Astana Hub Әзірбайжан елшілігімен ынтымақтастықты кеңейтуде
Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қызметкерлерінің мен Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Рахим оглы Атамоғланов мырзамен кездесуі өтті.
Кездесуге Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев, Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Рахим оглы Атамоғланов, Smart City Әзірбайжанның бас директоры Қуаныш Қалижанов, Даму және экспорт жөніндегі басқарушы директор Абай Әбсамет, халықаралық қатынастар, инвестициялар және экспорт басқармасының қызметкерлері қатысты.
Әңгімелесу барысында кездесуге қатысушылар Әзірбайжанның технологиялық технопарктерімен ынтымақтастық мәселелерін және қазақстандық инновациялық шешімдерін Әзірбайжан нарығына экспорттауды ынталандыру жоспарларын талқылады. Агалар Рахим оглы Атамоғланов мырза технопарк ұжымының атқарған үлкен жұмысын атап өтіп, алдағы уақытта ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.
Еске салайық, Astana Hub қатысушыларына 5 жылға дейін жеңілдетілген виза режимі, салық жеңілдіктері, тегін жұмыс аймақтары, акселерация және инкубация бағдарламаларына қатысу, сонымен қатар Астана IT-университеті мен «Әлем» мектебінен дарынды жас мамандарды тарту түріндегі мүмкіндітер ұсынылған.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін