзірбайжан және Моңғолиядан келген стартаптар қатыса алады. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады, жобаларды Орталық Азия елдерінің сарапшылары мен Google Developers өкілдері кіретін арнайы комиссия бағалайды. Оқыту Нұр-Сұлтан қаласында офлайн-форматта 3 ай өтеді.
Silkway Accelerator-ға қатысу үшін өтінімдер сілтеме бойынша 21 тамызға дейін қабылданады - https://astanahub.com/l/silkway-accelerator.