Бағдат Мусин мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрландыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылғы 27-29 қазан аралығында Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Digital Bridge халықаралық форумы аясында цифрландыру саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.


Бағдат Мусин Президентке Стартаптар Саябағын - шетелдік нарықта сұранысқа ие табысты қазақстандық IT – компанияларды таныстырды. Сондай-ақ, министр азаматтардың мемлекеттік қызметтегі қолжетімділігін жеңілдету үшін екінші деңгейдегі банктер мен қаржы компанияларының қосымшаларымен ынтымақтастық туралы айтып берді. Министрдің айтуынша, мультиплатформалық тәсіл оң әсерін көрсетіп отыр.

 

Форумның ашылуына Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және сауда және интеграция министрлігінің өкілдері қатысып, өз қызметтеріндегі цифрландыруға қатысты негізгі жобаларды таныстырды. Презентация барысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар  берді.

Одан әрі Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Министр цифрлық даму саласындағы ағымдағы жағдай туралы баяндады. Ол Президенттің тапсырмасына байланысты мемлекеттік бағдарлама өңделіп, тиісті ұлттық жоба бекітілгенін атап өтті. Оның негізгі мақсаттарының бірі -  Цифрлық мемлекет құру.

«2000-шы жылдардың басынан бастап біз процестерді автоматтандыруға көңіл бөлдік. Жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Бірақ жаңа деңгейге көшу жаңаша ойлауды, жаңа тәсілдер мен технологиялық өзгерістерді қажет етеді. Қазір біз азаматтарға жақын болу, нақты өмірлік жағдайларды шешу міндетін қойып отырмыз. Осыған байланысты қызметтерді сандық экожүйелер платформаларына шығарамыз. Процестерді реинжинирингтеу бойынша жұмыс жүргізудеміз», - деп атап өтті Бағдат Мусин.

Сондай-ақ, министр Президентке Мемлекет басшысының 100 мың АТ-мамандарын даярлау жөніндегі тапсырмасына қол жеткізу жөніндегі ағымдағы қызметтері туралы баяндады.

«Бүгінгі таңда біз бағдарламаның өзекті болып қалуы үшін барлық мектептерде «виртуалды мұғалімді» енгізудеміз. Яғни бағдарламалау және информатика пәндері бойынша мұғалімдердің жетіспеушілігі мәселесін шешудеміз. ШҚО-да 150 мектепке арналған пилот іске қосылды. Жыл соңына қарай 5 заманауи АТ-мектеп, ал 2025 жылға қарай 20 мектеп іске қосылады. Қазірдің өзінде төрт жыл ішінде 20 мың ваучерді бөлу тетіктері әзірленді. Олардың алғашқы жүзін Digital Bridge форумы аясында табыстаймыз», - деді Бағдат Мусин.

Қазіргі уақытта 100 млн доллардан астам сомаға венчурлік қорлар – TCO, QTV + Quest, MOST және т.б. құрылды. Бұған дейін мемлекет қатысатын қорлар басым болған – мысалы, QazTechVentures.

Министрдің айтуынша, негізгі міндет - Қазақстанға халықаралық ойыншыларды тарту. 2024 жылға дейін жиынтық активтері 200 млн $ асатын қорлар құру жоспарланып отыр. Капитал, адам ресурстары және акселерациялық бағдарламалар сияқты үш құрамдас бөлікті дұрыс баптау кезінде Қазақстан мемлекет Басшысы қойған міндеттерге қол жеткізеді. 

Естеріңізге сала кетейік, Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы «Қазақтелеком» АҚ, BTS Digital, «Теңізшевройл» және «Транстелеком» компанияларының қолдауымен өтуде.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін