5G инкубациясы – 5G технологиясының артықшылықтарын пайдаланатын жаңа цифрлық өнімдерді нақтылау және сынауға арналған халықаралық бағдарлама. Стартаптар Astana Hub негізіндегі 5G көмегімен шешімдерді сынау және әзірлеу үшін АТ-инфрақұрылымына қол жеткізе алады. Ал МТС тарапынан сараптамалық және гранттық қолдау көрсетіледі.
5G инкубациялық бағдарламасына қатысуға 2022 жылдың 27 ақпанына дейін өтінім беруге болады. Бағдарламаға дайын өнімі немесе MVP сатысында өнімі бар командалардың өтінімдері қабылданады. Қатысушы ретінде стартаптар зертханаларға, Astana Hub негізіндегі коворкинг кеңістігіне қол жеткізуге, салалық іс-шараларға қатысуға және МТС бизнес тұтынушылары мен клиенттеріне жобаны көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Тестілеу мен жөнге келтіру кезеңдерінен өткен жобаларды Мәскеу, Санкт-Петербург, Нижний Новгородта орналасқан МТС 5G сынақ аймақтарында және МТС серіктестерінің өндірістік алаңдарында іске қосуға болады.
Бағыттар бойынша шешімдерді іздеу:
- B2C үшін XR және телекөрсетілім.
AR/VR технологиялары мен голограммаларды пайдалана отырып, B2C пайдаланушыларының мәселелерін шешетін қызметтер.
- Өнеркәсіпке арналған AR/VR.
AR/VR көмегімен өндірістік процестерді оңтайландыру және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шешімдері.
- Ұшқышсыз және роботты шешімдер.
Бұлттық сервермен деректер алмасуды қажет ететін жердегі (AGV) немесе әуедегі көліктерді (ПҰА) пайдаланатын мобильді ұшқышсыз шешімдер.
- Машиналық көру.
Бұлтта деректерді өңдеуді қамтитын әртүрлі өндірістік циклдарда машиналық көруді қолданатын шешімдер.
- Техниканы қашықтықтан басқару.
Басқару орталығынан келетін командаларға ең аз жауап беру уақытын талап ететін өндірістік техниканы немесе көлікті қашықтықтан басқару шешімдері.