Astana Hub программалаусыз АТ-өнімдерін жасау бойынша мектепті іске қосты


5 сәуірде Astana Hub NOCODE School by Astana Hub бағдарламалаусыз IT-өнімдерді жасау бойынша экспресс-курстың бірінші күнін іске қосты. Оқуға Қазақстанның барлық қалаларынан, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан және Еуроодақ елдерінен 405 адам тіркелді.

Бірінші күні Astana Hub Adalo мобильді және веб-қосымшаларын жасауға арналған платформа негіздері бойынша кіріспе курсын өткізді. Қатысушылар конструкторды, пайдалану тарифтерін, платформаның интерфейсі мен мүмкіндіктерін зерттеді. Осы апта ішінде курс тыңдаушылары Adalo құралдарының толық пакетімен танысады және бағдарламаның екінші бөлімінде курс қатысушылары веб-сайттар мен Webflow интернет-дүкендерін құруға арналған платформаны зерттейтін болады.

Экспресс-курс онлайн-дәрістер форматында өтеді. Astana Hub жаңа бастап келе жатқан ноукодерлер қауымдастығында қазірдің өзінде оқуға толыққанды тартылған және өзінің жеке ИТ-өнімін жасауды жоспарлап отырған 336 адам бар.

Astana Hub алғаш рет nocode-құралдарды оқыту бойынша мамандандырылған курсты іске қосты, бұл курсты оқушылар, студенттер, стартаптар және болашақ фрилансерлер оқи алады.

Экспресс-курс 16 сәуірге дейін жалғасады.

Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

Можно было уже взять Appgyver и делать мобильные приложения.

Жауап беру