Astana Smart City Accelerator: елордада пилоттық режимде іске қосылатын 10 стартап анықталды
Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы Astana Hub және Astana Innovations-пен бірлесіп Astana Smart City акселерациялық бағдарламасының алғашқы кезеңін қорытындылады. 2 қазанда өткен таныстыру нәтижесінде қала деңгейінде пилотты жүргізіп, Astana Hub-тың Seed Money бағдарламасы аясында жобаларын дамыту үшін 5 миллион теңгеге дейінгі бастапқы қаржыландыру алатын 10 стартап анықталды.
Бағдарламаның аралық іс-шарасы (pre-demo) маңызды алаңға айналып, мұнда 20 қатысушы қалалық ортаны жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерін ұсынды. Жобаға барлығы 128 өтінім түсті, ал олардың 107-сі алғашқы іріктеуден өтті.
Бірінші кезеңде қатысушылар салалық сарапшылармен тікелей пікір алмасып, топтық воркшоптар мен жеке консультацияларға қатысты. Бұл олардың шешімдерін қаланың нақты қажеттіліктеріне бейімдеп, тиісті жетілдірулерді енгізуге мүмкіндік берді.
«Seed Money бағдарламасы аясында ұсынылатын қаржыландыру стартаптарға өз шешімдерін нақты жағдайда сынақтан өткізуге мүмкіндік беріп, жобаларын әрі қарай дамытып, сыртқы нарыққа шығаруға серпін береді. Сонымен қатар аймақтағы стартаптарға Astana Hub инфрақұрылымы, сарапшылардың кеңестері мен кері байланыс, B2G-кездесулерге ықпал ету ұсынылады», – деді Танат Өскембаев, Astana Hub басқарушы директоры.
Сараланған іріктеу нәтижесінде болашағы зор 10 стартап таңдалды, олар 5 миллион теңгеге дейін қаржыландыру алады:
- Protector AI – бейнежазбаларды талдауға арналған жасанды интеллект мүмкіндігі бар жүйе. Ол соққы, құлау және итеру сияқты зорлық-зомбылық сипаттарын анықтай алады.
- AdsIQ – қоғамдық көліктегі мониторларда контент пен жарнаманы басқаруға арналған жасанды интеллект негізіндегі жүйе.
- СПЛЭШ – экологиялық таза мобильді көлік жуу қызметін ұсынады, ол қала ішінде қоршаған ортаға зиян келтірмей автокөліктерді жууға мүмкіндік береді.
- HOOOD – цифрлық сыртқы жарнаманы (DOOH) басқаруға арналған платформа, ол жарнама берушілерге, әсіресе, шағын және орта бизнеске, жарнамалық науқандарды нақты уақыт режимінде іске қосып, бейімдеуге қолайлы құрал ұсынады.
- Autism spectrum – аутизмі бар балалар мен олардың ата-аналарына бағытталған Қазақстан аудиториясына арналған қосымша.
- Rationeel – бұлтты шешім мен мобильді қосымшаны біріктіретін гибридті жүйе. Ол бизнес-процестерді цифрландыру және деректерді жинауды оңтайландыруға бейімделген.
- i-ConS – құрылыс пен жөндеу жұмыстарын басқаруды, жобалардың бюджетін бақылауды және материалдарды қадағалауды жеңілдететін мобильді қосымша әрі веб-интерфейс.
- Green Cars – Қазақстанда электромобильдер инфрақұрылымын дамытумен айналысып, IT-платформа мен зарядтау станциялары желісін ұсынады.
- Hi Doctor – дәрігердің клиникалық көмекшісі рөлін атқаратын клиникалық шешімдерді қолдау жүйесі.
- qMed – қант диабеті, артериялық гипертензия мен созылмалы жүрек жеткіліксіздігі сияқты созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқаруға арналған платформа.
Бағдарламаның соңғы кезеңі – Demo Day іс-шарасы, мұнда қатысушылар өздерінің пилоттық жобаларының нәтижелерін әкімдік өкілдері мен салалық сарапшыларға ұсынады. Ең үздік IT-шешімдер қалалық инфрақұрылымда әрі қарай енгізу мүмкіндігіне ие болады. Осылайша, қала тұрғындарының өмірін жақсартуға озық технологияларды кіріктіруге мүмкіндік береді.
Пікірлер 14
Кіру пікір қалдыру үшін
Айгуль Тулеуова · Қаз. 29, 2024 11:40
Супер
Balzhan I · Қаз. 14, 2024 10:32
👍🏻
Erazamat Usir · Қаз. 10, 2024 17:14
удачи
Erazamat Usir · Қаз. 9, 2024 17:01
сильная молодежь
Erazamat Usir · Қаз. 9, 2024 17:01
очен сильно рад
Erazamat Usir · Қаз. 9, 2024 17:00
будущее казахстана
Erazamat Usir · Қаз. 9, 2024 17:00
саттилик
Erazamat Usir · Қаз. 9, 2024 17:00
катты унады идея
Erazamat Usir · Қаз. 9, 2024 16:59
желаю успехов
Erazamat Usir · Қаз. 9, 2024 16:59
удачи вам
Erazamat Usir · Қаз. 9, 2024 16:59
оте жаксы идея
Erazamat Usir · Қаз. 9, 2024 16:58
керемет
Alizhan Nurgazy · Қаз. 9, 2024 10:09
Отлично🔥🔥👍👏
Arman Zhalgasbayev · Қаз. 5, 2024 20:52
Congratulations! 🙌 I hope that some of these projects will actually be implemented and it will benefit the city 👍